"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.05.2022 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығымен бекітілген |
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары
Тарау 1. Жалпы ережелер
1. Осы Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру тәртібін және шарттарын айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.05.2022 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия болған кезде жол беріледі.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) археологиялық жұмыстар – археологиялық қазбалар мен барлау жүргізу арқылы тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, зерттеу және сақтау жөніндегі жұмыстар;
2) археология ескерткіштері – тұрақтар, қалашықтар, көне кесендердің, қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, қорымдар, қорғандар, некропольдер, мегалиттік құрылысжайлар, тас мүсіндер, петроглифтер, ежелгі елді мекендердің тарихи-мәдени қабатының учаскелері және адамның өмірі мен қызметінің ізі бар өзге де орындар;
3) тарихи-мәдени мұра объектілері – тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым, техника, эстетика, этнология, антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан қызығушылық туғызатын, тарихи процестер мен оқиғалар нәтижесінде пайда болған, өздерімен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым, техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын объектілер;
4) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру тәртібі
4. Археологиялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Археологиялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.04.2025 № 158-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-1. Уәкілетті орган археологиялық жұмыстар жоспарын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға қалыптастырады.
Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.04.2025 № 158-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-2. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар ұсыныстарын уәкілетті органға жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде ұсынады.
Уәкілетті орган археологиялық жұмыстардың алдын ала жоспарын қалыптастыруды жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына дейін мерзімде қамтамасыз етеді және жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде бекітеді.
Археологиялық жұмыстардың бекітілген жоспарына өзгерістер енгізуді уәкілетті орган мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.
Ескерту. Қағидалар 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.04.2025 № 158-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін, бұл жөнінде уәкілетті органға хабар берілетін жұмыстарды қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына археологиялық жұмыстардың басталатыны туралы оларды бастағанға дейін он жұмыс күннен кешіктірмей хабар береді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.04.2025 № 158-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Археология ескерткішінде немесе тарихи-мәдени мұра объектісінде археологиялық жұмыстарды бастау алдында археологиялық жұмыстарды жүргізу болжанған археология ескерткіші немесе тарихи-мәдени мұра объектісі туралы архивтік-библиографиялық, ғылыми, музейлік материалдармен танысу және зерделеу жүргізіледі.
7. Археология ескерткішіндегі немесе тарихи-мәдени мұра объектісіндегі археологиялық жұмыстар олардың координаттарын айқындаумен, масштабтық сызғышты пайдаланумен жерді суреттік фиксациялаумен басталады. Суреттік фиксация археология ескерткіші немесе тарихи-мәдени мұра объектісі жерінің бедерлік ерекшеліктерін, аумағының топографиялық жағдайын бейнелеуі тиіс.
8. Археология ескерткішінде немесе тарихи-мәдени мұра объектісінде археологиялық жұмыстарды жүргізу процесінде археологиялық олжалар мен материалдардың табылуының әр сәтінің суреттік фиксациясы жасалады, археологиялық олжалар мен материалдардың тізбесі құрастырылады.
Археологиялық олжалар мен материалдардың тізбесінде археологиялық олжалар мен материалдардың табылған уақыты мен күні, орналасқан немесе шоғырланған орны көрсетіледі.
9. Археологиялық жұмыстар жүргізілген орын, сонымен қатар зерттелген және бұрын анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері 1:200 000 кем емес масштабта құрастырылған картада белгіленеді.
10. Жаңа тарихи-мәдени мұра объектілері анықталған жағдайда, олар жақын жерде орналасқан елді мекеннің атауымен, ал ол болмаған жағдайда жақын жерде орналасқан географиялық объектінің атауымен белгіленеді. Жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектісі туралы оны есепке алу шараларын қамтамасыз ету үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына хабар беріледі.
11. Археология ескерткішінде немесе тарихи-мәдени мұра объектісінде жүргізілген археологиялық жұмыстар нәтижесі туралы ғылыми есеп жасақталады.
12. Ғылыми есеп археологиялық жұмыстарды қаржыландырған ұйымға жолданады.
13. Ғылыми есеп мынадай ақпаратты қамтиды:
1) орындаушы-ұйымның атауы, ғылыми жетекші туралы мәліметтер;
2) ғылыми есептің атауы және оның түрі (қорытынды, аралық);
3) реферат;
4) мазмұны;
5) кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды;
6) пайдаланылған көздердің тізімі (библиография);
7) қосымшалар (суреттер, суреттік құжаттар және басқалар).
3-тарау. Археологиялық жұмыстарды жүргізу шарттары
14. Археологиялық жұмыстар жылдың далалық жұмыстар үшін қолайлы кезеңінде жүргізіледі.
Археологиялық жұмыстар қысқы мерзімде жүргізілген кезде, археологиялық ескерткіш немесе тарихи-мәдени мұра объектісінде оңтайлы температуралық режимді (Цельсий бойынша +10 градустан төмен емес) қамтамасыз ету үшін шатырлық жабдық, сонымен қатар жарық орнатылады.
15. Археология ескерткішінде немесе тарихи-мәдени мұра объектісінде салынатын қазба 2х2 шаршы метрден кем емес көлемге ие болуы тиіс.
16. Археологиялық жұмыстар қолмен жасау тәсілімен жүргізіледі және транспорттық техника қолдану қарастырылмайды.
17. Металл детекторын пайдалануға археологиялық жұмыстарды жүргізу кезінде зерттелген аумақтарда жол беріледі.
18. Сәулеттік-құрылыстық тарихи элементтерімен объектілер табылған жағдайда олардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
19. Археологиялық жұмыстар аяқталған соң археология ескерткішінің немесе тарихи-мәдени мұра объектісінің аумағынан үйінділер шығарылады, олардың жер қабатын қалпына келтіру, консервациялық жұмыстар қамтамасыз етіледі және осы процесстер суретке түсіріледі. Суреттер ғылыми есепке қоса беріледі.