"Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 148 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 20451 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 20 сәуірдегі № 148
Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 51 бұйрығымен бекітілген

Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2016 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды.

2-тарау. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібі

      2. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы не "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, е-лицензиялау www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және мынадай құжаттар ұсынады:

      1) көліктік қаптама комплектілерінің (бұдан әрі - КҚК) конструкциясын бекіту үшін:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      2) B (U) типті, С типті КҚК конструкциясын бекіту және уран гексафториді үшін:

      физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы;

      инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, КҚК конструкциясының толық сипаттамасы;

      жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;

      КҚК-ны пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;

      егер КҚК 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы;

      егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;

      көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, КҚК-ден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет төсеудің кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы;

      КҚК құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне;

      КҚК-нің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады;

      3) B (М) типті КҚК конструкциясын бекіту үшін осы тармақтың

      2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:

      тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;

      көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;

      тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет;

      4) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында КҚК конструкциясына сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану үшін:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      басқа елдің уәкілетті органы бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі;

      КҚК тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді портал арқылы берген жағдайда, өтінімге жоғарыда көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосышаға сәйкес "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, ал көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетіліп, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрінеді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде немесе қолданылу мерзімі өтіп өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындау үшін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушының өтінімді тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында өтінім берушінің "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде КҚК конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешімді дайындайды немесе көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолданады.

      ҚҚК конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешім көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен ресімделеді.

      КҚК конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы көрсетілетін қызметті берушінің тиісті бұйрығының көшірмесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі өтпестен бұрын бір тәуліктен кешіктірмей жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда (не оның өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша) жүзеге асырылады.

      ҚҚК конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тиісті бұйрықтың көшірмесін беру туралы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші жүгінген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті бұйрықтың көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің ҚҚК конструкциясын бекіту туралы шешімі 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешімі сертификат-рұқсаттың түпнұсқасында көрсетілген мерзімде қолданылады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      10. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге ______________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
  Кімнен _____________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған
жағдайда)/заңды тұлғаның
атауы)

Өтінім

      Сізден 20__ жылғы "___" ________ дейінгі мерзімге ____________ (толық атауы)

      көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекітуді/ немесе

      ____________________________ (сертификат-рұқсатты берген орган көрсетіледі) Қазақстан

      Республикасының аумағында сертификат-рұқсаттың күшін қолдануға рұқсат беруді сұраймын.

      Жеке тұлғаның/заңды тұлғаның мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Телефон, факс, электрондық пошта

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      Жеке тұлға/Заңды тұлғаның басшысы ________________________________ ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Толтырылған күні 20__ жылғы "___" ____________

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
2-қосымша

"Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы,
е-лицензиялау www.elicense.kz (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - дүйсенбіден жұмаға дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияның - жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс графикке сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электрондық кезек тәртібінде жүзеге асырылады;
3) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) көліктік қаптама комплектілерінің (бұдан әрі - КҚК) конструкциясын бекіту үшін:
өтінім;
2) B (U) типті, С типті КҚК конструкциясы және уран гексафторидіне бекіту үшін:
физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы;
инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, КҚК конструкциясының толық сипаттамасы;
жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;
КҚК-ны пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;
егер КҚК 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы;
егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;
көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, КҚК-ден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы;
КҚК құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне;
КҚК-нің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады;
3) B (М) типті КҚК конструкциясын бекіту үшін осы тармақтың 2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:
тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;
көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;
тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет;
4) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында КҚК конструкциясына сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану үшін:
өтінім;
басқа елдің уәкілетті органы бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі;
КҚК тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді портал арқылы берген жағдайда, өтінімге жоғарыда көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" бөліміндегі "Көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
порталда орналасқан;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары мемлекеттік органдардың www.gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" бөліміндегі "Көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
____________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесiнiң аты (болған жағдайда)
____________________________
____________________________
немесе заңды тұлғаның атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1) ______________________________;

      2) ______________________________.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ________________________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Телефон (бар болса) ___________

      Алдым: __________________________________ 20__ жылғы "___" __________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының қолы)

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

[МО атауы
(мемлекеттік тілде)]
МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 


[МО атауы (орыс тілінде)]
МО реквизиттері орыс тілінде

Өтінімді одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту


Нөмірі: [РҚ нөмірі]
Берілген күні: [РҚ берілген күні]

[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

[МО атауы], Сіздің [Өтінім берген күн] № [Өтінім нөмірі], өтініміңізді қарап,
___________________________________________________________________ хабарлайды.
[Бас тарту себебі]

[Қол қоюшының лауазымы]


[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]

 



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады