"Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысының жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 53 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 20513 болып тіркелді

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 (бұдан әрі – Жарлық) және "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17579 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Жарлықпен енгізілген төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде мынадай нормалардың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларында:

      осы нормалардың тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылатынын белгілене отырып, 5-тармағының және 6-тармағының бірінші абзацының:

      "5. Тұрақтандыру банкін, коммерциялық емес ұйымдарды және кредиттік бюроларды қоспағанда, акционерлік қоғам Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді есепті жылдың тиісінше 31 қаңтарынан, 31 мамырынан, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кешіктірмейтін мерзімде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      6. Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыста болмайтын эмитент Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабының 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ақпаратқа қосымша қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайын есепті тоқсанның соңғы күнінен кейінгі 40 (қырық) жұмыс күні ішінде мыналардан тұратын тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жария етуді жүзеге асырады:".

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады