"Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20530 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15344 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды (бұдан әрі - кадрлар) даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.";

      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) курстарды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік он төрт күн бұрын осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініммен (бұдан әрі - өтінім) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесіне жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) сәйкестендіру үшін жіберуші заңды тұлға басшысының жеке басын куәландыратын құжат (заңды тұлға басшысы құжаттарды ұсынған кезде);

      сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты (заңды тұлғаның уәкілетті өкілі құжаттарды ұсынған кезде);

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға құжаттарды ұсынған кезде);

      сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат, жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке тұлғаның өкілі құжаттарды ұсынған кезде);

      2) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға толтырылған өтінім.";

      мынадай мазмұндағы 9-2-тармағымен толықтырылсын:

      "9-2. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-3-тармағымен толықтырылсын:

      "9-3. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 9-1-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 1-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.

      Өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген кезде оның көшірмесіне күні мен кеңсе қызметкерінің тегі көрсетілген қабылдау туралы белгі қойылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қабылдау туралы өтінім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуге қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-4-тармағымен толықтырылсын:

      "9-4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      14. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      15. Шағымды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      16. Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      17. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.";

      осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 1-1 және 1-2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 105 бұйрығына 1-қосымша
  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау мен
олардың біліктілігін арттыру
қағидаларына
1-1-қосымша

"Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтінімнің көшірмесі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке және заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі: құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) сәйкестендіру үшін жіберуші заңды тұлға басшысының жеке басын куәландыратын құжат (заңды тұлға басшысы құжаттарды ұсынған кезде);
сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты (заңды тұлғаның уәкілетті өкілі құжаттарды ұсынған кезде);
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға құжаттарды ұсынған кезде);
сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат, жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке тұлғаның өкілі құжаттарды ұсынған кезде);
2) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға толтырылған өтінім.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы курстарды өткізу басталғанға дейін он төрт күнтізбелік күн бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/memleket/entities/sport "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы немесе Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 105 бұйрығына 2-қосымша
  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау мен
олардың біліктілігін арттыру
қағидаларына
1-2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
Көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
____________________________
не ұйымның атауы
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (атауы және заңды мекен-жайы)

      "Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15344 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 шілдеде жарияланған) бектілген Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларының 9-1-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Жоқ немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттардың атауы:

      1)________________________________________________________________________;

      2)________________________________________________________________________;

      3)________________________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы:_________________________________                  _________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

      Телефоны ____________________

      Алдым:___________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20__ жылғы "___"_________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады