"Орман қоры жері санатынан орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 және "Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20541 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігiнiң кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10481 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінің № 217 (28093) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасының Орман кодексі 51-бабының 1-1 тармағына сәйкес мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруға айрықша жағдайларда орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасының орман және жер заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде және:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге;

      2) халықаралық міндеттемелерді орындауға;

      3) кен орны учаскесінің астынан пайдалы қазбалар табылып, оларды игерудің баламалы нұсқалары болмауына;

      4) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды салуға;

      5) елді мекендердің шекарасы (шегі) өзгеріп, оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмауына байланысты ғана жол беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда орман қоры жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын отырғызуды және оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарын күтіп-ұстауды жүзеге асырады.

      Орман қорының жерлерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшін ауыстыру "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Орман қоры жерінің санатынан басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібі";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Комиссия құрамына:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының;

      2) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің;

      3) жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің;

      4) мемлекеттік орман иеленушінің;

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергілікті атқарушы органның;

      6) жұмыс органының;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері енгізіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жұмыс органы Комиссияның оң қорытындысы негізінде мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру мәселесі бойынша құрамына келесілер кіретін материалдарды қалыптастырады:

      1) орман қоры жерлерін ауыстыруға мүдделі тұлғаның жергілікті атқарушы органға жолдаған өтініші;

      2) орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт;

      3) масштабы 1:10000 орман картасының (планшетінің) көшірмелері;

      4) орман қорының жерін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарының орнын толтырудың орман иеленуші жасайтын есеп-қисабы;

      5) орман иеленушінің жазбаша келісімдеуі;

      6) қарауында орман иеленуші бар мемлекеттік органның жазбаша келісімдеуі;

      7) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жазбаша келісімдеуі;

      8) елді мекендердің шекарасы (шектері) өзгерген жағдайда жер учаскесінің орналасқан жері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімдеуі;

      9) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің жазбаша келісу;

      10) Комиссияның оң қорытындысы;

      11) сұралып отырған жер учаскесінің экспликациясы;

      12) осы тармақтың 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың бірінші басшылары келісімдеп, қол қойған объектілердің егжей-тегжейлі орналасуы көрсетілген сұралып отырған жер учаскесінің карталары;

      13) қоғамдық тыңдаулардың шешімі;

      14) орман қорының жерін ауыстыру пайдалы қазбалар игерумен байланысты болған жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмелері;

      15) аудандық маңызы бар қалалар кеңейтілген кезде облыстық және өкілді органдардың бірлескен шешімі және кенттер мен селолар кеңейтілген кезде аудандық (қалалық) жергілікті және өкілді органдардың бірлескен шешімі;

      16) орман қорының жері халықаралық міндеттемелерді орындаумен байланысты ауыстырылған кезде тиісті құжаттың көшірмелері;

      17) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды салу кезінде жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;

      18) жер қойнауын игеруге ауыстырғанда ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын отырғызуды және оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарын күтіп-ұстауды жүргізуге мемлекеттік орман иеленушімен келісім–шарт жобасы.";

      13-тармақ алып тасталсын;

      14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру мәселесі бойынша материалдар негізінде орман қорының жерін ауыстыруды мақұлдау туралы қаулы шығарады және он жұмыс күні ішінде аталған қаулыны осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген материалдармен бірге келісімдеу үшін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына жібереді.

      15. Уәкілетті орган материалдар келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға орман қорының жерін ауыстыруды келісімдеу нәтижелері туралы жауап береді.

      Уәкілетті орган материалдарды пысықтауға кері қайтарған жағдайда өтініш беруші оларды пысықтағаннан кейін уәкілетті органға қайта жіберу үшін оларды жергілікті атқарушы органға береді.

      16. Орман қорының жерін ауыстыру уәкілетті органмен оң келісімделген жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген материалдарды орман қорының жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлеу үшін он жұмыс күні ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген материалдар келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде тиісті Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын әзірлеп, оны мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік орман қорының жерін басқа санаттағы жерге ауыстыруға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жол беріледі.

      Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган материалдарды пысықтауға кері қайтарған жағдайда өтініш беруші ескертулерді түзеткеннен кейін пысықталған материалдарды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға қайта жіберу үшін оларды жергілікті атқарушы органға береді.

      Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі жобасын әзірлейді және мемлекеттік орман қоры жерлерін ауыстыру мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.";

      Көрсетілген Қағидаларға Орман қорының жер учаскесін таңдау туралы актісі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      2) "Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінің № 77 (28805) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) орман қорын қорғау, күзету, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы);

      2) мемлекеттік орман орналастыру ұйымы – уәкілетті органның қарауындағы "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметі орман ресурстарының есебін, орман қорын аумақтық орналастыруды, ормандардың мемлекеттік мониторингін, орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануды жоспарлауды қамтамасыз етуге бағытталған.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу тәртiбi";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) орман қорын қорғау, күзету, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы);

      2) мемлекеттік орман орналастыру ұйымы – орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның қарауындағы "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметі орман ресурстарының есебін, орман қорын аумақтық орналастыруды, ормандардың мемлекеттік мониторингін, орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануды жоспарлауды қамтамасыз етуге бағытталған.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу тәртiбi".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 101 бұйрығына
қосымша
  Орман қоры жерін орман
шаруашылығын жүргізумен
байланысты емес мақсаттар
үшін басқа санаттардағы
жерге ауыстыру қағидаларына
қосымша
  Нысан

Орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт

      Қазақстан Республикасы ____________________________ облысы ________________

      ауданы _________________ жылғы _______________ айының ________________ күні.

      Ереже (жарғы) негізінде әрекет ететін мемлекеттік орман иеленушінің өкілі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      бір тараптан және eкінші тараптан ереже (жарғы) негізінде әрекет ететін мемлекеттік

      органның, жеке немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі – өтініш беруші)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      төмендегілер туралы осы актіні жасады:____________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе мемлекеттік органның немесе

      заңды тұлғаның атауы)

      келіп түскен өтінішке сәйкес көрсетілген учаскеге тұрған күйінде тексеру жүргізілді.

      Тексеру кезінде мыналар анықталды:

      1. Учаске _______________________________________________

      (мемлекеттік орман иеленушінің атауы)

      ___________ орманшылығының _______________ орамында орналасқан.

      2. Тексерілген учаскеде _____________ гектар алаң бар, оның ішінде:

      орман, орман көмкерген _________ гектар,

      орман, орман көмкермеген _______ гектар,

      оның ішінде орман екпелері ________ гектар,

      алқаптар _________ гектар,

      шабындықтар ___________ гектар,

      жайсыз жерлер (батпақтар және басқалар) ______ гектар,

      жайылымдар _______ гектар,

      жолдар ___________ гектар,

      басқа жерлер ______ гектар.

      3. Орман көмкерген алқап мыналардан тұрады:

Жер атауы

Орам нөмірі

Телім

Учаске алаңы

Құрамы

Жас сыныбы

Жуандығы

Сүрек қоры

кәделік

отын














































      4. Тексерілген учаске ______________ өзенінің жиегі шекарасында

      орналасқан, оның орман қорынан бөлінуі жоларалықтарын жасамайды.

      5. Орман қорының санаты______________________________________________

      6. Учаскенің орман шаруашылығы ерекшеліктері __________________________

      ____________________________________________________________________

      7. Учаске мәлімделген мақсаттарға жарамды (жарамсыз), мынадай геологиялық-жер

      сипаттамасы бар: _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Бұдан бұрын орман қоры жерінен орман шаруашылығын жүргізуге

      байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстырылған

      жер учаскелерінің болуы және орналасуы: ________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (орам №, орманшылық, беру мақсаттары және учаскелер берілген ұйымның атауы

      көрсетілсін)

      9. Беруге жоспарланып отырған жер учаскелерін пайдалану мақсаттары:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      10. Әкімшілік ауданның ормандануы _____________________________________

      11. Сұралып отырған алқапты беру шарттары:

      а) беру мерзімі _______________________________________________________

      б) рұқсат етілетін тазарту және жерді томарлардан тегістеу мөлшері__________

      в) учаскені алушының міндеттемесі _____________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      12. Акт жасау кезінде мынадай ескертпелер мен ұсыныстар жасалды, оның ішінде

      сұралып отырған учаскені беру мүмкіндігі немесе оны беру мүмкін еместігі туралы,

      басқа нұсқаның жоқтығы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қолдары:

      Орман иеленушінің өкілі: ______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Өтініш беруші:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                  (лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Орман шаруашылығы ұйымының басшысы______________________________

      ___________________________________________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады