РБ
|
03
|
5
|
410
|
001
|
000
|
051
|
Ғылыми зерттеулерді жүргізу
|
Гранттық қаржыландыру қаражаты Ұлттық ғылыми кеңестің (бұдан әрі - ҰҒК) шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады.
Шығыстарға мынадай шығындар жатады:
1) еңбекке ақы төлеу - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттар мен жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ғылыми қызметкерлердің және қаржылық-экономикалық және заңгерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбегі үшін оларға берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
2) қызметтік іссапарлар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаны іске асыруға байланысты іссапарлар;
3) өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар - ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің зерттеулерді орындауға қажетті көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар жұмыстарды орындаушылар көрсетіліп және жұмыстардың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері толық жазылып ұсынылады;
4) материалдар сатып алу - зерттеулерді орындау үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;
5) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу;
6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу - талдама материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
7) үй-жайларды жалға алу - жоба бойынша ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар;
8) жабдықтар мен техниканы жалға алу - жоба бойынша ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алуға байланысты шығыстар;
9) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары - зерттеулерді орындау үшін жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар;
10) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
(111, 112, 113, 114, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 139, 144, 149, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 414, 416, 419).
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың қаражаты ҰҒК шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады.
Шығыстарға мынадай шығындар жатады:
1) еңбекке ақы төлеу - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ғылыми қызметкерлердің және қаржылық-экономикалық және заңгерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбегі үшін оларға берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
2) қызметтік іссапарлар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға байланысты іссапарлар;
3) өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар - ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар жұмыстарды орындаушылар көрсетіліп және жұмыстардың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері толық жазылып ұсынылады;
4) материалдар сатып алу - зерттеулерді орындау үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;
5) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу;
6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу - талдама материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
7) үй-жайларды жалға алу - бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар;
8) жабдықтар мен техниканы жалға алу - бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алуға байланысты шығыстар;
9) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары - зерттеулерді орындау үшін жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар;
10) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
(111, 112, 113, 114, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 139, 144, 149, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 414, 416, 419).
|
"Білім турал" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-тармағы, "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17938 болып тіркелген).
|
РБ
|
03
|
5
|
410
|
001
|
000
|
075
|
Қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру
|
1) шығыс материалдарын, жиһаздар, мүкәммалдар сатып алуға;
2) қызмет көрсетуді қоса алғанда, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;
3) әдебиеттер, оқу басылымдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;
4) оқу-материалдық базаны нығайтуға;
5) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру, кәсіби білім беруді ұйымдастыру, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және өткізу үшін тартылатын штаттан тыс мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;
6) оқу, ғылыми және әдістемелік материалдарды басып шығаруға;
7) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға;
8) тамақтану мен мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыруды қоса алғанда, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, оқыту тренингтері, олимпиадалар, мерейтойлық іс-шаралар жүргізуге, ақпараттық материалдар сатып алуға;
9) электрондық ақпараттық ресурстарды немесе оларды пайдалану құқығын сатып алуға;
10) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға;
11) үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алуға;
12) кәдесый өнімдерін сатып алуға;
13) оқу және ғылыми мақсаттарға арналған бейнероликтер, бейнефильмдер, аудиожазбалар дайындауға;
14) білім беру қызметін қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеуге;
15) көлік құралдарын, сондай-ақ оларға қызмет көрсету жөніндегі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуге, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуге және өткізуге байланысты іссапарларға;
17) байланыс қызметіне, жарнама және көлік қызметтеріне ақы төлеуге;
18) қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және өткізу шеңберінде банктік қызметтерге ақы төлеуге жұмсалады (131, 135, 136, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 159, 161, 162, 169, 413, 414, 416, 419).
|
Сол сияқты
|