"Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 5 мамырдағы № 271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 мамырда № 20608 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-25) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-25) тармақшасына, сондай-ақ 48-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарына сәйкес әзірленген (бұдан әрі - ИКАО).

      2. Осы Қағидалар азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау, сертификат беру тәртібін, "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ шетелдік ұйымдардың авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификаттарын тану тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты:

      жоспарлы сертификаттау кезінде (бастапқы немесе бұрын берілген сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін);

      ұйым қызметінің аясын кеңейту қажет болған жағдайда беріледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға www.egov.kz, www.elicensе.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін ұйымның сертификатын алуға/тануға арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім), осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның басшы құрамы туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-Стандарт) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасымен бірге жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.

      мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Өтініш берушінің портал арқылы "жеке кабинетіне" жіберген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алудың күнін, орнын көрсету мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      8-2. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Уәкілетті ұйым құжаттарды, олар түскен күні тіркейді

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтер, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаттарын беру үшін бюджетке алым төленгенін растауды уәкілетті ұйым "электронды үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

      9-2. Өтініш беруші Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын Стандартта көзделген тізбеге сәйкес ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым ұсынылған құжаттардың Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарының талаптарына сәйкестігін тексереді, порталдағы өтініш берушіге "жеке кабинетке" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу (АТ ТҚ және Ж) жөніндегі ұйымының сертификатын алуға өтінім бойынша шешімін сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу кезеңін көрсете отырып жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 17-1 және 17-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "17-1. Сертификаттық зерттеп-қарау актісі негізінде және қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу қажет болмаған жағдайларда уәкілетті ұйым авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын не Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      17-2. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.";

      18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізу Қағидаларына сәйкес қамтамасыз етеді.

      19. Уәкілетті ұйым қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган басшысының атына берілуі мүмкін.

      өтініш берушінің шағымы, мекенжайға түскен:

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті ұйым оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      20. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Уәкілетті ұйымның нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Сертификаттың қолданылу саласын кеңейту кезінде өтініш беруші уәкілетті ұйымға азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін осы Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды жібереді.".

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 5 мамырдағы
№ 271 бұйрығына
1-қосымша
  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымды сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның басшы құрамы туралы мәліметтер

      1. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның бағаны

      Басқару персоналын көрсету:

Басшы

Инженерлік-авиациялық қызметтің басшысы (азаматтық әуе кеменің пайдаланушысы үшін)

Сапаны бақылау басшысы

      2. Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда):

      3. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның лауазымы:

      4. Азаматтық авиация саласындағы біліктілік:

      5. Азаматтық авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі:

      6. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның атауы:

      7. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым сертификатының нөмірі:

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 5 мамырдағы
№ 271 бұйрығына
2-қосымша
  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымды сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
3-1-қосымша

"Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
(қолжетімдік арналары)

Портал арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру мерзімі - 22 (жиырма екі) жұмыс күні.
Авиациялық инспекторлардың қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу жағдайларында қарау мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.
2. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мерзімі:
1) ұйымның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны немесе заңды және нақты мекенжайы өзгерген жағдайда - 5 (бес) жұмыс күні;
2) сертификаттың қолданылу саласы кеңейген жағдайда - 22 (жиырма екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 554-бабының 7-тармағының 5) тармақшасымен айқындалатын тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері штат санына байланысты мыналарды құрайды:
әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету кезінде:
штат саны кезінде:
10 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 346 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 382 айлық көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 400 айлық көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 419 айлық көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық көрсеткіш;
201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 455 айлық көрсеткіш;
әуе кемелеріне мерзімдік техникалық қызмет көрсету кезінде:
штат саны кезінде:
10 адамға дейін - алым төленетін күні 418 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 436 айлық есептік көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 454 айлық есептік көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 472 айлық есептік көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 491 айлық есептік көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 509 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 527 айлық есептік көрсеткіш;
жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, бөлшектелген компоненттерге техникалық қызмет көрсету кезінде - алым төленетін күні қолданыстағы 218 айлық есептік көрсеткіш;
әуе кемелері мен олардың агрегаттарының және жиынтықтаушы бұйымдарының жай-күйін бұзбай бақылау әдісін қолдану кезінде - алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріне, авиақозғалтқыштары мен авиациялық техниканың жиынтықтаушы бұйымдарына бақылау-қалпына келтіру жұмыстары кезінде (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары):
штат саны кезінде:
10 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 47 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 69 айлық есептік көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 272 айлық есептік көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 290 айлық есептік көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 309 айлық есептік көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 327 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 345 айлық есептік көрсеткіш;
әуе кемесінің интерьерін жаңарту кезінде (қайта жабдықтау) - алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттары бойынша пысықтауды орындау кезінде - алым төленетін күні қолданыстағы 218 айлық есептік көрсеткіш;
әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жиынтықтаушы бұйымдарды (агрегаттарды), оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатып күрделі жөндеу кезінде:
штат саны кезінде:
10 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 528 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 546 айлық есептік көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 564 айлық есептік көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 582 айлық есептік көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 601 айлық есептік көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 619 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 637 айлық есептік көрсеткіш.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін:
1) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға/тануға өтінім:
авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі;
авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның басшы құрамы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
2) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін:
еркін нысандағы өтінім;
ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның бұрын берілген сертификатының электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Заңның және ИКАО авиациялық талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің - www.miid.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі деген интернет-ресурста орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады