БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы аясында оларды өткізу кезінде, жекелеген тауарларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 14 желтоқсанда "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған № 12402, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген), келесі өзгерістер қажет:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы аясында, кейбір тауарларды өткізу кезінде, оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге әкетілетін, тізбеге енгізілген тауарлар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды мен атауы Тізбеге енгізілген тауарлар туралы мәліметтердің тауарлар туралы ақпараттармен қатынасы көрсетілген тауарларды өткізу кезінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 тіркелген) электрондық шот фактурада (бұдан әрі – электрондық шот-фактура):
электрондық шот-фактураның G бөлімінің 2-бағанында көрсетілген тауардың шығу тегі:
үшінші елден әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірін және декларацияланатын тауардың реттік нөмірін;
үшінші елден әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарға арналған декларацияның 32-жолында көрсетілген тауардың реттік нөмірін;
бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің нөмірі, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы нысаны 2009 жылғы 11 желтоқсанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдары арасында жанама салықтардың төленген сомалары туралы, ақпараттарды электрондық түрде алмасу туралы хаттамасымен бекітілген (бұдан әрі - тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш);
бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің 1-бағанында көрсетілген тауардың реттік нөмірін;
Қазақстан Республикасында өндірілген тауарды өткізген жағдайда – СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (№ 10235 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеме Тізімінде тіркелген);
аумағына тауар әкетілетін ЕАЭО мүше мемлекеттің әріптік кодын;
ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына тауарды әкеткен жағдайда – межелі пунктті;
тауардың атауын;
ЕАЭО СЭҚ ТН кодын;
санының (көлемінің) өлшем бірілігін көрсетумен, тауарлардың санын (көлемін) көрсету арқылы жүзеге асырылады.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметтері департаментіне, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |
Тауарға арналған декларациялар мен электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжаттары ретінде куәландыру туралы өтініш №____
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына
Тізбеге енгізілген тауарларды әкетуге байланысты
____________________________________________________________
(мемлекетті көрсетіңіз)
тауарлардың декларациялары (ТД) мен электрондық шот- фактуралардың (ЭШФ) мынадай көшірмелерін тауарлардың ілеспе құжаты ретінде растауыңызды өтінем:
№ | Құжат көшірмесінің түрі (ТД немесе ЭШФ) | ТД немесе ЭШФ құжатының тіркеу нөмірі (тиісінше) |
1 | ||
2 | ||
… |
Куәландырылған шот-фактураға түзетілген, қосымша шот-фактураларды жазу, тауарлардың декларациясына түзетулер берілген, сондай-ақ куәландырылған шот-фактура кері қайтарылған, күші жойылған жағдайда, электрондық шот-фактуралардың, тауарлар декларациясының алдында куәландырған көшірмелері қолдануға жатпайды.
Ескертпе:
* Кесте куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшiрмесiнiң әрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады.
Тауарға ілеспе құжаттарын куәландырудан бас тарту
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен
ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды
әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабы
4-тармағына сәйкес
_____________________________________________________________
(аумақтық мемлекеттік кірістер органның атауы)
Сізді _________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)/атауы)
_____________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру номері/бизнес-сәйкестендіру номері)
тауарға ілеспе құжаты ретінде куәландыру туралы өтінішке қоса берілген тауарлардың
ілеспе құжаты ретінде мынадай көшірмелерді куәландырудан бас тарту туралы
хабарлайды:
№ | Құжат көшірмесінің түрі | Тіркеу нөмірі |
1 | ||
2 | ||
… |
Мынандай себептер бойынша Өтініштерді тіркеу журналындағы кіріс нөмірі:
__________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
_____________________________________________________________
аумақтық мемлекеттік кірістер орган басшысының қолы
Электрондық шот-фактуралардың және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің көшірмелерін тауарға ілеспе құжаттар ретінде куәландыру туралы өтініш №___
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының
аумағына әкелінген Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды
және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттің аумағына әкетуге байланысты
____________________________________________________________
(мемлекетті көрсетіңіз)
электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) және тауарларды әкелу және жанама салықты
төлеу туралы өтініштің көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыруды
өтінем
№ | Құжат көшірмесінің түрі (ЭШФ) және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш | ЭШТ тіркеу нөмірі және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің нөмірі |
1 | ||
2 | ||
… |
Куәландырылған шот-фактураға түзетілген, қосымша шот-фактураларды жазу, тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішті кері қайтарылған, сондай-ақ куәландырылған шот-фактура кері қайтарылған, күші жойылған жағдайда, электрондық шот-фактуралардың, тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің алдында куәландырған көшірмелері қолдануға жатпайды.
Ескертпе:
*Кесте куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшірмесінің әрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады
Электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжаттар ретінде куәландыру туралы өтініш №___
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, Тізбеге енгізілген тауарларды,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетуге байланысты
____________________________________________________________
(мемлекетті көрсетіңіз)
олар бойынша СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы
сертификаты бар электрондық шот-фактуралардың (ЭШТ) мынадай көшірмелерін
тауарға ілеспе құжат ретінде растауыңызды өтінем:
№ | Құжат көшірмесінің түрі (ЭШТ) және СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат | ЭШТ тіркеу нөмірі және СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың нөмірі |
1 | ||
2 | ||
… |
Куәландырылған шот-фактураға түзетілген, қосымша шот-фактураларды жазу, сондай-ақ куәландырылған шот-фактура кері қайтарылған, күші жойылған жағдайда, электрондық шот-фактуралардың, СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың куәландырған көшірмелері қолдануға жатпайды.
Ескертпе:
*Кесте куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшірмесінің әрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады.
Салықтық тексеру жүргізу туралы өтініш
I-бөлім. Салықтық тексеру жүргізу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Хаттама), Хаттама күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан әкелінген Тізбеге енгізілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге байланысты салық тексеруін жүргізуді сұраймын –
____________________________________________________________
(мемлекетті көрсетіңіз)
II-бөлім. Салық төлеушінің келісімі
Біз (Мен) осы өтініштің шеңберiнде салықтық тексеру жүргізуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келiсiмдi беремiз (беремін).
III-бөлім. Салық төлеушінің жауапкершілігі
Біз (Мен) осы өтініште келтірілген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығына Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершілікте боламыз (боламын).
____________________________________________________________
Салық төлеушінің басшысының (уәкілетті өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы және мөрі
____________________________________________________________
Өтінішті табыс еткен күні
IV-бөлім. Мемлекеттік органның белгісі
____________________________________________________________
Өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы
____________________________________________________________
Өтініштің кіріс нөмірі және қабылдау күні