"Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № ҚР ДСМ-46/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20620 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ -45 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11795 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 11 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-46/2020 бұйрығына
қосымша
  "Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларын бекіту
туралы"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 544 бұйрығына өзгеріс
енгізу туралы"

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелде емдеуге жіберу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар пациенттер өз бетінше шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге барған жағдайларға қолданылмайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттары бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мәселелері бойынша үйлестіруші орган (бұдан әрі – Жұмыс органы);

      3) комиссия – уәкілетті орган құратын, оның құрамына уәкілетті органның өкілдері, арнайы мамандандықтардың дәрігерлері, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері кіретін бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу жөніндегі сараптама комиссиясы;

      4) уәкілетті органның қарамағындағы республикалық денсаулық сақтау ұйымы-денсаулық сақтау ұйымдары, автономды білім беру ұйымдарының денсаулық сақтау ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары;

      5) бейнеконференцбайланыс – нақты уақыт режимінде бірнеше қашықтағы абоненттердің аудио - және бейнеақпаратпен алмасу мүмкіндігімен интерактивті өзара іс-қимылы үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен байланыс қызметі;

      6) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН) - жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір.

2-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) денсаулық сақтау субъектілері арқылы көрсетеді. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы қорытындысы түрінде өтініштерді қабылдауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

      3. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;

      3) пациенттің сырқатнамасынан үзінді көшірме (жарамдылық мерзімі кемінде 30 (отыз) жұмыс күні.);

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсырған сәттен бастап - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      5. Пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысын алудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) жеке тұлға мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) жеке тұлғаның осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбауы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және(немесе) дұрыс емес құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      6. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Республикалық денсаулық сақтау ұйымына осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Республикалық денсаулық сақтау ұйымы құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы қорытындысын шығарады және оны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің маманы Республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы қорытындысын көрсетілетін қызметті алушыға бір жұмыс күні ішінде береді.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына шағым беру арқылы шағымданады.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымымен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      8. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің dsm.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу тәртібі

      11. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу төмендегілерге сәйкес жүзеге асырылады:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне.

      12. Республикалық денсаулық сақтау ұйымы жұмыс органының қарауына қағаз жеткізгіште және электрондық форматта мынадай құжаттарды енгізеді:

      1) пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) бұрынғы мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізілген зерттеулердің (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) және консультациялардың нәтижелерін қамтитын республикалық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған пациенттің ауру тарихынан үзінді;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы.

      13. Жұмыс органы республикалық денсаулық сақтау ұйымынан пациентті шетелге емдеуге жіберу туралы қорытынды келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде деректерді жұмыс органының сайтында орналастырылған "күту парағы" ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      14. Жұмыс органы жыл қорытындысы бойынша шетелдік медициналық ұйымдарға тәжірибе, емдеу тиімділігі, елдер бөлінісінде емдеудің неғұрлым оңтайлы құнына және нозологиялар бойынша талдау жүргізеді.

      Жұмыс органы жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу үшін шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) келісу және бекіту үшін комиссияға жібереді.

      15. Жұмыс органы 1 (бір) күнтізбелік жылға Тізбеге сәйкес шетелдік медициналық ұйыммен нозология бойынша бағалар прейскурантымен бекітілген стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасады.

      16. Азаматтарды шетелге емделуге жіберу туралы қорытынды шығару үшін жұмыс органы:

      1) республикалық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулар тізбесіне және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкестігін қарайды;

      2) азаматтарды шетелге емделуге жіберу үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысын алған күннен бастап пациентті емдеу тізбесіне, бағдарламасына және оны көрсету мерзіміне арналған шығыстардың калькуляциясын (бұдан әрі – баға ұсынысы) шетелдік медициналық ұйымдардан сұратады;

      3) шетелдік клиникаға жіберілетін пациенттерді емдеу бағдарламасын пысықтау үшін шетелде емдеуді ұсынған бейінді республикалық денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлерін тартады және олармен электрондық пошта, телефон және басқа да қолжетімді байланыс құралдары арқылы шетелдік медициналық ұйым ұсынған емдеу бағдарламасын келіседі;

      4) шетелдік медициналық ұйымдардың мамандары пациенттің жай-күйі туралы қосымша ақпарат сұрау салған жағдайда, сұрау түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шетелдік медициналық ұйымдармен телемедициналық консультациялар ұйымдастырады.

      Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру нәтижелері бойынша жұмыс органы комиссияға 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымынан алған пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу туралы қорытындыны, сондай-ақ осы Қағиданың 5 және (немесе) 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу туралы жұмыс органының ұсынымын, осы Қағиданың 12-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.

      17. Комиссия қызметіне басшылықты комиссияның отырыстарында төрағалық ететін комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары жүзеге асырады.

      Комиссияның ұйымдастыру қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Комиссия хатшысының функцияларын уәкілетті органның маманы орындайды.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды. Комиссияның құрамын уәкілетті орган уәкілетті органның өкілдері, жұмыс органының мамандары, бейінді мамандықтар дәрігерлері, түрлі аурулар кезінде азаматтарға көмек көрсету жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатарынан қалыптастырады.

      Комиссия мүшелері оның қызметіне ауыстыру құқығынсыз қатысады. Комиссияның кезекті отырысын комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары белгілейді.

      Комиссия хатшысы комиссия отырысына дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын Комиссия мүшелеріне пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы шетелдік клиникалар ұсынған емдеу бағдарламасын электрондық пошта арқылы жібереді.

      Комиссия отырысы күндіз, сондай-ақ онлайн бейнеконференцбайланыс арқылы (комиссия мүшесі әртүрлі өңірлерде болған жағдайда) өткізіледі.

      Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

      Комиссияның шешімі комиссия отырысына қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссияның шешімі электрондық нысанда хаттамамен ресімделеді және Комиссияның барлық мүшелері электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе қолдардың түпнұсқаларымен қағаз жеткізгіште қол қояды.

      18. Комиссия шешім қабылдайды:

      1) пациентті шетелге емделуге жіберу туралы;

      2) шетелге емделуге жіберуден бас тарту туралы;

      3) негіздей отырып, пациенттің құжаттарын қарау мерзімдерін ұзарту туралы;

      4) шетелдік мамандарды тарта отырып, мастер класс шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда шетелге емделуге үміткер пациентті емдеуді жүргізу туралы;

      5) шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда мастер класс шеңберінде емделуге жіберуден бас тарту туралы;

      6) жұмыс органының шетелдік клиникаларға емделуге ақы төлеу міндеттемесі туралы кепілдік хатын беруі туралы;

      7) емдеу бағдарламасын өзгертумен емдеуді жалғастыру және емделуші емделуде болған кезеңде шарт сомасын ұлғайту қажеттілігі туралы;

      8) комиссияның ерте қабылданған шешімінің күшін жою туралы;

      9) Тізбені келісу және бекіту туралы.

      19. Жұмыс органы Комиссияның пациентті шет елге емделуге жіберу туралы хаттамалық шешімі негізінде шетелдік медициналық ұйыммен Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызметтер көрсетуге немесе отандық медициналық ұйымдарда мастер класс шеңберінде емделуге бюджет қаражаты есебінен шетелдік мамандарды тарта отырып, комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шарт жасасады.

      Шетелдік медициналық ұйымда пациентті емдеуді мақұлдау кезінде пациент немесе оның заңды өкілі келесіге қол қояды:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес шетелге жіберу ережесі туралы пациенттің келісімі;

      2) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес пациенттің фото және бейне түсіруге келісімі;

      3) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес пациентті Қазақстан Республикасының халығынан шетелде емдеуге арналған қаржылық алымдардан бас тарту туралы пациенттің келісімі.

      20. Жұмыс органы пациенттің және еріп жүретін адамның (бөгде адамның күтіміне мұқтаж балаларға және (немесе) адамдарға) емделуге және жол жүруге арналған шығыстарын төлеуді жүргізеді.

      Жұмыс органы шетелдік медициналық ұйымға шарт жасалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шарттың жалпы сомасының 70%-нан аспайтын мөлшерде пациентті емдеу бойынша авансты төлейді.

      Түпкілікті ақы төлеу шетелдік медициналық ұйым орындалған жұмыстардың қорытынды актісін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады (еркін нысанда).

      Ұзақ мерзімді емдеу кезінде жұмыс органы орындалған жұмыстардың аралық актілері бойынша ақы төлейді.

      21. Пациентті шетелдік медициналық ұйымға кезең-кезеңмен араласуды талап ететін емдеуге жіберу кезінде кезең-кезеңмен емдеу көзделеді.

      Кезең-кезеңмен емдеу кезінде пациенттің, сондай-ақ еріп жүретін адамның жол жүруіне ақы төлеуді жұмыс органы жүзеге асырады және комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.

      Кезең-кезеңмен араласуды талап ететін емдеудің әрбір кезеңіне ұзақ мерзімді емдеу кезінде жұмыс органы қосымша келісім жасайды. Қажет болған жағдайда қайта транспланттау пациентіне жаңа шарт жасалады.

      22. Шетелдік медициналық ұйыммен жасалған шарттың қолданылу мерзімі емдеу әдістері мен ұзақтығына байланысты белгіленеді.

      23. Жұмыс органына шетелдік медициналық ұйымның пациенттің шетелде болған кезеңінде емдеуді жалғастыру қажеттігі туралы ұсынымын ұсынған кезде жұмыс органы емдеу бағдарламасын Республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарымен қарайды және келіседі.

      Жұмыс органы келісу нәтижелері бойынша шетелдік медициналық ұйым ұсынған медициналық құжаттарды және осы шетелдік клиникада емдеуді жалғастырудың орындылығы туралы қорытындыны Комиссияның қарауына шығарады. Жұмыс органы шетелдік медициналық ұйымды комиссия қабылдаған шешім туралы ол қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті бюджет қаражаты есебінен шет елге емделуге жіберу туралы қорытындысы

Пациенттердің деректері

1

2

3

1

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


2

Туған күні


3

Мекенжайы


4

Толық клиникалық диагноз


5

Қосалқы диагноз


6

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


7

Ұсынылатын емдеу (нақты манипуляцияны көрсету)


8

Пациентті шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы шешім

1. Мұқтаж
2. Мұқтаж емес (қажеттісінің астын сызу)

9

Шетелдік мамандарды тарта отырып, пациентті емдеуге жіберу қажеттілігі туралы шешім

1. Мұқтаж
2. Мұқтаж емес (қажеттісінің астынсызу)

10

Бұл технология Қазақстан Республикасының бірде-бір денсаулық сақтау ұйымында орындалмайтынын растау


11

Күтілетін емдеу әсері


12

Ағзалар мен тіндерді транспланттауға жіберілген жағдайда донорлардың болуы/болмауы туралы мәліметтер қоса беріледі

1. Үлгілеу деректері (қоса беріледі) - иә/жоқ
2. Туыс донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі) - иә/жоқ
3. Елде донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі) – иә / жоқ
4. Халықаралық тіркелімдердегі алдын ала іздестіру деректері (қоса беріледі) – иә / жоқ

13

Үлгілеу деректері (қоса беріледі)

иә / жоқ

14

Туыс донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі)

иә / жоқ

15

Елде донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі)

иә / жоқ

16

Халықаралық тіркелімдердегі алдын ала іздестіру деректері (қоса беріледі)

иә / жоқ

17

Қорытындының толтырылған күні


      Осы қорытындыға қол қоя отырып, денсаулық сақтау ұйымының басшысы ұсынылған деректердің дұрыстығына жауапты болады

      Республикалық денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі /_________/________________/

      (қолы) Б.О. (Т.А.Ә. (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
2-қосымша
  нысан

"Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

2

3

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (ЖАО).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру денсаулық сақтау субъектілері арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсырған сәттен бастап - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсыруының рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 (отыз) минут;
Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

осы Ережедегі 1-қосымшаға сәйкес пациентті бюджет қаражаты есебінен шет елге емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2015 жылдың 23 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
3) пациенттің ауру тарихынан үзінді (ескіру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) жеке тұлға мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) жеке тұлғаның осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған. dsm. gov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген. dsm. gov. kz мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
  жіберу қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі

      1. Мидың хирургиялық қол жетімсіз функционалдық маңызы бар салаларында оқшаулануына байланысты емдеудің радиохирургиялық әдісін (гамма-пышақ) талап ететін артериовенозды мальформациялар және ісіктер.

      2. Эндоваскулярлық емдеуге арналған бас ми діңі тамырларының, жұлын миының артериовенозды мальформациялары және артериялық аневризмалар.

      3. Трансоральді алып тастау үшін бас сүйектің негізінің ісіктері.

      4. Радиохирургиялық емдеуді талап ететін көздің қатерлі ісіктері (гамма-пышақ, радиоактивті аппликаторлар).

      5. Кератопротездеу.

      6. Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауды талап ететін аурулар, ересектер мен балалардың гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық және туыстық трансплантациялауды қоспағанда, нозологиялардан басқа, бұл әдістеме тәжірибенің болмауына байланысты Қазақстан Республикасында орындалуы мүмкін емес.

      7. Көмейдің стеноздары.

      8. Трахея стеноздары.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
4-қосымша

Бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі

      1. Көрсетілімдері болған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған 18 жасқа дейінгі балалар.

      2. Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметшілері.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
5-қосымша

Бюджеттік қаражат есебінен пациентті шетелге емделуге жіберудің орындылығы туралы жұмыс органының ұсынымы

Пациенттің деректері

Ескертпе

1

2

3

1

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)


2

ЖСН


3

Туған күні


4

Мекен жайы


5

Толық клиникалық диагноз


6

Ілеспе диагноз


7

Жүргізілген емдеу


8

Жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулер


9

Пациентті шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы

1. Мұқтаж
2. Мұқтаж емес (қажеттісінің астын сызу)

10

Шетелде медициналық орталықтарда емдеу құны

1.

2.

3.

11

Пациентті шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы

1. Мұқтаж
2. Мұқтаж емес (қажеттісінің астын сызу)

12

Калькуляциямен емдеу бағдарламасы (қоса беріліп отыр)


13

Ұсынылатын шетелдік медициналық ұйым (ел)


14

Жолдаудың басымдығы


15

Алып жүруге мұқтаждығы (себебін көрсету)


16

Емдеуге жатқызуға жіберу мерзімдері


      Жұмыс органының басшысы /____________/___________________________/

                                          (қолы) Б.О. (Т.А.Ә. (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
6-қосымша

Бюджет қаражаты есебінен шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда мастер класс шеңберінде емделуге үміткер пациентті емдеуді жүргізу туралы жұмыс органының ұсынымы

Пациенттің деректері

Ескертпе

1

2

3

1

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


2

ЖСН


3

Туған күні


4

Мекен жайы


5

Толық клиникалық диагноз


6

Ілеспе диагноз


7

Жүргізілген емдеу


8

Жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулер


9

Пациентті шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы

1. Мұқтаж
2. Мұқтаж емес (қажеттісінің астын сызу)

10

Отандық клиника (мастер-класс ұйымдастырушысы)


11

Тартылатын маман туралы мәлімет (ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қажетті құжаттар тізбесі, шетелдік маманды таңдау туралы негіздеме)


12

Гонорар құнының калькуляциясы


13

Оқу бағдарламасы


14

Емдеу жүргізу мерзімі


15

Ескертпе


      Департамент директоры /___________/____________________/

                                    (қолы) Б.О. (Т.А.Ә. (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
7-қосымша
  ____________________________
жеке куәлік №_________
ЖСН
________________________
тұратын мекенжайы___________
тел.: ________________________

Шетелге жіберу ережесі туралы пациенттің келісімі

      Мен, (астынсызу) пациент/заңды өкіл ____________________________________,

                                          (пациенттің/заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)

      осымен _______ _ _ клиникаға емделуге барумен байланысты барлық ықтимал

      тәуекелдерді түсінемін және өзіме қабылдаймын _________________________

                                                      (клиниканың атауы)

      ___________________________________________________________________

                        (ел, қала, клиниканың мекенжайы)

      _____кезеңнен бастап, ______аяқталғанға дейін.

      Осымен жұмыс органының мамандары мені (менің баламды) бюджет қаражаты есебінен емдеуге жіберген клиниканың координаттары, рейстер туралы ақпаратты маған жеткізгенін, сондай-ақ бағдарламамен, емдеу түрлері мен шарттарымен ақпараттандырғанын растаймын.

      Шетелдік медициналық ұйымда амбулаториялық емдеуде болған (менің балам) кезеңде (менің) тамақтануды, тұруды, дәрілік заттарды, трансфер мен т.б. қоса алғанда, барлық шығыстарды өз қаражатымның есебінен төлеуге міндеттенемін.

      Емделуде болатын шетелдік емдеу ұйымының/клиниканың ішкі тәртіп ережелерін (режимін) қатаң сақтауға міндеттенемін.

      Қажет болған жағдайда, менің диагнозым туралы, менің ауруымың ауырлық дәрежесі мен сипаты туралы менің туыстарыма, заңды өкілдеріме және үшінші тұлғаларға ақпарат беруге рұқсат етемін.

      Елге ұшып шығу бас тартқан жағдайда (__________) электрондық және факсимильді байланыс арқылы (_____________ электрондық мекен-жайға жазып және нөмірлері бойынша қоңырау шалып, жұмыс органын дереу хабардар етуге міндеттенемін:________). Авиабилетті қайтарған және/немесе айырбастаған жағдайда тарифті қолдану ережесіне сәйкес айыппұл сомасын Агенттікке дербес төлеуге міндеттенемін. Жұмыс органының бірінші талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келгеннен кейін кез келген белгілі тәсілмен және/немесе электрондық мекенжайға медициналық құжаттарды және шетелдік клиникада кешенді медициналық ем алудың барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты (үзінді көшірме) беруге міндеттенемін:

      Мен ақпараттандырылған келісімнің мәтінін оқыдым, осы құжаттың мағынасын түсіндім және мақсаты түсінікті екенін растаймын. Осы ақпараттандырылған ерікті келісім медициналық көмек алудың барлық кезеңіне жасалған сәттен бастап жарамды. Мен аталған клиникада маған (менің балама) медициналық араласуға келісімімді беремін.

      Мен ережелері маған түсіндірілген осы құжаттың барлық тармақтарымен таныстым (таныстым) және келісемін (келісемін), маған түсінікті және ұсынылған көлемде тексерілуге және емделуге өз еркімен келісімімді беремін.

      20___ж. "____" ____________

      _________________________/ қолы /

      /

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
8-қосымша

Пациенттің фото және бейнетүсірілімге келісімі

      Мен, ______________________________________________________,

                        (ата-анасының немесе заңды өкілінің аты-жөні)

      тегін фото мен бейнетүсірілімге, сондай-ақ фото мен бейнематериалдарды тек қана мынадай мақсаттарда пайдалануға келісім беремін:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ сайтында орналастыруға;

      Медициналық ұйымның жарнамалық бейне және фотоматериалдарында және баспа өнімдерінде орналастыруға.

      Мен фонды өзгерту және сапасын жақсарту үшін фото және бейнематериалдарды өңдеу мүмкіндігі туралы хабардар болдым.

      Осы келісім ақпаратты сақтау мерзімі ішінде қолданылады.

      Мен осындай келісім бере отырып, өз еркіммен және өз мүддеммен әрекет ететінімді растаймын.

      / _____________/________________________/___________ /

                  Қолы             қолды таратып жазу             күні

      \

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
9-қосымша

Пациенттің Қазақстан Республикасының халқынан шетелде емделуіне қаржылық алымдардан бас тарту туралы келісімі

      Мен, ______________________________________________________,

      Қазақстан Республикасының азаматы шетелдік медициналық ұйымда емделуге Қазақстан Республикасының және басқа да республикалардың азаматтарынан ақша жинаудан бас тартуға келісім беремін.

      Мен емделу бюджет қаражаты есебінен төленетіні туралы хабардармын.

      Мен осындай келісім бере отырып, өз еркіммен және өз мүддеммен әрекет ететінімді растаймын.

      /_________________/ _____________________ / ______________ /

                  Қолы             қолды таратып жазу             күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады