БҰЙЫРАМЫН:
1. "Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) базалық тарифтік жоспар - абоненттік төлемсіз аванстық есеп айырысу тәртібі бар және ұялы байланыстың негізгі қызметтерін қамтитын тарифтік жоспар;";
2-тармақтың 12) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"12) есеп айырысу кезеңі - кредиттік есеп айырысу тәртібі бойынша ұялы байланыс операторымен абонентке көрсетілген ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлейтін есептік кезең аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік отыз күн.
13) есептік кезең - кредиттік есеп айырысу тәртібі бойынша күнтізбелік бір айға тең ұялы байланыс қызметтері көрсетілген және есептелген уақыт кезеңі. Кредиттік есеп айырысу тәртібін көздейтін тарифтік жоспардың есептік кезеңі оған қосылған күннен бастап келесі айдың ұқсас күніне дейін басталады;";
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Ұялы байланыс қызметтерін абонентке ұялы байланыс операторы осы Қағидаларға сәйкес онымен шарт жасасқан сәтінен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұсынады. Аванстық есеп айырысу тәртібін көздейтін тарифтік жоспарлар бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартта белгіленген тәртіпте және шарттарда, сондай-ақ тиісті тарифтік жоспарлардың шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
26. Ұялы байланыс операторы абоненттерге ұсынылатын тарифтік жоспарлар мен акциялық ұсыныстарды қалыптастырады. Тарифтік жоспарлардың тізбесін, оларға қосылған ұялы байланыстың негізгі және қосымша қызметтерін және олардың тарифтерін, оларды пайдалану шарттарын, қолданыс мерзімін, абоненттік төлемді өндіріп алу кезеңділігін, енгізілген қызметтердің көлемін оператор дербес айқындайды және операторға қолжетімді тәсілдермен абоненттердің назарына жеткізіледі.
Бұл ретте ұялы байланыс операторы аванстық есеп айырысу тәртібін және бір күнтізбелік айға тең байланыс қызметін көрсету мерзімімен абонеттік төлемді көздейтін тарифтік жоспарлардың бірін қалыптастырады.
Тарифтік жоспарда көзделген бір қызметтің көлемі аяқталған кезде ұялы байланыс операторы абонентті осы тарифтік жоспармен көзделген басқа қызметтерді алуға шектемейді. Сондай-ақ, ұялы байланыс операторы тарифтік жоспарда көзделген қызметтің көлемі аяқталған кезде абонентті бұл жайлы хабардар етеді және қосымша қызмет көлемі үшін төлемді тек оның келісімі арқылы алады.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Ұялы байланыс операторы базалық тарифтік жоспарға өзгерістерді абонентке бұл туралы өзгерістер енгізілгенге дейін кемінде күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қысқа мәтіндік хабарлама арқылы хабарлай отырып, жылына бір реттен кем емес енгізеді;
Базалық тарифтік жоспарға қосылуды ұялы байланыс операторы:
1) осы тарифтік жоспарды дербес таңдаған абонент үшін;
2) абонент басқа тарифтік жоспарды дербес таңдамаған жағдайда, жойылған тарифтік жоспардың абоненті үшін;
3) абонент басқа тарифтік жоспарды дербес таңдамаған жағдайда, нөмірді басқа ұялы байланыс операторының желісінен ауыстыру қызметін пайдаланған абонент үшін жүзеге асырады.";
39-тармақ алып тасталсын;
42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Кредиттік есеп айырысу кезінде ұялы байланыс операторының шотына ұялы байланыс қызметтерін төлеу үшін жеткілікті ақша түсуі қажет етілмейді. Абонент байланыс қызметтерін ақшалай қаражатты алдын ала төлемей пайдаланады және оларды есептік кезең ішінде төлейді. Ұялы байланыс операторы абонентке ұялы байланыс операторының қолданыстағы тарифтеріне сәйкес ай сайын шотты ұсынады. Абонент алған ұялы байланыс қызметтерінің және өзге де қызметтердің құны есептік кезеңде қосылады.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
А. Жумагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі