БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 қарашада Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім) қызметінің үлгілік қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабына сәйкес әзірленген кәсіптік стандарттар (болған жағдайда) негізінде (бұдан әрі – кәсіптік стандарт), "Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген ТжКБ-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде (бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктілік бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары болмаған жағдайда), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген) бекітілген техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген) Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқу процесінің қатысушылары студенттер, педагогтер және кәмелетке толмаған студенттердің заңды өкілдері болып табылады.";
23, 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.
24. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтер саны және педагогтер лауазымдарының тізбесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына және 44-бабының 9-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалады.
25. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары педагогінің лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
36, 37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"36. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогі "Міндетті медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) сәйкес жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
37. ТжКБ-да алқалық басқару органдары құрылады. ТжКБ-ны алқалық басқарудың нысандары – педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер болып табылады.
38. Кітапханалар қорының болуы толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне қарай және оқыту тілдері бойынша үлгілік оқу жоспарларына, ТжКБ білім беру бағдарламаларына сәйкес баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматында қалыптасады.".
мынадай мазмұндағы 42, 43, 44 және 45-тармақтармен толықтырылсын:
"42. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну мақсатында "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес басшы кадрлар мен педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
43. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бар мамандықтар бойынша ТжКБ ұйымдарында білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
44. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін материалдық активтердің (оқу кабинеттері, компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандырылу, оқу зертханалары, өндірістік шеберханалар, полигондар, спорт залдары, медициналық пункттер, асханалар немесе буфеттер), ғимараттардың (оқу корпустары, өндірістік шеберханалар): меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес алаңы бар оқу үй-жайларын сенімгерлік басқару), сондай-ақ ТжКБ ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы қажет.
45. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың жатақханаларда, хостелдерде және қонақүйлерде тұруы үшін жағдай жасайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабына сәйкес әзірленген кәсіптік стандарттар (болған жағдайда) негізінде (бұдан әрі – кәсіптік стандарт), "Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген ОБК-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде (бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктілік бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары болмаған жағдайда), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген) бекітілген техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Білім алушылар, кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері, педагогтер ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру процесінің қатысушылар болып табылады.";
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.
22. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтер саны және педагогтер лауазымдарының тізбесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына және 44-бабының 9-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалады.
23. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог лауазымдарына орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"34. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогі "Міндетті медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) сәйкес жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
35. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық және педагогикалық этика жөніндегі кеңестер болып табылады.".
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Кітапханалар қорының болуы толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне қарай және оқыту тілдері бойынша үлгілік оқу жоспарларына, ОБК білім беру бағдарламаларына сәйкес баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматында қалыптасады.";
39, 40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда толықтырылсын:
"39. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну мақсатында "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес басшы кадрлар мен педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
40. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бар мамандықтар бойынша білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
41. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін материалдық активтердің (оқу кабинеттері, компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандырылу, оқу зертханалары, өндірістік шеберханалар, полигондар, спорт залдары, медициналық пункттер, асханалар немесе буфеттер), ғимараттардың (оқу корпустары, өндірістік шеберханалар): меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес алаңы бар оқу үй-жайларын сенімгерлік басқару), сондай-ақ ОБК ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы қажет.
42. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың жатақханаларда, хостелдерде және қонақ үйлерде тұруы үшін жағдай жасайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Сот төрелігі академиясының, ӘАОО-ның басшыларын қоспағанда, ЖОО ректоры жыл сайын стратегиялық даму және даму жоспары бойынша басқару органдары алдында есеп береді, сондай-ақ оқу жылының аяқталуы бойынша қоғамдастықпен ЖОО-ның оқу, ғылыми-зерттеу және қаржылық қызметі мәселелері жөнінде есеп беру кездесулерін өткізеді.";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. ЖОО-ның персоналды (қызметкерлерді) басқару оның кадрлық саясатына сәйкес жүзеге асырылады, ол адам ресурстарын дамыту, рекрутингті, жоғары оқу орнының басшы кадрларын, педагогикалық және ғылыми қызметкерлерін даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын меритократия қағидаттарына негізделеді.
Бұл ретте, Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖОО басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде бес жылда бір рет тиісті сертификат (куәлік) ала отырып, менеджмент саласындағы біліктілікті арттыру курстарынан және (немесе) тағылымдамадан өтуі қамтамасыз етіледі.
16. ЖОО жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлер кандидатураларына қойылатын талаптарды "Білім туралы" Заңның 43-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметкерлер лауазымдарың біліктілік сипаттамаларын айқындау арқылы белгілейді.
Бұл ретте, ЖОО дәрістердің оқуын ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылыми атақтары (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор), сондай-ақ тиісті ғылымдар бойынша магистр дәрежесі бар оқытушылармен және (немесе) қызметінде өтілі кемінде үш жыл немесе бейін бойынша кемінде бес жыл практикалық өтілі бар аға оқытушылармен қамтамасыз етеді.
Дәрістерді оқуға және (немесе) басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе тәжірибелі мамандар тартылады.
ӘАОО-да және Сот төрелігі академиясында дәріс сабақтарын өткізуге, білім алушылардың дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік етуге "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына және 5-2 бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған мамандар жіберіледі.";
26-тармақ алып тасталсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. ЖОО жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін және білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын бекітеді.
Бұл ретте "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 – 2019, 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысымен бекітілген тиісті оқу жылына арналған тиісті білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім беру гранты құнының кемінде 30%-ын құрайтын ақылы негізде бір білім алушыға ЖОО-ның ең төменгі шығындарының тиісті оқу жылына арналған сәйкестігі қамтамасыз етіледі.
ЖОО-да КеАҚ нысанында құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстары (курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар) мәтінді пайдалану және басқа тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны (парафраз) өзгертусіз сөйлемдердің және пікірлердің синонимдік ауыстырумен бөтен мәтінді пайдалану (бұдан әрі – бөтен мәтінді пайдалану) нысанына тексеруден өтеді.
Бөтен мәтінді пайдалану нысанына тексерудің қағидалары мен тәртібін ЖОО бекітеді.
Бөтен материалды пайдалануды анықтау жүйелерінде тексерілген дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының базасында сақталады.
Оқытушылардың және ғылыми қызметкерлердің басылымға шығаруға ұсынылған ғылыми жұмыстарын бөтен мәтінді пайдалануды анықтау жүйелерінде тексеруге рұқсат етіледі.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. ЖОО осы қағидалардың нормаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
Бұл ретте білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушы кез келген ЖОО-ға қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан ауыстырылады немесе қайта қабылданады.
ЖОО білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырылған (қайтарып алынған) немесе таратылған жағдайда осы ЖОО-ның білім алушысы өз оқуын жалғастыру мақсатында лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырылу (қайтарып алу) немесе тарату күннен бастап бір семестр мерзімде және (немесе) жазғы және қысқы демалыс кезеңінде басқа ЖОО-ға ауысады.
Егер ЖОО білім алушы жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, ол оқудан шығарылғаннан кейін ғана ауыстырылады және қайта қабылданады.
Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру "Білім туралы" Заңның 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып, өз қалауынша басқа ЖОО-ға ауысады.
Білім алушының ауысуы кезінде қабылдайтын ЖОО даярлау бағытын және білім беру бағдарламасының бейінін, білім алушының оқу жетістіктерін, сондай-ақ білім алушының академиялық адалдықты бұзған жағдайларын ескереді. Білім алушының ауысуы немесе қайта қабылдануы кезінде оқыту нәтижелерін қайта есептеу үшін ЖОО тиісті комиссияны құрайды.
Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауысады.
Студенттерді, магистранттарды, резидентура тыңдаушыларын және докторанттарды басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ғa немесе өзге де ЖОО-ға ауыстыру білім алушылардың білім беру грантының құнындағы айырмашылығын қосымша төлеу шартымен жүзеге асырылады.
Шығармашылық даярлықты қажет ететін білім беру бағдарламалар тобынан басқа білім беру бағдарламалар тобына білім алушының ауысуы "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленген өту балынан төмен емес балы бар ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
Шетелдік ЖОО-лардан білім алушылардың ауысуы білім берудің тиісті деңгейі, білім беру саласы және қабылдау жылы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан және (немесе) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар ЖОО-да жүзеге асырылады.
ӘАОО-да білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидалары "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес бекітіледі.";
36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында жоғары оқу орны еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ESG-исиджи) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін құрады, ол мыналарды қамтиды:
1) сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат;
2) бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту;
3) студентке бағдарланған оқыту, сабақ беру және бағалау;
4) білім алушыларды қабылдау, олардың үлгерімі, тану және сертификаттау;
5) оқытушылар құрамы;
6) оқу ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі;
7) ақпаратты басқару;
8) жұртшылықты хабардар ету;
9) тұрақты мониторинг және бағдарламаларды мерзімді бағалау;
10) сыртқы мерзімді сапаны қамтамасыз ету.
Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖОО факультетінің (мектептің) базасында білім беру бағдарламаларының мазмұны және оларды іске асыру жағдайы бойынша, бағалау саясаты және факультеттің (мектептің) өзге де академиялық мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын, білім беру бағдарламалары және (немесе) пәндер/модульдер сапасының сәйкес келуіне, академиялық адалдықты бұзу фактілерінің болуына білім алушылар арасында сауалнама ұйымдастыратын Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылады.
Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның құрамына оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және ЖОО-ның басқа академиялық қызметкерлері кіреді. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысына ЖОО-ның әкімшілік-басқару қызметкерлерінің өкілдері қатысады.
37. Академиялық адалдық оқыту процесінің негізі болып табылады және оны іске асыруды ЖОО қамтамасыз етеді.
Академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары:
1) академиялық жұмыста адалдық пен өзара сыйластықты қалыптастыратын негізгі институционалдық құндылық ретінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету;
2) жоғары әдеп құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған академиялық адалдықтың әділетті және объективті қағидаларын бекіту;
3) басқа білім беру ұйымдарының верификацияланатын транскриптері негізінде білім алушының кредиттерін қайта есептеудің нақты тетігін және рәсімін анықтау жолымен білім алушының жүйелі және үздіксіз оқу траекториясын қамтамасыз ету;
4) академиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін оқытушы ретінде оқытушыға құрмет көрсету
5) академиялық адалдықты ілгерілету және қорғау үшін білім беру процесінің қатысушыларын көтермелеу және ынталандыру;
6) оқытушының пәннің нақты саясатын, білім алушыдан күтілетін талаптарды анықтауы;
7) оқытушының білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нақты параметрлері саясатын анықтауы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін шаралар қабылдау;
9) білім алушыларға білім беру, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсететін және академиялық ұждансыздықты көрсетуді алдын-алуға көмектесетін академиялық ортаны жасау.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Кәсіптік практика кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады.
Кәсіптік практика оқу, педагогикалық, зерттеу, өндірістік және диплом алды деген түрлерге бөлінеді.
ЖОО кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
Бұл ретте "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласының білім алушылары үшін педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын ЖОО білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес әзірлейді және бекітеді.
Негізгі білім беру бағдарламасын (Major) (мейжор) және қосымша білім беру бағдарламасын (Мinor) (минор) іске асыру кезінде негізгі білім беру бағдарламасының (Major) (мейжор) бейініне сәйкес келетін ұйым (кәсіпорын) практика базасы ретінде айқындалады.
Кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысаны ЖОО-мен айқындалады.
Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны білім беру бағдарламамен айқындалады.
Кәсіптік практиканы өткізу үшін база ретінде кәсіптік практикаға жетекшілік ету үшін білікті кадрлары мен материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.
ӘАОО-да кәсіптік практика мен тағылымдаманың барлық түрлері бойынша бағдарламаларды әзірлеу және бекіту тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары білім алушыларының кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен айқындалады.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. "FХ" "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда оқу пәнінің (модульдің) бағдарламасын қайталап өтпей-ақ ЖОО-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды бір реттен артық емес қайта тапсыруға рұқсат беріледі.
"F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда білім алушы осы оқу пәніне (модульге) қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды тапсырады.
Транскрипте FX және F бағаларымен қоса барлық қорытынды бағалары көрсетіліп, білім алушы игеріп алған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдер жазылады.";
46-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бітірушіге бакалавр немесе магистр дәрежесін беру немесе тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "маман" біліктілігін беру;";
49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған" немесе "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: кешенді емтиханды тапсыра алмаған" деп басшының бұйрығымен ЖОО-дан оқудан шығарылады.
ӘАОО-да қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", 2012 жылғы 13 ақпандағы "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", 2014 жылғы 23 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған" немесе "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: кешенді емтиханды тапсыра алмаған" деп ЖОО-дан оқудан шығарылады.
50. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын игергенін растаған және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға аттестаттау комиссияның шешімімен тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері немесе маман біліктілігі тағайындалады және қосымшасы бар диплом тегін негізде беріледі.
Диплом қосымшасында оқудың және (немесе) ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының барлық түрлері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білімді бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің басқа түрлері бойынша А, А – "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ кешенді емтихан және (немесе) диплом жұмысын (жобасын) А, А – "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.";
63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"63. ЖОО Ұлттық білім беру деректер қорымен біріктірілген және білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің (веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру орта) және кең жолақты әрі жоғары жылдамдықты интернетке қосылған тармақталған компьютерлік желінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, ЖОО ректоры білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен әкімшілік деректер нысандарын толтырудың толықтығын, нақтылығын және уақтылығын қамтамасыз етеді.
Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖОО жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті жылдағы қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері бар ақпаратты ЖОО сайтында орналастырады.
64. Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖОО-да тиісті жағдай жасау үшін қажетті материалдық активтердің (дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, өндірістік шеберханалардың, полигондардың, спорт залдарының), ғимараттардың (оқу корпустарының): меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару, немесе мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен жоғары оқу орындары үшін кемінде 5% сенімгерлік басқару құқығында тиесілі, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген) бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін оқу үй-жайлары мен ауданының болуы, сондай-ақ ЖОО-ның, ғимараттарында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың бар болуы ЖОО қызметінің міндетті шарты болып табылады.
ЖОО басқа қалалардан келген білім алушылардың тұруы үшін жатақханаларда, хостелдерде және қонақүйлерде жағдай жасайды.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 1-қосымшасында:
"
D- | 1,0 | 50-54 |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
D | 1,0 | 50-54 |
"; |
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген бекітілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгі қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. "Педагог мәртебесі туралы" Заңның 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарының жетекші персоналының, оқытушыларының біліктілік санатын арттыру (растау) кемінде бес жылда бір рет жүзеге асырылады.".
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға арналған үздіксіз білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын мұғалімдер, әдіскерлер, ұйымдастырушы мұғалімдер және оларға теңестірілген адамдар (бұдан әрі - мұғалімдер), тиісті профильдегі мамандар жүзеге асырады.
10. Жетекші кадрлар мен мұғалімдерді, сондай-ақ балаларға қосымша білім берудің мемлекеттік ұйымының тиісті профиліндегі мамандардың біліктілігін арттыру кем дегенде бес жылда бір рет жүзеге асырылады.".
12-тармақ алып тасталсын.
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыруда әдістемелік жұмыстар, жаңа оқыту технологияларын әзірлеу және енгізу, мұғалімдердің, сонымен қатар тиісті профильдегі мамандардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.".
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ересектерге арналған үздіксіз білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Білім беру ұйымдарының оқытушылар құрамына білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеумен байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа ұйымдар кіреді.".
2. Техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттер, мектепке дейінгі және орта білім беру комитеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 207 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына 1-қосымша |
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары
1 -тарау. Жалпы ережелер
1. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) сәйкес әзiрленген түрлеріне, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар қызметінiң тәртiбiн айқындайды.
2. Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:
1) тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;
2) тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
4) тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау;
5) ата-аналарға тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
3. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі құрылымдық бірлігі топ болып табылады. Топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидаты бойынша жасақталады.
Мектепке дейінгі ұйымдар топтарының толымдылығы "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15893 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарының (заңды өкілдерінің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқыту төмендегідей қарастырылған:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жас топтарында (үш тәрбиеленушіден артық емес);
2) тәрбие мен оқытудың арнайы оқу бағдарламасы бойынша бұзылыс түрлері негізіндегі арнайы топтарда.
Топта ерекше білім беруге қажеттілігі бар тәрбиеленушілер болған жағдайда топтарды жинақтау осындай бір тәрбиеленушіге тәрбиеленушілердің жалпы санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
5. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілердің болу уақыты бойынша бөлінеді және мынадай тәртіппен қызмет етеді:
1) толық күн болу;
2) жарты күн болу;
3) тәулік бойы болу.
6. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидалар мен мектепке дейінгі ұйымдар жарғысын және Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
7. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан бастап 1-сыныпқа қабылдағанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді.
8. Тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазқстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
9. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін мынадай кезеңдер бойынша ұйымдастырады:
1) 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы ("Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі;
2) 1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі;
3) мектеп жасына жеткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан босату жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;
4) тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру тәрбиеленушінің ағымдағы жылы 1 қыркүйектегі толық жасын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық сыныптарындағы оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйек пен келесі жылғы 25 мамыр аралығында жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде каникулдар белгіленеді.
10. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушінің орны:
1) тәрбиеленуші ауырып, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда);
2) тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына 2 айдан артық емес демалысына жазбаша өтініш ұсынған жағдайда;
3) елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар) енгізілген кезеңде сақталады.
11. Тәрбиеленушілер мектепке дейінгі ұйымдардан:
1) мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылған;
2) тәрбиеленуші бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей келмеген;
3) дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығарылады.
12. Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері:
1) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушінің жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды; жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындар жергілікті бюджеттен ішінара немесе толығымен өтеледі;
2) ерекше білім беруге қажеттілігі бар тәрбиеленушілерге арналған санаторийлік балабақшаларда, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілерді күтіп-бағу тегін негізде ұсынылады;
3) мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғандарды қоспағанда, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.
13. Түрлеріне, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдары, оның ішінде жаңадан құрылғандары, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары және педагогтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
2-тарау. Мектепке дейiнгі ұйымдар қызметінің тәртібi
14. Мектепке дейінгі ұйымдар "Білім туралы" Заңның 41-бабы мен осы Қағидалар негізінде өз жарғысын әзірлейді.
15. Мектепке дейінгі ұйымдар:
1) өз жарғысында белгіленген функциялардың орындалуын;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17669 болып тіркелді) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының (бұдан әрі - МЖМБС), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының (бұдан әрі – Үлгілік жоспар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) және Үлгілік бағдарламасының толық көлемде іске асырылуын;
3) білім беру процесті ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің және құралдардың тәрбиеленушілердің жас, психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, қабілеттеріне, қызығушылықтары мен қажеттілiктеріне сәйкестігін қамтамасыз етуін.
4) мектепке дейінгі ұйымның штатына кіретін медициналық қызметкерлер тәрбиеленушілерді ағымдық медициналық бақылауды, иммундау және профилактикалық тексерулерді алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің аумақтық медициналық ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастыруды;
5) мектепке дейінгі ұйым басшысы бекітетін он күндік ас мәзірін құрастыруды;
6) тәрбиеленушілерді теңгерімді тамақтандыру жас ерекшеліктерін, жұмыс тәртібін, оның жиілігін ескеріп, Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Жарғыға сәйкес айқындалады;
7) тәрбиеленушілерде соның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтану мен табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы тамақтану мәдениетін қалыптастыруды;
8) заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіпте білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматты түрде ақпараттармен алмасуды және мәліметтерді өзектендіруді;
9) білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара әрекеттесудің регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
16. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы штат саны "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.
Педагогтердің штат бірлігі және тарифтеу мектепке дейінгі ұйымдардың ресми сайттарында орналастырылады.
17. Педагог қызметімен айналысуға педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам жіберіледі.
18. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері кәсіби қызметті жүзеге асыруда МЖМБС-ның талаптарын сақтай отырып, тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың жолдары мен түрлерін дербес таңдайды.
19. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары "Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
20. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі ұйым басшысы белгілеген тәртіппен жұмыс күндері және демалыс күндері осы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған және қамтылмаған тәрбиеленушілер үшін білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетеді. Ақылы қызметтер көрсетуден түскен қаражат мамандарға еңбекақы төлеуге, құралдар сатып алуға, тиісті дамытушы орта құруға бағытталады.
21. Отбасы мен баланы әлеуметтiк-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін мектепке дейiнгi ұйымдарда консультациялық пункттер құрылады.
22. Мектепке дейiнгi ұйымдарды басқару дара басшылық және алқалық басқару қағидаттарында құрылады. Алқалық басқару нысандары педагогикалық, әдістемелік, қамқоршылық кеңестер болып табылады.
23. Мектепке дейінгi ұйымды тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
24. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынас баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі.
25. Білім беру процесінің қатысушылары балалар, ата-аналар немесе заңды өкілдер, педагогтер болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесі МЖМБС негізінде әзірленген Үлгілік жоспарлар мен Үлгілік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жарғысымен айқындалады.
26. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісінің, ата-аналары мен қызметкерлерінің қарым-қатынасы білім беру процесіне қатысушылардың өзара сыйластығы және жеке ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушіге даму еркіндігін ұсынуды ескере отырып, ынтымақтастық негізде құрылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 207 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына 2-қосымша |
Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) сәйкес әзірленген және "Назарбаев зияткерлік мектептері" Дербес білім беру ұйымын қоспағанда, олардың меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидаларды және білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.
3. Білім беру ұйымдарының міндеттері:
1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау;
2) "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі – МЖМБС) көзделген ғылымдардың базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;
3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершіліктің және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
4) азаматтылықққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және қазақ тілін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу болып табылады.
4. Білім беру ұйымдары өз қызметін "Білім туралы" Заңның 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
5. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларының мазмұнына, білім алудың қолжетімділігіне жағдайлар жасалуына қарай барлық деңгейлерде оқыту күндізгі, сырттай, кешкі, экстернат және ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге асырылады.
6. Білім беру ұйымдарында ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту:
1) үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жалпы сыныпта (үш баладан артық емес);
2) арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша даму бұзылыстарының түрлері негізіндегі арнайы сыныптарда қарастырылған.
7. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды жалпы білім беретін ұйымнан арнайы білім беру ұйымына ауыстыру психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымының негізінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады.
8. Денсаулық жағдайы бойынша дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы негізінде ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе тиісті үлгілік оқу жоспарларына сәйкес стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
Үйде оқыту кезінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты жалпы білім беретін, қысқартылған немесе арнайы бағдарламалармен оқиды.
9. Білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
10. Бастауыш, негізгі орта, орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір орта білім беру ұйымынан басқасына ауыстыру растайтын құжаттардың негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
Білім беру ұйымынан шыққан адам басқа білім беру ұйымына келуі туралы талон ұсынады, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетіледі, содан кейін оған тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетілген кету туралы есептен шығару талоны және оның жеке ісі беріледі.
Кету туралы есептен шығару талоны білім алушының келуі және жеке ісін тапсыруы үшін білім беру ұйымына ұсыну үшін беріледі.
11. Бұрын шетелдік мектептерде оқыған білім алушылар Қазақстан Республикасына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының мектептерінде оқуды жалғастырады. Мектептердің әкімшіліктері жергілікті білім беру басқармаларымен бірлесіп, олардың білім деңгейін анықтау үшін Комиссиялар құрады, оның жұмысының қорытындысы бойынша оқушыны қазақстандық мектептің тиісті сыныбына қабылдау туралы шешім қабылданады.
12. Білім беру ұйымдарында білім алушының, заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынастары тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқу мерзімдерін, жекеменшік білім беру ұйымдарында оқу төлемінің мөлшерін айқындайтын шартпен реттеледі.
13. Он алты жасқа дейінгі балаларды білім беру ұйымдарынан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.
Білім беру ұйымдарынан шығарылған кәмелетке толмаған балалардың жалпы орта білім алуы жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жалғастырылады.
14. Оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап келесі жылғы 25 мамырға дейін жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде каникулдар белгіленеді.
15. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
2 -тарау. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
16. Білім алушылар, педагогтар, білім алушылардың заңды өкілдері білім беру процесінің субъектілері болып табылады.
17. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білім беретін үлгілік оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымдары береді.
18. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе басқа да кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.
Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа "Білім туралы" Заңның 51-бабында көзделген адамдарға рұқсат етілмейді.
19. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
20. Білім беру ұйымдарының педагогтары "Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
21. Білім беру ұйымдары оқу процесін "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген), "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
22. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен машықтарын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, коммуникативтік дағдылардың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
23. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталған.
Үлгілік оқу бағдарламасы білім алушылардың бейіналды даярлығын қамтиды.
24. Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, дифференциациялау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленген.
25. Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие процесі үлгілік оқу бағдарламаларына және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Орта білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспарының үлгілік оқу жоспаларына және МЖМБС-на сәйкес қамтамасыз етеді.
26. Білім беру ұйымдарында қосымша білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары іске асырылады.
27. Білім беру ұйымдарында оқыту процесі үлгілік оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу жұмыс кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.
28. Меншік нысандарына қарамастан, барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің МЖМБС-на сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді.
29. Білім беру ұйымдары үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік компоненттерінің сағаттарын мектептен тыс (мәдениет мекемелерінде, спорт ғимараттарында, әскери объектілерде, зерттеу зертханаларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, табиғатта) өткізеді.
30. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі МЖМБС, санитариялық қағидалардың, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру саласындағы денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
31. Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген).
32. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.
33. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.
Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.
34. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын білім алушылардың игеруін бақылау мақсатында білім беру ұйымдары "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады.
35. Білім беру ұйымдары бір күндегі ең жоғары оқу жүктемесін белгілеуде, өздерінің жарғыларында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін таңдауда дербес болады.
36. Барлық білім беру ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, білім алушылардың бойында патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты қарым-қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде тамақтандыру объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолымен теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
37. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген) сәйкес оқу жайларымен бірге алаңы бар материалдық активтердің меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару, немесе жалға алу құқығына тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, жарақтандыру нормаларына сәйкес жабдықтар мен жиһаздардың, бастауыш білім беру деңгейі үшін жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың; компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен қамтылудың, оқу зертханалардың, спорт залдардың, медициналық пункттердің, асхана немесе буфеттің), ғимараттардың (оқу корпустарының) болуы, сондай-ақ орта білім беру ұйымының жайларында және (немесе) оған іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы қажет.
38. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді және ұлттық білім беру деректер қорындағы деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
39. Білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
40. Білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
41. Білім беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады. Педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер және педагогтік әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 207 бұйрығына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы 595 бұйрығына 7-қосымша |
Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Бiлiм туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан, арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Арнайы білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" Заңды, осы Қағидаларды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға олардың білім алуы, даму бұзылуының түзетуі және әлеуметтік бейімделуі үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
3. Арнайы білім беру ұйымдарына:
1) "Бiлiм туралы" Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі – МЖМБС) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;
2) түзету жеке, топтық және кіші топтық дамыту сабақтарын өткізуге бағытталған арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары);
3) білім беру бағдарламаларын игеру үшін ерекше білім беру қажеттіліктерін айқындау мақсатында, сондай-ақ арнайы білім беретін оқу бағдарламаларының түрін айқындау және білім беру ұйымдарына жіберу үшін арнайы оқу диагностикалық бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – ПМПК) жатады.
4. Арнайы білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Арнайы білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
5. Арнайы білім беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады және "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес құрылады.
6. Интеллектісі сақталған балалар оқитын арнайы орта білім беру ұйымдарының сыныптарында білім беру қызметін бейін бойынша педагогикалық білімі бар педагогтар жүзеге асырады.
Интеллектуалды жеткіліксіздігі бар балалар оқитын сыныптарда білім беру қызметін арнайы педагогикалық білімі бар мұғалімдер жүзеге асырады.
Түзету компонентінің барлық сабақтарын "Бiлiм туралы" Заңның 51-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес аттестаттаудан өтетін арнайы педагогикалық білімі бар педагогтар жүргізеді.
Интернат үлгісіндегі арнайы білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің педагогикалық білімі болады.
7. Арнайы білім беру ұйымдарының (топтардың) білім беру қызметі арнайы білім беру ұйымдарына арналған үлгілік арнайы оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
8. Үлгілік арнайы оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары негізінде әрбір ұйымда "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) ПМПК ұсынымдарын ескере отырып айқындалатын арнайы білім беру ұйымының жұмыс ерекшелігін, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары әзірленеді.
Оқу жұмыс, жеке немесе қысқартылған жоспарлар мен бағдарламалар педагогикалық кеңесте қаралады және білім беруді басқару органының келісімі бойынша ұйымның басшысы бекітеді.
9. Білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарына, арнайы оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады және жылдық күнтізбелік оқу жоспарымен және сабақ кестесімен регламенттеледі.
Білім алушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, арнайы және жалпы білім беретін оқу бағдарламалары арнайы ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту нысанында, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы берген рұқсатымен экстернат нысанында игеріледі.
Үйде оқытуды, еркін қатысуды, білім алудың жеке нысандарын үйлестіруге рұқсат етіледі.
10. Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары қажет болғанда каникул кезінде балаларды дамыту мен оқыту мәселелері бойынша заңды өкілдер үшін консультациялар өткізеді.
11. Арнайы білім беру ұйымдарының психологтары, логопедтері, педагог-дефектологтары қажет болған жағдайда білім алушылармен түзету-дамыту сабақтарын өткізеді.
12. Арнайы білім беру ұйымдарында сапалы білімді қамтамасыз теу және жеке және сараланған ықпалды іске асыру үшін білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау жүргізіледі. Білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды педагог, психолог, логопед, педагог-дефектолог жүзеге асырады.
13. Білім алушыларды өзге арнайы немесе жалпы білім беру ұйымдарына ауыстыру ПМПК-ның қорытындысы мен ұсынымының негізінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады.
14. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша факультативтік сабақтарды өткізу кезінде сынып екі топқа бөлінеді.
Қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекті ұйымдастыру кезінде 5 сыныптан бастап сынып оқушылардың еңбек дайындығының бейіндерін есепке ала отырып топтарға бөлінеді.
Бесінші сыныптан бастап кәсіптік-еңбекке баулу бойынша, ал ақыл-есі кеміс балалар үшін төртінші сыныптан бастап білім алушылар екі топқа бөлінеді.
Еңбек түрлері бойынша топтарды жасақтау дәрігердің ұсынымдары негізінде оқушылардың психофизикалық жай-күйі мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
15. Сабақ кестесін әкімшілік әзірлейді және арнайы білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
16. Сабақ кестесінде оқу және жеке түзету сабақтарының күн сайынғы саны, ұзақтығы және реттілігі көрсетіледі.
Сабақтардың ұзақтығы белгіленген нормаларға сәйкес келеді және сағат 8-ден кейін басталады.
17. Оқу-тәрбие процесі баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық және клиникалық зерттеу деректерімен негізделген сараланған және жеке көзқарас қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Балалардың сөйлеу ерекшеліктерін, зейінін, жұмысқа қабілеттілігін, олардың даму динамикасын, оқушылардың нақты білімін, олардың оқу материалын меңгеру мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін жүйелі түрде зерделеу оқушының даму перспективасын анықтау және түзету жұмысының құралдарын таңдау үшін жүргізіледі.
18. Оқу аптасының ұзақтығын тиісті білім беруді басқару органымен келісім бойынша педагогикалық кеңес белгілейді және жарғыда бекітіледі.
19. Дамуындағы ауытқушылықтарды жеңу мақсатында арнайы ұйымда білім алушылар (тәрбиеленушілер) үшін топтық және жеке түзету сабақтары (дефектолог, логопед, олигофренопедагог, тифлопедагог және сурдопедагог) өткізіледі.
20. Арнайы оқу бағдарламаларды іске асыратын арнайы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі жеке және қысқартылған оқу жоспарлар мен бағдарламаларды бекітеді.
21. Арнайы оқу бағдарламаларды іске асыратын арнайы білім беру ұйымында еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттілікке бағдарланған өңірлік, жергілікті жағдайларды ескере отырып және тәрбиеленушілердің психофизикалық дамуының, денсаулығының жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, жеке еңбек қызметі үшін білім алушыны (тәрбиеленушіні) даярлауды қамтитын еңбек бейінін таңдау негізінде жүзеге асырылады.
22. Ақау құрылымы күрделі білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) арналған сыныптар (топтар) оқу-тәрбие процесі жағдайларында психологиялық-медициналық-педагогикалық бақылау барысында осындай білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) анықталуына қарай арнайы білім беру ұйымында жасақталады.
23. Арнайы оқу бағдарламаларды іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларын игеру кезінде ерекше табыстарға қол жеткізген түлектерге үздік білім туралы құжаттар беріледі.
Интеллектуалды бұзушылықтары бар түлектерге "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың түрлері мен нысандарына және оларды беру қағидаларына сәйкес тиісті білім деңгейі туралы құжат беріледі.
24. Арнайы білім беру ұйымының персоналын жасақтау тәртібі оның жарғысымен және мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарына сәйкес реттеледі.
25. Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған нормативтік оқу жүктемесі:
бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлері аптасына 18 сағатты, тәрбиешілер үшін 25 сағатты құрайды;
мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар аптасына 24 сағатты құрайды;
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары – 18 сағат;
мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар, ПМПК аптасына 24 сағатты; ПМПК басшылары мен медициналық статистері үшін 30 сағатты құрайды.
Педагогтар үшін ағымдағы жылы белгіленген оқу жүктемесінің көлемі осы жылдың соңына дейін әкімшіліктің бастамасы бойынша өзгермейді.
26. Арнайы білім беру ұйымында медициналық қамтамасыз етуді штаттық медициналық қызметкерлер жүзеге асырады, олар арнайы ұйымның әкімшілігімен бірлесіп, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын сақтауға және олардың психофизикалық жай-күйін нығайтуға, диспансерлеуге, профилактикалық іс-шараларды жүргізуге жауап береді және санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимнің сақталуын, дене тәрбиесі мен шынықтыру, тамақтану, оның ішінде диеталық тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылайды.
27. Медициналық қызметкерлер педагогтарға білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығы мен даму ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жеке және сараланған қатынасты ұйымдастыруда көмек көрсетеді, медициналық-педагогикалық түзету, еңбекке баулу бейінін іріктеу, кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру, заңды өкілдерге аурулардың алдын алу мақсатында үй жағдайында қорғау режимін сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді.
28. Арнайы білім беру ұйымдарында дәрі-дәрмекпен және физиотерапевтік емдеу, климаттық емдеу және шынықтыру, емдік дене шынықтыру, массаж және психотерапия жүргізіледі.
29. Білім беру ұйымының басшысы "Бiлiм туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
30. Білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Бiлiм туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
31. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. Педагогикалық, қамқоршылық және әдістемелік кеңестер білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары болып табылады.
32. Арнаулы білім беру ұйымдары "Бiлiм туралы" Заңның 43-бабында белгіленген нормалар шегінде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
33. Арнайы білім беру ұйымдарын қаржыландыру "Бiлiм туралы" Заңның 62-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
34. Арнайы білім беру ұйымдары жергілікті жағдайларға қарай қосалқы шаруашылықтар, оқу-тәжірибе учаскелерін, оқу-өндірістік шеберханалар құрады.
35. Арнайы білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.