"Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу және геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 187/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 мамырда № 20654 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.03.2023 № 130/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10137 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жумагалиев

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2020 жылғы 12 мамырдағы
№ 187/НҚ
бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 164 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 5-тармағына, "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының (бұдан әрі - Қор) құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қордың құжаттарын қалыптастыру, жинау және сақтау тәртібі

      2. Қордың құжаттары геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған және жалпымемлекеттік, салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, картографиялық, топографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсірілім, гравиметриялық материалдар мен деректердің жиынтығын білдіреді.

      Қор құжаттарының құрамына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша материалдар мен деректер енгізіледі.

      3. Қордың құжаттары ауқымы мен оларды сақтау мерзімдерін ескере отырып, геодезиялық және картографиялық қызметтің бағыттары бойынша қалыптасады.

      Қордың құжаттарын пайдалану қолайлы болу үшін материалдарды орналастыру схемасы берілетін көрсеткіштер жасалады.

      4. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өздері жасаған Қорға енгізілуге жататын геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын авторлық құқықтарын сақтай отырып өтеусіз береді.

      Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар материалдар мен деректер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қорға беріледі.

      5. Қордың графикалық, цифрлық, электрондық, фотосуреттік, қағаз және өзге де нысандар мен түрлердегі материалдары мен деректері орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуға, сақтауға және пайдалануға жатады.

      6. Материалдар мен деректерді Қордың құрамына жатқызу, материалдар мен деректерді сақтауға іріктеу, сондай-ақ сақтау мерзімдері өткендерін жою құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптау негізінде жүргізіледі.

      7. Қордың құжаттары жұмыс түрлері бойынша топтастырылады, жүйелендіріледі, есепке алынады, орналастырылады осы мақсатқа арнайы арналған үй-жайларда (қоймаларда) жұмыстардың түрлері бойынша сақталады.

3-тарау. Қордың құжаттарын пайдалану және беру тәртібі

      8. Қордың құжаттары геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу мақсатында мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету үшін пайдаланады.

      9. Мемлекеттік органдарға Қордың материалдары тегін беріледі.

      10. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар және мемлекеттік құпияны құрайтын Қордың құжаттарын мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға геодезия және картография саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басшысының рұқсатымен беріледі, және пайдаланып болғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қайтарылуға жатады.

4-тарау. Жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру тәртібі

      11. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар):

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетіне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мыналарды жібереді:

      1) "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, қағаз нысандағы өтініш;

      көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

      2) "құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, қағаз нысандағы өтініш;

      тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге арналған шарт жобасы;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

      www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы:

      3) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, электронды құжат нысанындағы өтініш;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

      13. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері) орындауға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжаттарды (төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүргізілген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы алады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы тапсырған кезде "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған, жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру туралы (бұдан әрі - мәліметтер) сұратуды дайындайды және жолдайды.

      16. Мәліметтерді беру үшін көрсетілетін қызметті беруші, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) www.gov.kz/memleket/entities/mdai және Қордың www.nkgf.kz ресми сайттарында орналастырылатын "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына сәйкес белгіленген мәліметтер беру жөніндегі жұмыстардың құнына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан ақы алады.

      17. Қор екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мәлiметтерді беру туралы сұратуын алғаннан бастап жұмыс көлемін айқындайды және көрсетілетін қызметті берушіге төлем шотын жолдайды.

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде Қордан төлем құжатын (түбіртегін) алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақыны төлеу қажеттілігін төлем құжатын (түбіртегін) көрсете отырып хабарлама жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      19. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем жасайды.

      Төлем жасау қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен көрсетілетін қызметті берушінің есептік шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.

      Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, электронды құжат нысанындағы өтінішті портал арқылы жолдаған кезде, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

      20. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем мемлекеттік қызметті алушымен төленбеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жолдайды.

      21. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлемін осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімдерде, Қорға мәліметтерді беру туралы хабарлама жолдайды.

      Хабарлама алған сәттен бастап Қор он бір жұмыс күні ішінде мәліметтерді жинақтауға, жасауға кіріседі және көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Қордан мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетке" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға жеке куәлікті және (немесе) өкілеттігін растайтын құжатты көрсеткен кезде не дайын мәліметтерді беру негізінде жүзеге асырылады.

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.

      23. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.

5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      24. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, уәкілетті органға және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуы мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық картографиялық-
геодезиялық қорының
құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құрамына енгізілетін материалдар мен деректердің тізбесі

      1. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған техникалық жобалар.

      2. Мемлекеттік нивелирлік желілерді, барлық сыныптар мен разрядтардағы геодезиялық желілерді, гравиметриялық іргелі және бірінші сыныпты желілерді жасау, дамыту және жұмыс істеу жағдайында ұстап тұру жөніндегі техникалық есептер, координаттар мен биіктіктердің каталогтары және басқа да материалдар мен деректер.

      3. Геодезиялық және картографиялық қызметті қамтамасыз ету мақсатында Жерді қашықтықтан зондтаудың (аэрофототүсірілімдер мен ғарыштық түсірілімдер) бастапқы және туынды материалдары мен деректері, аэрофототүсірілімдердің паспорттары, арнайы аспаптардың деректері, түсірілімдерді картографиялық байланыстырудың схемалары.

      4. Геодезиялық, гравиметриялық, ғарыштық өлшемдер базасында геодинамикалық зерттеулердің материалдары мен деректері.

      5. Жергілікті жердің, оның ішінде теңіздер, көлдер, өзендер мен су қоймалары қайраңдарының топографиялық түсірілімдер бойынша техникалық есептері (ауқымы 1: 2 000 және кіші).

      6. Мемлекеттік топографиялық карталардың, оның ішінде теңіздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңдарының карталарының, қалалар мен елді мекендердің жоспарларының (ауқымы 1:2 000 және кіші) графикалық, сандық, фотосуреттік, электрондық нысандардағы түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ көрсетілген карталар мен жоспарлардың таралымдық бедерлемелері.

      7. Жалпымемлекеттік және салааралық мақсаттағы жалпыгеографиялық, саяси-әкімшілік, ғылыми-әкімшілік, ғылыми-анықтама және басқа да тақырыптық карталар мен атластардың, оқу картографиялық құралдардың түпнұсқалары, туынды өнім жасау үшін негіз болып табылатын картографиялық материалдардың таралымдық бедерлемелері.

      8. Құжаттамасы бар кезекші (анықтамалық) топографиялық карталар, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын және шетел мемлекеттерінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар.

      9. Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогы және олардың негізгі материалдары, Қазақстан Республикасының, шетел мемлекеттерінің аумақтарындағы, материктер мен мұхиттардағы географиялық объектілер атауларының сөздіктері мен анықтамалықтары.

      10. Геодезиялық және картографиялық қызмет, мұрағат ісі, құпиялылық режимі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық картографиялық-
геодезиялық қорының
құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

19 (он тоғыз) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық/қағаз нысанда

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі - мәліметтер) беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде

6

Төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.
Мәліметтерді беру үшін көрсетілетін қызметті беруші, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​mdai және Қордың www.​nkgf.​kz ресми сайттарында орналастырылатын "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына сәйкес белгіленген мәліметтер беру жөніндегі жұмыстардың құнына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан ақы алады.

7

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) уәкілетті органның www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​mdai интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

8

Қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік қызметті берушіге:
1) "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
"қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
2) "құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
"құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш;
тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге арналған шарт жобасы;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
Порталға:
3) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш;
ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған электрондық өтініш;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, ашық пайдаланудағы мемлекеттік қызметке өтінішті электрондық нысанда портал арқылы жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық картографиялық-
геодезиялық қорының
құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі Геодезия және
картография комитетінің
төрағасы
____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса)
тегі)
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
тегі немесе заңды тұлғаның
толық атауы)
___________________________
(жеке сәйкестендіру
нөмірі/бизнес-сәйкестендіру
нөмірі), мекенжайы, байланыс
телефоны (бар болса))

"Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш

      Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық

      атауы)_________________________________________________________________________

      Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның):

      _______________________________________________________________________________

      Сұралып отырған "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар мәліметтер мен

      материалдардың тізбесі:

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі

      _______________________________________________________________________________

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдарды алу жоспарланып

      отырған мерзім:__________________________________________________________________

      Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы

      мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

      Күні ______                  Өтініш беруші ___________________________________________

      (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты,

      әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса))

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық картографиялық-
геодезиялық қорының
құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі Геодезия және
картография комитетінің
төрағасы
____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса)
тегі)
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
тегі немесе заңды тұлғаның
толық атауы)
____________________________
  (жеке сәйкестендіру
нөмірі/бизнес-сәйкестендіру
нөмірі), мекенжайы, байланыс
телефоны (бар болса))

"Құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш

      Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның):___

      ________________________________________________________________________________

      (азаматтығын көрсету керек)

      Сұралып отырған мәліметтердің тізбесі, олардың құпиялылық дәрежесі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі:

      ________________________________________________________________________________

      Орындаушы ұйымның мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді

      пайдалана отырып, жұмыстарды жүргізуіне Қазақстан Республикасы Ұлттық

      қауіпсіздік комитеті немесе оның органдары рұқсатының нөмірі мен күні:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік құпияларға рұқсаты:_________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік құпияларға рұқсаттың нысаны, нөмірі мен күні)

      Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді алу жоспарланып отырған мерзім:

      ________________________________________________________________________________

      Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы

      мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

      Қосымша: тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді

      пайдаланумен байланысты жұмыстардың тапсырыс берушісі болып табылатын мемлекеттік

      орган немесе мемлекеттік ұйым) мен өтініш беруші арасындағы бірлескен және өзге де

      жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жобасы.

      Күні ______                  Өтініш беруші ___________________________________________

      (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты,

      әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса))

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық картографиялық-
геодезиялық қорының
құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің Геодезия және
картография комитетіне
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
тегі немесе заңды тұлғаның
толық атауы)

Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш

      Алу жоспарланып отырған мәліметтердің тізбесі және олардың саны:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      [Жасалған күні]                                          [Қол қоюшының аты, әкесінің

      аты (бар болса), тегі]



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық картографиялық-
геодезиялық қорының
құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Цифрлық
даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия
және картография комитеті



Комитет геодезии и картографии
Министерства цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан

  Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болсы), тегі не заңды
тұлғаның толық атауы
____________________________

Дәлелді бас тарту

      Нөмері _________                                          "___" _______ 20__ жыл

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себептермен мәліметтерді беруден бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы]                              [Қол қоюшының аты, әкесінің

      аты (бар болса), тегі]



  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2020 жылғы 12 мамырдағы
№ 187/НҚ
бұйрығына 2-қосымша

Геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

      1. "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы маусымда жарияланған) 1-тармағының 15) тармақшасы.

      2. "Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11262 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған) 1-тармағының 3) тармақшасы.

      3. "Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 693 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12380 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған) 1-тармағының жүз жиырмасыншы, жүз жиырма бірінші, жүз жиырма екінші абзацтары.

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 318 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтар тізбесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14171 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте жарияланған) 3-тармағының жүз қырық тоғызыншы, жүз елуінші, жүз елу бірінші, жүз елу екінші, жүз елу үшінші, жүз елу төртінші, жүз елу бесінші, жүз елу алтыншы, жүз елу жетінші, жүз елу сегізінші, жүз елу тоғызыншы, жүз алпысыншы, жүз алпыс бірінші, жүз алпыс екінші, жүз алпыс үшінші, жүз алпыс төртінші абзацтары.

      5. "Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 468 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14512 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) 1-тармағының жүз жиырма жетінші, жүз жиырма сегізінші, жүз жиырма тоғызыншы, жүз отызыншы, жүз отыз бірінші, жүз отыз екінші, жүз отыз үшінші, жүз отыз төртінші, жүз отыз бесінші, жүз отыз алтыншы, жүз отыз жетінші, жүз отыз сегізінші, жүз отыз тоғызыншы, жүз қырқыншы, жүз қырық бірінші, жүз қырық екінші, жүз қырық үшінші, жүз қырық төртінші, жүз қырық бесінші, жүз қырық алтыншы, жүз қырық жетінші, жүз қырық сегізінші абзацтары.

      6. "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 40 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18268 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 ақпанда жарияланған) 1-тармағының он жетінші абзацы.

      7. "Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 154 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18557 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 22 сәуірде жарияланған) 1-тармағының төртінші абзацының күші жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады