Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.03.2023 № 130/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.05.2020 № 187/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.05.2020 № 187/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ. Айтмұхаметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.05.2020 № 187/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 5-тармағына, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының (бұдан әрі – Қор) құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган Қорға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.09.2022 № 332/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Қордың құжаттарын қалыптастыру, жинау және сақтау тәртібі
2. Қордың құжаттары геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған және жалпымемлекеттік, салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, картографиялық, топографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсірілім, гравиметриялық материалдар мен деректердің жиынтығын білдіреді.
Қор құжаттарының құрамына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша материалдар мен деректер енгізіледі.
3. Қордың құжаттары ауқымы мен оларды сақтау мерзімдерін ескере отырып, геодезиялық және картографиялық қызметтің бағыттары бойынша қалыптасады.
Қордың құжаттарын пайдалану қолайлы болу үшін материалдарды орналастыру схемасы берілетін көрсеткіштер жасалады.
4. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өздері жасаған Қорға енгізілуге жататын геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын авторлық құқықтарын сақтай отырып өтеусіз береді.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар материалдар мен деректер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қорға беріледі.
5. Қордың графикалық, цифрлық, электрондық, фотосуреттік, қағаз және өзге де нысандар мен түрлердегі материалдары мен деректері орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуға, сақтауға және пайдалануға жатады.
6. Материалдар мен деректерді Қордың құрамына жатқызу, материалдар мен деректерді сақтауға іріктеу, сондай-ақ сақтау мерзімдері өткендерін жою құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптау негізінде жүргізіледі.
7. Қордың құжаттары жұмыс түрлері бойынша топтастырылады, жүйелендіріледі, есепке алынады, орналастырылады осы мақсатқа арнайы арналған үй-жайларда (қоймаларда) жұмыстардың түрлері бойынша сақталады.
3-тарау. Қордың құжаттарын пайдалану және беру тәртібі
8. Қордың құжаттары геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу мақсатында мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
9. Мемлекеттік органдарға Қордың материалдары тегін беріледі.
10. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар және мемлекеттік құпияны құрайтын Қордың құжаттарын мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға геодезия және картография саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басшысының рұқсатымен беріледі, және пайдаланып болғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қайтарылуға жатады.
4-тарау. Жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру тәртібі
11. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтиды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.09.2022 № 332/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар):
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетіне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мыналарды жібереді:
1) "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, қағаз нысандағы өтініш;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
2) "құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, қағаз нысандағы өтініш;
тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге арналған шарт жобасы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы:
3) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, электронды құжат нысанындағы өтініш;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).
13. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері) орындауға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжаттарды (төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүргізілген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы алады.
14. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы тапсырған кезде "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексереді және сәйкес болған жағдайда, Қорға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) алуға сұрау салуды жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қорға көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мәліметтерді алу үшін сұрау салу жібереді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.05.2022 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Мәліметтерді бергені үшін көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) www.gov.kz/memleket/entities/mdai және Қордың www.nkgf.kz ресми сайттарында орналастырылатын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына сәйкес белгіленген мәліметтер беру жөніндегі жұмыстардың құнына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан ақы алады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.05.2022 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Қор екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мәлiметтерді беру туралы сұратуын алғаннан бастап жұмыс көлемін айқындайды және көрсетілетін қызметті берушіге төлем шотын жолдайды.
18. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде Қордан төлем құжатын (түбіртегін) алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақыны төлеу қажеттілігін төлем құжатын (түбіртегін) көрсете отырып хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
19. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем жасайды.
Төлем жасау қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен көрсетілетін қызметті берушінің есептік шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, электронды құжат нысанындағы өтінішті портал арқылы жолдаған кезде, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.
20. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем мемлекеттік қызметті алушымен төленбеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жолдайды.
21. Көрсетілетін қызметті алушы төлем құжатын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімдерде Қорға мәліметтерді беру туралы хабарлама жолдайды.
Хабарлама алған сәттен бастап Қор он бір жұмыс күні ішінде мәліметтерді жинақтауға, жасауға кіріседі және қорытындысы бойынша:
"қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер);
"құпия" белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде "құпия" белгісі бар мәліметтер;
ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде мәліметтер беруді қалыптастырады.
Қор мәліметтерді қалыптастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Қордан мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мәліметтерді беру жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты ұсыну бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қор арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.09.2022 № 332/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.09.2022 № 332/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.
5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, онда шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.05.2022 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық- геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құрамына енгізілетін материалдар мен деректердің тізбесі
1. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған техникалық жобалар.
2. Мемлекеттік нивелирлік желілерді, барлық сыныптар мен разрядтардағы геодезиялық желілерді, гравиметриялық іргелі және бірінші сыныпты желілерді жасау, дамыту және жұмыс істеу жағдайында ұстап тұру жөніндегі техникалық есептер, координаттар мен биіктіктердің каталогтары және басқа да материалдар мен деректер.
3. Геодезиялық және картографиялық қызметті қамтамасыз ету мақсатында Жерді қашықтықтан зондтаудың (аэрофототүсірілімдер мен ғарыштық түсірілімдер) бастапқы және туынды материалдары мен деректері, аэрофототүсірілімдердің паспорттары, арнайы аспаптардың деректері, түсірілімдерді картографиялық байланыстырудың схемалары.
4. Геодезиялық, гравиметриялық, ғарыштық өлшемдер базасында геодинамикалық зерттеулердің материалдары мен деректері.
5. Жергілікті жердің, оның ішінде теңіздер, көлдер, өзендер мен су қоймалары қайраңдарының топографиялық түсірілімдер бойынша техникалық есептері (ауқымы 1: 2 000 және кіші).
6. Мемлекеттік топографиялық карталардың, оның ішінде теңіздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңдарының карталарының, қалалар мен елді мекендердің жоспарларының (ауқымы 1:2 000 және кіші) графикалық, сандық, фотосуреттік, электрондық нысандардағы түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ көрсетілген карталар мен жоспарлардың таралымдық бедерлемелері.
7. Жалпымемлекеттік және салааралық мақсаттағы жалпыгеографиялық, саяси-әкімшілік, ғылыми-әкімшілік, ғылыми-анықтама және басқа да тақырыптық карталар мен атластардың, оқу картографиялық құралдардың түпнұсқалары, туынды өнім жасау үшін негіз болып табылатын картографиялық материалдардың таралымдық бедерлемелері.
8. Құжаттамасы бар кезекші (анықтамалық) топографиялық карталар, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын және шетел мемлекеттерінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар.
9. Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогы және олардың негізгі материалдары, Қазақстан Республикасының, шетел мемлекеттерінің аумақтарындағы, материктер мен мұхиттардағы географиялық объектілер атауларының сөздіктері мен анықтамалықтары.
10. Геодезиялық және картографиялық қызмет, мұрағат ісі, құпиялылық режимі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.09.2022 № 332/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
"Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру" |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | (19) он тоғыз жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Қағаз түрінде: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде: |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Мемлекеттік қызметті берушіге: |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ашық пайдаланудағы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті электрондық нысанда портал арқылы жібереді. |
"Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық
атауы)_________________________________________________________________________
Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның):
_______________________________________________________________________________
Сұралып отырған "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар мәліметтер мен
материалдардың тізбесі:
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі
_______________________________________________________________________________
"Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдарды алу жоспарланып
отырған мерзім:__________________________________________________________________
Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы
мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
Күні ______ Өтініш беруші ___________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты,
әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса))
"Құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
________________________________________________________________________________
Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның):___
________________________________________________________________________________
(азаматтығын көрсету керек)
Сұралып отырған мәліметтердің тізбесі, олардың құпиялылық дәрежесі
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі:
________________________________________________________________________________
Орындаушы ұйымның мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді
пайдалана отырып, жұмыстарды жүргізуіне Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті немесе оның органдары рұқсатының нөмірі мен күні:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік құпияларға рұқсаты:_________________
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік құпияларға рұқсаттың нысаны, нөмірі мен күні)
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді алу жоспарланып отырған мерзім:
________________________________________________________________________________
Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы
мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
Қосымша: тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді
пайдаланумен байланысты жұмыстардың тапсырыс берушісі болып табылатын мемлекеттік
орган немесе мемлекеттік ұйым) мен өтініш беруші арасындағы бірлескен және өзге де
жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жобасы.
Күні ______ Өтініш беруші ___________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты,
әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса))
Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Алу жоспарланып отырған мәліметтердің тізбесі және олардың саны:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
[Жасалған күні] [Қол қоюшының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі]
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық- геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Цифрлық |
Комитет геодезии и картографии |
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болсы), тегі не заңды тұлғаның толық атауы ____________________________ |
Дәлелді бас тарту
Нөмері _________ "___" _______ 20__ жыл
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себептермен мәліметтерді беруден бас тартады:
[Дәлелді бас тартудың себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі]