"Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2020 жылғы 15 мамырдағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 мамырда № 20656 болып тіркелді

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 190 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13963 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу қағидалары мен шарттарында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі";

      3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қосымша ақылар мөлшерлері спорттық жарыстардың хаттамаларымен расталған спортшылардың нәтижелері негізінде белгіленеді.";

      9-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік жаттықтырушыға, бас жаттықтырушыға, аға жаттықтырушыға, аға жаттықтырушы-оқытушыға, әдіскерге, нұсқаушыға 100%-ға дейін;";

      келесі редакцияда 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) команда бастығына, нұсқаушы-спортшыға, инспекторға, менеджерге, баспасөз хатшысына 60%-ға дейін.";

      3-параграф алып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қосымша ақыларды төлеу шарттары";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. 1 және 2-қосымша ақыларды төлеу ұйым спортшыларының республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда көрсеткен нәтижелерінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.";

      21-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. С. Мусайбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады