"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының |
Күші жойылған кейбір бірлескен бұрықтардың тізбесі
1. "Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 146 және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 20 маусымдағы № 161-НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4282 болып тіркелген, 2006 жылғы 19 шілдеде № 132 (1112) "Заң газеті" газетінде жарияланған).
2. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 18 тамыздағы № 208-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 212 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4373 болып тіркелген, 2006 жылғы 15 қыркүйекте № 166 (1146) "Заң газеті" газетінде жарияланған).
3. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 18 тамыздағы № 208-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 212 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 28 қарашадағы № 302-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 17 қарашадағы № 240 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5039 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 наурыздағы № 1 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
4. "Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 116 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5186 болып тіркелген, 2008 жылғы 17 шілдеде № 7 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
5. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 212 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 18 тамыздағы № 208-НҚ бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2009 жылғы 12 тамыздағы № 271-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 12 тамыздағы № 357 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5753 болып тіркелген, 2009 жылғы 2 қыркүйекте № 132 (1555) "Заң газеті" газетінде жарияланған).
6. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 18 тамыздағы № 208-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 212 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 7 маусымдағы № 163-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 352 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7035 болып тіркелген, 2011 жылғы № 33 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында (тираждың шыққан уақыты 2011 жылғы 1 желтоқсан) жарияланған.
7. "Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 27 маусымдағы № 186-НҚ және Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 405 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7088 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 қыркүйекте № 414-417 (26811) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
8. "Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 146 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 20 маусымдағы № 161-НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 31 қазандағы № 340-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 622 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7329 болып тіркелген).
9. "Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 446 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 80 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11232 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 желтоқсанда № 232 (28710) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
10. "Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 116 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 8 ақпандағы № 165 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 73 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13131 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
11. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 307 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 564 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14150 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
12. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 354 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 207 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15394 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).