Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 25 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 15 сәуір № 446 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 ақпан № 80 бірлескен бұйрығымен бекітілген |
Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1. Локомотивпен тиеу-түсіру органдарына вагондарды беру-алып кету.
2. Мамандандырылған құралдармен вагондарды кіргізу-шығару.
3. Тиеу, түсіру (жүк түсіру) үшін механикаландырудың мамандандырылған құралдарын ұсыну.
4. Мамандандырылған қойма үй-жайларын ұсыну.
5. Вагон таразылары қызметтерін көрсету.