Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы"13 наурыздағы N 116 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 9 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5186 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 25 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 199 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 25 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.06.2017 № 354 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2017 № 207 бірлескен бұйрығымен

      1. Қоса беріліп отырған порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары М.М. Оспановқа және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Табиғи монополияларды реттеу


агенттігінің төрағасы

Н.Алдабергенов

Қазақстан Республикасының


Көлік және коммуникация министрі

С.Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2008 жылғы 29 қаңтардағы N 31-НҚ
және Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2008 жылғы
13 наурыздағы N 116
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 08.02.2016 № 165 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 12.02.2015 № 73 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Теңіздік агенттіктеу қызметтері.

      2. Клиент күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары.

      3. Жетекке алу мен тағы басқа жүзу құралдарын пайдалану:

      1) порттық жетекке алу қызметтері;

      2) теңіз мұнай қоқыс жинаушының қызметтері;

      3) лас суларды жинаушының қызметтері.

      4. Жүкті сақтау.

      5. Жүктің салмағын өлшеу, тексеру немесе оның жай-күйі.

      6. Вагондардың, кеме трюмдерін және қоймалық үй-жайларды тазарту.

      7. Жүкті басқа мекен-жайға жіберу.

      8. Репатриацияны ұйымдастыру (рұқсатнамаларды ресімдеу, билеттерді сақтап қою, қонақ үйге тапсырыс беру, қызмет көрсету).

      9. Теңіз портының күштері мен құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары.

      10. Теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру.

      11. Кемелерді лоцмандық алып өту қызметтері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады