Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 60 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 20734 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 25 мамырдағы
№ 60 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарда:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға (бұдан әрі - бағдарламалық қамтамасыз ету) қойылатын талаптарды және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларында сақталған деректерді сақтауды және оларды санкцияланбаған қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруды айқындайды.

      Талаптар:

      1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) уәкілетті органның ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде туындайтын қатынастарға;

      2) бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар, "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.";

      1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынатын есептердің, сондай-ақ жеке шоттан үзінді-көшірмелердің, жүргізілген операциялар туралы есептердің нысандарын автоматтандырылған түрде қалыптастыруды;".

      2. "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай редакциядағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді құрайтын активтерді есепке алуды және сақтауды кастодиан мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған кастодиан шартының негізінде кастодиан жүзеге асырады.";

      мынадай редакциядағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді (бұдан әрі осы тармақта - инвестициялық портфель) құрайтын активтерді сақтау және есепке алу функцияларын іске асыру мақсатында кастодиан:

      1) инвестициялық портфельді құрайтын ақшаны есепке алуға және сақтауға арналған банк шоттарының жай-күйі, сондай-ақ банк шоттары бойынша ақшаның есепті кезеңдегі қозғалысы туралы кастодианның ішкі құжаттарында және кастодиандық шартта көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде инвестициялық портфельді басқарушыны ай сайын хабардар етуді;

      2) инвестициялық портфель басқаруындағы инвестициялық портфельді басқарушыға ұсыну үшін кастодианның ішкі құжаттарында айқындалған нысан бойынша, кастодиандық шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, оның ішінде Қағидалардың 36-тармағына сәйкес салыстырып тексеру үшін инвестициялық портфельді құрайтын активтердің құрылымы туралы есепті ай сайын жасауды;

      3) инвестициялық портфельді құрайтын активтер есебінен орындалуға тиіс, оның ішінде инвестициялық портфельді басқаруды қамтамасыз ететін тұлғаларға комиссиялық сыйақылар бойынша орындалуға тиіс міндеттемелерді есепке алуды;

      4) инвестициялық портфельді құрайтын активтердің инвестициялық декларация талаптарына сәйкес келуін бақылауды;

      5) инвестициялық портфельді құрайтын активтердің құнын, қозғалысын және құрамын есепке алуды, сондай-ақ инвестициялық портфель активтерінің шартты бірлігін есептеуді жүзеге асырады.

      Инвестициялық портфель активтері құрылымының (құрамының) инвестициялық декларацияның талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, кастодиан сәйкессіздік анықталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға және инвестициялық портфельді басқарушыға бұл туралы хабарлама жібереді.".

      3. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген, 2013 жылғы 8 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде 183 (2384) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастырады.

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары тәуекелдердi басқару жүйесін сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібін, Қағидаларға белгіленген осындай активтерге қатысты ұсыным мен инвестициялық шешімді жасау тәртібіне және мазмұнына қойылатын талаптарды есептемегенде, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына сәйкес қалыптастырады.

      Қағидалардың талаптары "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарына сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі, сондай-ақ осындай активтерге қатысты ұсынымдар мен инвестициялық шешімді жасау және олардың мазмұнының тәртібі бөлігінде қолданылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Брокерлер және (немесе) дилерлер, Басқарушылар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі есепті ұсынады, ол:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесін;

      2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкессіздігін) дербес бағалауды;

      3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда түзетілуге тиіс кемшілікті, кемшілікті жою үшін қажетті іс-шараларды, жауапты адамдарды және іс-шараларды орындаудың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтиды.".

      4. "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі (бұдан әрі - Инвестициялық қорлар туралы заң), "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы (бұдан әрі - Секьюритилендіру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін белгілейді.

      Қағидалар:

      уәкілетті органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға;

      уәкілетті органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға олар зейнетақы активтерінің есебінен емес қалыптастырылған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде;

      "өмірді сақтандыру" саласында қызметті және уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясының негізінде сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шеккен зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді дербес басқаруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) қолданылады.

      Инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және сақтанушының инвестицияларға қатысу шартын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығындардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді басқару жөніндегі қызметі "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде (бұдан әрі - Сақтанушының инвестициялауға қатысу қағидалары) белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) клиент-инвестициялық портфельді басқарушының қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген тұлға, сондай-ақ инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және активтері инвестициялық портфельді басқарушысында болатын, сақтанушының инвестицияларға қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығындардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған инвестициялық қор және инвестициялық портфель;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Инвестициялық қызметті басқару жөніндегі Қағидалармен реттелмеген бөлігіндегі қызмет инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарына, инвестициялық портфельді басқарушы мен оның клиенттері арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттарға, сақтандыру ұйымы мен сақтанушылар арасында жасалған сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      2-1-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартта өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті басқа инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) инвестициялық портфельді шетелдік басқарушыға қайта сеніп тапсыруына жол берілмейді.

      Инвестициялық портфельді басқарушының клиентпен жасасқан инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартында осы клиенттің портфелін басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыруды басқа инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) инвестициялық портфельді шетелдік басқарушыға не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 883-бабына сәйкес мүлікті сенімгерлікпен басқару белгіленген кезде сенімгерлікпен басқарушыға қайта сеніп тапсыру мүмкіндігі көрсетілген жағдайда, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартта клиенттің алдындағы міндеттемелер бойынша клиентпен осы шартты жасасқан инвестициялық портфельді басқарушы жауап беретіні көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. Инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық портфельді басқару қызметін мен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметімен үйлестіру кезінде лауазымды тұлға, бірінші басшыны қоспағанда, инвестициялық портфельді басқару және брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға бір уақытта бақылау жүргізбейді.

      6-2. Қағидалардың 4, 5, 6 және 6-1-тармақтары сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.";

      мынадай редакциядағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді инвестициялық басқару осындай сақтандыру шартының негізінде жүзеге асырылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Инвестициялық пай қорының (сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен зиян) есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің) активтерін сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы қордың (инвестициялық портфельдің) активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианға кредиторлық және дебиторлық берешектің, оның ішінде кредиторлар, дебиторлар және "репо" операцияларына қатысқан тұлғалар туралы мәліметтерді қосқанда, "репо" операцияларын ашу аясында пайда болған берешектің сомалары туралы ақпаратты жібереді.";

      мынадай редакциядағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Қағидалардың 7, 8, 9, 10, 11, 11-1, 12-тармақтары инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және сақтанушының инвестицияларға қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығындардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді басқару жағдайларына қолданылмайды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Клиенттің инвестициялық декларациясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларының (бұдан әрі - Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары) 37-тармағында көзделген мәліметтер болады.

      Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларациясына қойылатын талаптар Инвестициялық қорлар туралы заңның 39-бабында белгіленген.

      Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясына қойылатын талаптар Сақтанушының инвестицияларға қатысу қағидаларында айқындалған.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Инвестициялық портфельді басқарушы:

      1) клиенттің инвестициялық басқаруға берілген активтерінің есебінен қаржы құралдарын және инвестициялық портфельді басқарушының меншiгiндегi өзге де мүлікті сатып алу жөнiндегi;

      2) өзiнiң меншiгiне клиенттің активтерін иелiгiнен шығару жөнiндегi;

      3) ашық сауда-саттық әдісімен қор биржасында жасалған мәмілелерді қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушы бір мезгілде өз клиентінің мүдделерін және оның клиенті болып табылмайтын үшінші тұлғаның мүдделерін білдіретін;

      4) клиенттің активтері есебінен инвестициялық портфельді басқарушы шығарған қаржы құралдарын және (немесе) инвестициялық қорлардың осы инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруындағы бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi;

      5) клиенттің активтері есебінен тарату барысында тұрған эмитенттердің бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi;

      6) клиенттің активтері есебінен эмитент дефолт болған (эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің бағалы қағаздарына айырбастауды қоспағанда), эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстырылған, қор биржасы осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұрған күннен бастап бағалы қағаздарды сатып алу жөнiндегi;

      7) клиенттің инвестициялық басқаруға қабылданған активтеріне қатысты мәмілелер жасау кезінде төлемді күнтiзбелiк отыз күннен асатын мерзімге кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу көзделетін;

      8) клиенттің инвестициялық басқаруға қабылданған активтерін өзінің меншікті міндеттемелерін немесе үшінші тұлғалардың осы клиенттің инвестициялық портфелін басқару жөнiндегi қызметпен байланысты емес міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге пайдалануды болжайтын;

      9) клиенттің активтерін өтеусіз иелiгiнен шығару жөнiндегi;

      10) клиенттің активтері есебінен клиентке тиесілі емес қаржы құралдарын сату ("қысқа сату") туралы шарттарды жасасу жөнiндегi;

      11) инвестициялық қор болып табылмайтын клиент активтерінің құрамына ашық сауда-саттық әдістерімен қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді қоспағанда, инвестициялық қорлардың осы инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруындағы активтерін сатып алу жөнiндегi;

      12) нәтижесінде Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасында және (немесе) клиенттің инвестициялық декларациясында белгіленген талаптар бұзылатын мәмiлелердi жасасу бойынша шешімдер қабылдамайды және мәмілелер жүзеге асырмайды.

      Осы тармақтың 4) тармақшасы сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді басқару жағдайларына қолданылмайды.

      Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған, инвестициялық портфельді бір басқарушының (сақтандыру ұйымының) басқаруындағы инвестициялық қорлар активтерін, инвестициялық портфельдер активтерін және инвестициялық портфельді басқарушының (сақтандыру ұйымының) меншікті активтерін қаржы нарығы лицензиаттарының дауыс беретін акцияларына инвестициялаудың жиынтық көлемі оларды сатып алуға уәкілетті органның келісімін алуды талап ететін мөлшерден кем болуға тиіс.";

      мынадай редакциядағы 37-2 және 37-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "37-2. Қағидалардың 27-тармағының бірінші бөлігі және 32-тармағы сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді басқару жағдайларына қолданылмайды.

      Қағидалардың 32-тармағы сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.

      37-3. Қағидалардың осы тарауының талаптары сақтандыру ұйымы болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтеріне қатысты қолданылмайды.";

      38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының меншікті активтері есебінен, сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді құрайтын активтерді есепке алу және сақтау, сондай-ақ инвестициялық қорлардың активтерін және арнайы қаржы компаниясының активтерін есепке алу және сақтау кастодиан мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған кастодиандық шарт негізінде жүзеге асырылады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының меншікті активтері есебінен, сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді құрайтын активтерді, сондай-ақ инвестициялық қорлардың активтері мен арнайы қаржы компаниясының активтерін қоспағанда, клиенттердің шетелдік қаржы құралдарын есепке алуды және сақтауды шетелдік есеп айырысу ұйымы жүзеге асыра алады.";

      мынадай редакциядағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:

      "47-1. Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді есепке алу ерекшеліктері Сақтанушының инвестицияларға қатысу қағидаларында белгіленген.";

      мынадай редакциядағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:

      "53-1. Қағидалардың осы тарауы сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.";

      мынадай редакциядағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:

      "55-1. Қағидалардың осы тарауы сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.".

      5. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемесінде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшерін ұлғайту кестесі бойынша есептелген төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің ұлғаю сомасына сәйкес қайта сақтандырушының рейтингтік бағасына немесе өткен есепті күнгі Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәніне байланысты, қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға берілетін (берілген) міндеттемелер сомасына ұлғаяды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен құрылған (қалыптастырылған) активтердің ағымдағы құнының 1 (бір) пайызына тең мәнге ұлғайтылады.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және сақтанушы инвестицияларға қатысқан жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандырудың әзірленген түрлері бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері:

      сақтанушы инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді дербес басқарған кезде 200 000 (екі жүз мың) айлық есептік көрсеткішке;

      сақтанушы инвестицияларға, сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға қатысу талабы көздейтін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді берген кезде 100 000 (бір жүз мың) айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылады.".

      6. "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің, сондай-ақ олардың мәнiнiң сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң түрлерін белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17008 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқарушыларға және "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.";

      7. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакциядағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым үшін - ұйымның ұйымдық құрылымының құрамында төмендегі функцияларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей инвестициялық портфельді басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшенің болуы:

      инвестициялық декларацияны әзірлеу және сақтанушылар активтерін инвестициялау лимиттерін айқындау және қайта қарау, сақтанушылардың активтері есебінен мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау кезінде жасалатын ұсынымдарды (бұдан әрі - ұсынымдар) дайындау үшін қажетті ақпаратты жинақтау, өңдеу және талдау;

      ұсынымдар жасау;

      ұйымның инвестициялық комитеті отырыстарының қорытындылары бойынша қабылданған инвестициялық шешімдер мен хаттамаларды ресімдеу;

      сақтанушылардың активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алу;

      сақтанушыларға инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есептерді сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарында көзделген тәртіппен дайындау;

      активтерді басқарды жүзеге асыру процесінде сақтанушылардың басқа қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауы;

      ұйымның ішкі құжаттарында айқындалған функциялар;";

      көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Инвестициялық тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Директорлар кеңесі инвестициялық тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында:

      1) инвестициялық саясатты бекітеді;

      2) сақтандыру резервтерін өтейтін активтерді дербес орналастыру не активтерді ішінара не толығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - инвестициялық портфельді басқарушы) басқаруына беру туралы шешім қабылдайды;

      3) инвестициялық пай қорының қағидаларын, сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен құрылған (қалыптастырылған) инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясын және активтердің ағымдағы құнын айқындау әдістемесін бекітеді;

      4) инвестициялық пай қорының қағидаларын, ұйыммен келісім бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен құрылған (қалыптастырылған) инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясын және активтердің ағымдағы құнын айқындау әдістемесін келіседі;

      5) ұйым бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жағдайда 10 (он) жұмыс күні ішінде инвестициялық комитет құрады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық пай қоры қағидаларының, ұйыммен келісім бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зияндар) есебінен инвестициялық портфельді басқарушы құрған (қалыптастырған) инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясының талаптарын бұзған жағдайда, ұйымның тәуелдерді басқаруға жауапты бөлімшесі бұзушылық күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мұндай бұзушылықтың орын алуы туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады