Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 07.09.2022 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 120 бұйрығымен бекітілген |
Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1. Қоршаған орта сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы бойынша деректерді ұсыну.