"Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 120 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 609 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қыркүйекте № 29562 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" ҚР Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 120 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20743 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады