"Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 26 мамырдағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 мамырда № 20750 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1344 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде № 17330 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларында:

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Топологияны пайдалануға құқықты беру туралы шарт (лицензиялық,кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиялық шарттың талаптарын қамтитын өзге шарт) немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Құқықты беруді немесе пайдалану құқығын беруді тіркеу үшін өтініш беруші Заңның 4-1 бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлем жасайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы
Н. Пан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады