"Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 11-1-4/167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 мамырда № 20752 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 11-1-4/167
бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акт жасау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" (бұдан әрі - Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заң) 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 230-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау тәртібін айқындайды.

      2. Теңіздегі наразылық туралы акті – кеме капитанының (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтініші, кеме журналының деректері, кеме капитанынан және қажет болған жағдайда кеме экипажының басқа мүшелерінен сұрастыру негізінде әзірленген құжат.

      3. Егер оқиға:

      1) теңіз портында болса, оқиға болған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде;

      2) кеме жүзіп жүрген кезде болса, кеменің немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейін алғашқы теңіз портына келген кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде теңіздегі наразылық туралы мәлімдеме беріледі.

      Оқиға жүзiп жүрген кезде болған жағдайда, оқиға болғаннан кейiн алғашқы портқа кiруге байланысты кететiн уақыт пен жұмсалатын шығыстардың елеулi ысырабын болғызбау үшiн, теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме кеменiң немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейiн алғашқы порт болып табылмайтын портқа келген кезiнде берiлуi мүмкiн.

      "Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акт жасау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жеке өзі жүгінген кездегі өтініші (капитанның жеке мәліметтерін, кеменің атауын, капитанның азаматтығын, капитанның тіркелген портын, кеменің иесі туралы мәліметтерді, кеменің жүру бағдарын, оқиға болған жердің координаттарын, тасымалданатын жүктің өлшемі мен сипатын, жолаушылар санын, теңіз оқиғасының мән-жайын (теңіз апаты), теңіз оқиғасының салдарын көрсете отырып) мен мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);

      2) кеме журналы және одан үзінді (салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесі);

      3) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

      Осы Қағидалардың 3-тармағында белгiленген мерзiмде теңiздегi наразылықты мәлiмдеу мүмкiн болмаған жағдайда, мұның себептерi теңiздегi наразылық туралы мәлiмдемеде көрсетiлуі тиiс.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін қызмет алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі "Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сай қамтылған.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні өтінішті қабылдайды және тіркейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар топтамасын тізбеге сәйкес ұсынған кезде, өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдау уақыты көрсетілген белгі, өтініштің қағаз жеткізгіште қабылдануын растау болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңның және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуын және жарамдылығын тексереді.

      7. Тексеру нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес үлгі негізінде теңіздегі наразылық туралы актіні толтырады және береді, және оны өзінің қолы және мөрмен куәландырады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынады.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі үш жұмыс күнін құрайды.

      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартылуы мүмкін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау бойынша уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына тікелей келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  "Қазақстан Республикасының
шетелде орналасқан кемелері
апатқа ұшыраған жағдайда
теңіздегі наразылық туралы акті
жасау" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Кеме капитанының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алу тәсілдері

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 74 қаулысына және "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

7

Жұмыс кестесі

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Сәрсенбі - қабылдамайтын күн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы (болған жағдайда) кезекті брондау мүмкіндігі жолымен, жеделдетілген қызметсіз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.mfa.gov.kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Кеме капитанының көрсетілетін қызметті берушіге жеке өзі жүгінген кезде:
1) өтініш (капитанның жеке мәліметтерін, кеменің атауын, капитанның азаматтығын, капитанның тіркелген портын, кеменің иесі туралы мәліметтерді, кеменің жүру бағдарын, оқиға болған жердің координаттарын, тасымалданатын жүктің өлшемі мен сипатын, жолаушылар санын, теңіз оқиғасының мән-жайын (теңіз апаты), теңіз оқиғасының салдарын көрсете отырып);
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);
3) кеме журналы және одан үзінді (салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесі);
4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нұсқада және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген: www.mfa.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 7777.

  "Қазақстан Республикасының
шетелде орналасқан кемелері
апатқа ұшыраған жағдайда
теңіздегі наразылық туралы акті
жасау" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2 қосымша
  нысан

Теңіздегі наразылық туралы акті

      __________________                              ______________________

      (қала, республика)                              (күні, айы, жылы)

      Мен, __________________________ ___________________________________ консулы

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)            (шетелдегі мекеменің атауы)

      _____________________________________________________ кемесінің капитаны азамат (ша)

      (кеменің атауы, иесі)

      ______________________________________________________ 20__ жылғы "__"___________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), оның азаматтығы)

      кеменің жүзу (тоқтау) кезінде орын алған оқиға туралы арызын қабылдадым.

      Капитанның арызы бойынша оқиға былай болған:

      ________________________________________________________________________________

      (кеме капитаны арызының мазмұны)

      Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес маған ұсынылған кеме

      журналындағы (кеме журналы қашан табыс етілген күні көрсетіледі) деректермен таныстым

      және оқиғаның мән-жайы туралы капитанның өзінен, кеме командасы қатарындағы куәлерден

      және кеме құрамындағы екі куәден сұрағанымда, олар мынаны айтты:

      1 ________________________________________________________________________

      (кеме капитанының, куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы,

      азаматтығы, олардың айғақтарының мазмұны көрсетіледі. Айғақтарға кеме капитаны мен

      куәгерлер қол қояды).

      2 ________________________________________________________________________

      3 ________________________________________________________________________

      4 ________________________________________________________________________

      5 ________________________________________________________________________

      №____________ тіркелді

      Өндірілді _______________

      Консул _________________

      (қолы, мөр)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады