"Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 551 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 маусымда № 20811 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16289 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеде:

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Комиссия салықтық, сол сияқты кедендік тексерулер бойынша шағымдарды қараған кезде, мүшенің - уәкілетті орган ведомствосы өкілінің қатысуы міндетті шарт болып табылады.

      Аталған Комиссия мүшесінің болмауы шағымдарды келесі Комиссия отырысына қарау үшін шығаруға негіз болып табылады.

      Комиссия салықтық, сол сияқты кедендік тексерулер бойынша шағымдарды қараған кезде "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан тиісті бағытқа тәлімгерлік ететін өкілдер қатысады.

      17. Шағым мәселелері бойынша Комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс берумен қабылданады.

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері өзінің құзыретіне енетін мәселер бойынша (тәлімгерлік ететін бағыт бойынша) ғана дауыс береді.

      Дауыс санау кезінде "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан 1 (бір) дауыс есептеледі.

      Дауыс беру Комиссия отырысында осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады