Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.05.2024 № 332 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14914 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Темекі өнімдерінің өндірілуі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациалар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 560 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығымен бекітілген |
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Темекі өнімдерінің өндірілуі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 5-бабының 5-5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (бұдан әрі - ДСН-кодтары) темекі өнімі өндірушілеріне және (немесе) импорттаушыларына беру тәртібін айқындайды.
2. ДСН-кодтары темекі өнімдерінің өндіруді және (немесе) импорттауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін темекі өнімдерінің әрбір таңбасына беріледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетеді.
4. Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге аумақтық органдарында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркеу есебінде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар қызмет түріне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өніміне (-деріне) ДСН-кодын (-тарын) беруге арналған өтінімдерді:
темекі өнімдерін өндіруші - темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін;
темекі өнімдерін импорттаушы - темекі өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін көрсетілетін қызметті берушіге электрондық түрде береді.
5. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың ерекшелігін ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.
6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Мемлекеттік корпорация қабылданған өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге курьер қызметі арқылы жолдайды. Сонымен бірге Мемлекеттік корпорациямен қағаз түрінде өтінімді қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды, және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері өтінімдер түскен күні олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер "Есепке алу-бақылау маркаларды, акциздік маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйесіне өтінімдерді енгізеді және құжат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өңдейді, нәтижесі бойынша Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ДСН-код береді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады.
ДСН-кодтарды берулі темекі өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмірлер-кодтарының тізілімге енгізу арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші ДСН-кодтарды беруден келесі жағдайларда бас тартады:
1) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодесінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі болмағанда;
2) темекі өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда, ДСН-кодын беруден бас тартуды алған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте ДСН-кодын беруге арналған өтінішті қайтадан береді.
9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімде тіргелген № 8555) бекітілген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
10. ДСН-кодтарын ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2 тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Темекі өніміне (-деріне) ДСН-кодын (-тарын) беруге арналған өтінім
Көрсетілетін қызметті алушылар атауы:
Көрсетілетін қызметті алушылар жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Көрсетілетін қызметті алушылар түрі (өндіруші және (немесе) импорттаушы):
Р/с | Темекі өнімінің таңбасы | Темекі өнімінің атауы (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар және басқа темекі) | Қораптағы (орауыштағы) темекі өнімінің бірлік саны, (дана, грамм, миллилитр) | Сүзгінің бар-жоғы, (бар/жоқ) |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Басшы ________________________________________ ________________
(Тегі, аты-жөні, әкесінің аты) (ол болған кезде) (қолы)
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларына 2-қосымша |
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ДСН-кодын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Темекі өнімін өндірушілерге, темекі өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын жеткізушілерге дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге арналған өтінім |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодесінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі болмағанда; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінде белгіленген өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдауды 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жері бойынша барумен Мемлекеттік корпорацияның (қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсеткен кезде) қызметкері жүргізеді. |
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларына 3-қосымша |
Темекі өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмірлер-кодтарының тізілімі
Р/с | Өтінім берушінің атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Өтінім берушінің заңды меке-жайы | Темекі өнімінің таңбасы | Темекі өнімінің атауы (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар және басқа темекі) | Қораптағы (орауыштағы) темекі өнімінің бірлік саны, (дана, грамм, миллилитр) | Сүзгінің бар-жоғы, (бар/жоқ) | Дербес сәйкестендіру нөмірлер--коды |
1. | ||||||||
... |
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы
ДСН-кодтарының құрылымы мынадай сызбада ұсынылған:
Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) - темекі өнімдерінің өндіретін және (немесе) импорттайтын жеке және заңды тұлғаның коды.
Екінші фасет (екінші топ екі саннан) - тауарлар тобы (сүзгімен темекі өнімдері - 01; сүзгісіз темекі өнімдері - 02).
Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) - темекі өнімінің таңбасы.
Төртінші фасет (төртінші топ екі саннан) - қораптағы немесе бумадағы темекі өнімінің саны.