Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 10 маусымдағы № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 маусымда № 20862 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдеде № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 16-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
А. Жаилғанова

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2020 жылғы 10 маусымдағы
№ 96 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесі

      1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) мемлекеттік қызметшілердің арасынан бір тыңдаушыны оқытуға жұмсалған шығыстар есебінің тәртібін және шығындардың баптары бойынша шығыстардың тәртібін нақтылайды.

      Әдістеме оқытудың күндізгі, күндізгі-қашықтықтан, қашықтықтан және онлайн оқыту нысандары бойынша оқитын мемлекеттік қызметшілер үшін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беретін ұйымдардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді беруші) меншік нысандарына қарамастан көрсетілетін құнын анықтау үшін пайдаланылады.

      2. Мемлекеттік қызметшілер үшін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беретін ұйымдардың қызметі мемлекеттік органдардың тиісті саласының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Осы Әдістемеге сәйкес айқындалатын құн шеңберінде сапалы оқытуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы білім беру саласының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

2-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтердің шығындарын есептеу

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің шығындарын анықтауды ескере отырып, көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсетудің өзіндік құнының негізінде көрсетілетін қызметтердің құнын қалыптастырады.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің шығындары қызметті ұсыну процесінде жүзеге асырылатын қызметтерді көрсетумен тікелей байланысты шығындар және жалпы көрсетілетін қызметті берушінің қызметін қамтамасыз етуге қажетті, бірақ қызметтерді көрсету процесінде тікелей қолданылмайтын шығындар болып екіге бөлінеді.

      6. Қызметтерді көрсетумен тікелей байланысты шығындарға:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметтерді көрсету процесіне тікелей қатысатын персоналға (бұдан әрі – негізгі персонал) жұмсалатын шығындары;

      2) қызметтерді көрсету процесінде қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындар;

      3) көрсетілетін қызметтің ерекшелігін бейнелейтін өзге де шығыстар жатады.

      7. Жалпы көрсетілетін қызметті берушінің қызметін қамтамасыз етуге қажетті, бірақ қызметтерді көрсету процесінде тікелей қолданылмайтын шығындарға:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметтерді көрсету процесіне тікелей қатыспайтын персоналға (бұдан әрі – әкімшілік-басқарушылық персонал және басқалар) жұмсайтын шығындары;

      2) шаруашылық-қаржылық шығыстар – материалдық қорларды сатып алу, байланыс қызметтерін, көліктік қызметтерді, коммуналдық қызметтерді, қызмет көрсету және объектілерді жөндеу бойынша қызметтерді төлеу (бұдан әрі – жалпышаруашылық мақсаттағы шығындар);

      3) білім беру процесін ақпараттық-техникалық қолдау бойынша шығындар;

      4) салықтарды, баждарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалатын шығындар;

      5) ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да негізгі құралдарды амортизациялау жатады.

      8. Қызметтерді көрсетуге жұмсалатын шығындардың негізгі есебі шығындардың барлық элементтерінің тікелей есебі болып табылады. Қызметтерді көрсетуге жұмсалатын шығындар мынадай формула бойынша анықталады:

      З көрс.қызм = Знпмш+3бшү,

      мұндағы

      З көрс.қызм – қызметтерді көрсетуге жұмсалатын шығындар;

      Знп – негізгі персоналға жұмсалатын шығындар;

      Змш – қызметтерді көрсету процесінде қолданылатын материалдық қорларды алуға жұмсалатын шығындар;

      Збш – қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін сипаттайтын басқа да шығындар;

      Зү – көрсетілетін қызметтердің құнына жататын үстеме шығындар.

      9. Негізгі персоналға жұмсалатын шығындар өзіне:

      1) салықтар мен аударымдарды ескере отырып, негізгі персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындарды;

      2) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша тартылатын адамдарға сыйақы сомасын;

      3) қызметтерді көрсетуге байланысты негізгі персоналдың іссапарларына жұмсалатын шығындарды;

      4) негізгі персоналдың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындарды қамтиды.

      10. Еңбекақыны төлеуге жұмсалатын шығындар уақыт ұзақтығы бірлігінің құны қызметтерді көрсетуге қажетті уақыт бірлігінің (сағат, ак.с.) санына көбейтіндісі ретінде есептеледі. Аталған есеп тиісті қызметтерді көрсетуге қатысқан әрбір қызметкерге (жеке адамға) мына формула бойынша жүргізіледі:

      Зпт = ОТс х Нжұм.уақ.

      мұндағы

      Зпт – негізгі персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындар;

      ОТс – негізгі персоналдың қатарынан қызметкерлердің штат кестесіне сәйкес (еңбекақы төлемдерін есептеуді қоса алғанда) уақытына қарай (сағаттық, күндік, айлық) мөлшерлемесі;

      Нжұм.уақ – негізгі персоналдың жұмсаған жұмыс уақытының нормасы.

      11. Қызметтерді көрсету процесіне тікелей қатысатын персоналдың еңбекақысына жұмсалатын шығындарды есептеу осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      12. Қызметтерді көрсету процесіне қатысатын, тартылған жеке адамдардың көрсеткен қызметтеріне еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындарды есептеу осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      13. Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты негізгі персоналдың іссапарына және негізгі персоналдың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындарды есептеу осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      14. Қызметтерді көрсету процесінде қолданылатын материалдық қорларды алуға жұмсалатын (қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламасына, ерекшелігіне байланысты) шығындар өзіне:

      1) мүкәммалға жұмсалатын шығындарды;

      2) шығыс материалдарын алуға жұмсалатын шығындарды;

      3) басқа материалдық қорларға жұмсалатын шығындарды қамтиды.

      15. Белгілі бір түрдегі материалдық қорларды алуға жұмсалатын шығындар тиісті материалдық қорлардың орташа бағалары мен қызметтерді көрсету процесінде олардың қолдану көлеміне (санына) көбейтіндісі ретінде есептеледі. Қызметтерді көрсету процесінде қолданылатын барлық материалдық қорларға жұмсалатын шығындар формула бойынша анықталады:

      Змқ = ∑МҚ х Б

      мұндағы

      Змқ – қызметтерді көрсету процесінде қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындар;

      МҚ – белгілі бір түрдегі алынатын материалдық қорлардың көлемі (саны);

      Б – алынатын материалдық қорлардың орташа бағасы.

      16. Қызметтерді көрсету процесінде қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындарды есептеу осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      17. Үстеме шығындардың көлемі қызметтерді көрсетуге тікелей байланысты шығындарға барабар қызметтің құнына жатады:

      18. Көрсетілетін қызметтердің құнына жататын үстеме шығындар формула бойынша анықталады:

      Зү = Кү х Зпт,

      мұндағы

      Кү – негізгі персоналдың еңбекақысын төлеу бірлігінің жүктемесін көрсететін үстеме шығындардың коэффициенті.

      Бұл коэффициент алдыңғы кезеңдегі есептік деректердің және жоспарлы кезеңдегі болжамды өзгертулердің негізінде мынадай формула бойынша (көрсетілетін қызметтерді берушінің қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері мен қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын құжатқа сәйкес) есептеледі:



      мұндағы,

      Зәбп – алдыңғы кезеңде әкімшілік-басқарушы персонал санын болжамды өзгертуге және еңбекақысын болжамды өсіруге қатысты түзетілген әкімшілік-басқарушы персоналға жұмсалған нақты шығындар;

      Зжшш – инфляцияны ескере отырып, алдыңғы кезеңде жалпы шаруашылық мақсаттарға жұмсалатын нақты шығындар және салықтарды (еңбекақы төлеу қорының салықтарынан басқа), баждарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалатын шығындар;

      Амортизация – мүліктің есептелген амортизациясы сомасының болжамы.

      Зпт – инфляцияны ескере отырып, негізгі персонал санын өзгертуге және еңбекақы төлемін өсіруге түзетілген, алдыңғы кезеңде барлық негізгі персоналға жұмсалатын нақты шығындар.

      19. Әкімшілік-басқарушы персоналға жұмсалатын шығындар өзіне:

      1) әкімшілік-басқарушы персоналдың еңбекақы төлемдеріне жұмсалатын шығындарды;

      2) әкімшілік-басқарушы персоналдың іссапарларына жұмсалатын шығындарды;

      3) әкімшілік-басқарушы персоналдың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындарды қамтиды.

      20. Жалпы шаруашылық мақсаттарға жұмсалатын шығындар өзіне:

      1) коммуналдық қызметтерге, байланыс, көлік, банк қызметтеріне жұмсалатын шығындар, көрсетілетін қызметтерді беруші қолданатын басқа да көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындар;

      2) жылжымайтын және ерекше бағалы жылжымалы мүлікті ұстауға, соның ішінде күзетке (бейнебақылау жүйесі, дабыл тетіктері, ғимаратқа кіруді бақылау қызметі) жұмсалатын шығындар, өртке қарсы қауіпсіздікке (жабдықтарға, өртке қарсы күзет дабыл беру) жұмсалатын шығындар, негізгі құрал түрлеріне жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар, іргелес аумақты ұстауға жұмсалатын шығындар, мүлікті пайдалану үшін жалға алу төлемінің шығындары (егер жалға алу қызмет көрсетуге қажет болған жағдайда), үй-жайларды тазалауға, көлік ұстауға, қазандыққа жанармай алуға, үй-жайларды санитарлық өңдеуге жұмсалатын шығындарды қамтиды.

      21. Білім беру процесін ақпараттық-техникалық қолдау бойынша шығындар өзіне ақпараттық жүйелерді техникалық қолдауға, сүйемелдеуге, жаңғыртуға жұмсалатын шығындарды қамтиды.

      22. Мүліктің есептелген амортизациясының сомасы жабдықтың баланстық құны мен оның тозуының жылдық нормасына қарай анықталады. Үстеме шығындарды есептеу осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысанда жүргізіледі.

      23. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру көрсетілетін қызметтеріне бағаны есептеу осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысанда жүргізіледі.

  Мемлекеттік қызметшілерді
қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру құнын
есептеу әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру процесіне тікелей қатысатын персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындар есебі

Лауазымы

Саны

Айына орташа лауазымдық еңбекақысы, (теңге)

Жұмыс уақытының айлық қоры, (сағат)

*Қызметті көрсетуге уақыт нормасы, (сағат)

Персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындар (теңге)(6)=(2)х3/(4)х(5)

Әлеуметтік салық, теңге (7) =(6) х(0,1) х(МӨЛШЕРЛЕМЕ)

Әлеуметтік аударымдар, теңге(8)=(6)х(0,1)х(МӨЛШЕРЛЕМЕ)

МӘМС, теңге(9)=(6)х(МӨЛШЕРЛЕМЕ)

1

2

3

4

5

6

7

8

9





































Барлығы


Х

Х

Х





      * Бір адамға жұмыс уақытының нормасы бір жылдағы жұмыс күнін бір жылдағы тыңдаушылардың жалпы санынан тыңдаушылардың үлесіне көбейту жолымен анықталады.

  Мемлекеттік қызметшілерді
қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру құнын
есептеу әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру процесіне қатысатын, тартылған жеке адамдардың көрсететін қызметтерін төлеуге жұмсалатын шығындардың есебі

Көрсетілетін қызметтердің атауы

1 ак.сағат үшін көрсетілетін қызметтердің төлемі, теңге

Қызметтерді көрсету уақытының нормасы (ак.сағат) (семинарлардың/курстардың ұзақтығы х семинарлардың/курстардың саны)

Көрсетілетін қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығындар (теңге)

(4)=(2)х(3)

1

2

3

4

















Барлығы

Х

Х


  Мемлекеттік қызметшілерді
қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру құнын
есептеу әдістемесіне
3-қосымша
  Нысан

Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты негізгі персоналдың іссапарларына және негізгі персоналдың біліктілігін арттыруға шығындардың есебі

адам саны

күн саны

Жолға жұмсалатын шығыстар

Тәуліктік

Тұрғын үй-жайды жалдау

1 адамға есеп

адам санына барлығы теңгеде (5)=(1)х(4)

1 адамға есеп

адам санына барлығы теңгеде (8)=(6)х(7)

1 адамға есеп

адам санына барлығы теңгеде (11)=(9)х(10)

маршрут

жол құны

норматив*

кету және келу күнін есептегенде, тәулік саны

норматив*

кету және келу күнін есептегенде, тәулік саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























Барлығы


Х

Х


Х

Х


Х

Х



Виза, сақтандыруды ресімдеу және алумен байланысты шығыстар

Біліктілікті арттыру құны

Барлық шығыстар, теңге (18)=(5+8+11+15+17)

1 адамға есеп

адам санына барлығы теңгеде (15)=(14)х(1)

1 адамға есептеу, теңге

барлығы, теңге (17)=(1)х(16)

визаларды ресімдеу бойынша шығыстар

мед. сақтандыру

бір адамға барлығы (14)=(12)+(13)

12

13

14

15

16

17

18















Х

Х



Х



      Ескертпе:

      * "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына сәйкес норматив.

  Мемлекеттік қызметшілерді
қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру құнын
есептеу әдістемесіне
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру процесінде қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындардың есебі

Материалдық қорлардың (басқа да шығындар) атауы

Өлшем бірлігі

Шығыс (өлшем бірлігінде)

Бірлік бағасы, теңге

Барлық шығындар, теңге (5) =(3) х (4)

1

2

3

4

5
















Барлығы

Х

Х

Х


  Мемлекеттік қызметшілерді
қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру құнын
есептеу әдістемесіне
5-қосымша
  Нысан

Үстеме шығындардың есебі

№ р/р

Шығындар баптарының атауы

Көрсеткіш

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне тікелей қатыспайтын персоналға жұмсалатын шығындардың болжамы (әкімшілік-басқару персоналының шығындары), теңге


2.

Материалдық қорларды алуға, байланыс қызметін, көліктік қызметтерді, коммуналдық қызметтерді төлеуге, қызмет көрсетулерге, объектілерді жөндеуге жұмсалатын шығындардың болжамы және басқалар (жалпы шаруашылық шығындар), теңге


3.

Білім беру процесін ақпараттық-техникалық қолдау бойынша шығындардың болжамы


4.

Мүліктің есептелген амортизация сомасының болжамы, теңге


5.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын персоналының еңбегіне төленетін сомалық қордың болжамы, теңге


6.

Үстеме шығындардың коэффициенті

(6)={(1)+(2)+(3) +(4)} //(5)

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын персоналға жұмсалатын шығындары, теңге


8.

Барлық үстеме шығындар, теңге

(8)=(6)х(7)

  Мемлекеттік қызметшілерді
қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру құнын
есептеу әдістемесіне
6-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасын есептеу

№ р/р

Шығындар баптарының атауы

Көрсеткіш

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындары


2.

Қызмет көрсету процесінде тікелей қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындар


3.

Басқа да шығындар, теңге


4.

Көрсетілетін қызметтердің түріне жататын үстеме шығындар, теңге


5.

Барлық шығындар, теңге


6.

Алдыңғы кезеңдегі есептік деректердің және жоспарлы кезеңдегі болжамды өзгертулердің негізінде тыңдаушылардың саны (адам – сағат)


7.

Біліктілікті арттыру/қайта даярлау бойынша бір адамның-бір сағатының құны (7)=(5)/(6)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады