Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 маусымдағы № ҚР ДСМ-65/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 маусымда № 20863 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.05.2022 № ҚР ДСМ-45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Фармацевтикалық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атққарушы
О. Абишев

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атққарушы 2020 жылғы
15 маусымы № ҚР ДСМ-65/2020
бұйрығына 1- қосымша

"Фармацевтикалық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Фармацевтикалық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Мемлекеттік қызмет туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы мен 10-бабының 1) тармақшасына және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 29-8-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      4) рұқсаттық бақылау – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ, олар берілгеннен кейін лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;

      5) біліктілік талаптары – өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметті алушы фармацевтикалық қызметке лицензия алу үшін осы Қағидалардың 2, 3, 5, 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны бойынша өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) жібереді.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрсетіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші порталда құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) 2 (екі) жұмыс күні ішінде, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және (немесе) мәліметтер толық болмау фактісі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      7. Өтінішті одан әрі қараудан дәлілді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - жауапты қызметкер 12 (он екі) жұмыс күні ішінде өтінішті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10600 болып тіркелген) бекітілген фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін қарайды (бұдан әрі – біліктілік талаптары), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабы 3-тармағының он бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес рұқсат беру бақылауын жүргізеді. Оң шешім болған жағдайда лицензияны ресімдейді және береді немесе теріс шешім болған кезде осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды жібереді.

      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі өтініщті тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

      3) заңды тұлға-лицензиат осы Заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;

      4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;

      Лицензияны қайта ресімдеу және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды - Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдемеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

      11. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – жауапты қызметкер өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін көрсетілетін қызметті алушының деректерін порталға енгізеді.

      12. Заңды тұлға – лицензиат бөлініп шығу және (немесе) бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Ереженің 8-10 - тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі өтінішті порталда тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      13. Егер лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар қағаз нысанда берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес өтініш бойынша оларды электрондық форматқа ауыстырады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      1) Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.

  "Фармацевтикалық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету
Қағидаларына 1-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Фармацевтикалық қызметке лицензия беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігіні Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

веб-портал арқылы "электрондық үкімет": www. egov. kz, www. eli cens e. kz.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Фармацевтикалық қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес оның орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді:
1) фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензия беру кезінде 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-дан артық емес;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18-00-ге дейін.
Порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке және заңды тұлғаның өтініші;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі);
фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны (бұдан әрі-мәліметтер нысаны).
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі.
3) лицензиатты бөлу және бөлу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;
Мәліметтер нысаны.
4) Бұрын қағаз жеткізгіште берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ұсына отырып, лицензияның телнұсқасын электрондық нысанда алады:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияның телнұсқасы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, дара кәсіпкер ретінде қайта ұйымдастыру туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензия туралы, алым сомасын бюджетке төлеу туралы анықтаманы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Шетелдік заңды тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде:
жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
лицензиялық алым енгізілмеген;
көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы жауап алды;
көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салады;
өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса, лицензия беруден бас тартылады.
2) қайта ресімдеу кезінде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның ұсынбау немесе құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;
3) заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www. mz. gov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға (пандустар мен лифтілер) қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен статус туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-31-16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

11

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
1) Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.

  "Фармацевтикалық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету
Қағидаларына 2-қосымша
  1-2 нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін)

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      Басшы ______________ _____________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__"_________________

  "Фармацевтикалық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету
Қағидаларына 3-қосымша
  1-3 нысаны

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _______________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға __________ __________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________

  "Фармацевтикалық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету
Қағидаларына 4-қосымша
  1-4 формасы

Фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәлімет _____________________________________________________________________________ (денсаулық сақтау субьектісінің атауы) (20___ жылғы "__" ______ жағдай бойынша)

      Мыналардың болуын растайтын мәліметтер:

      1. Меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар:

      Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы өндірістік база туралы мәліметтер:

      1) Кадастрлық нөмірі _______________________________________________________

      2) Орналасқан жері _________________________________________________________

      3) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мен күні ___________________________________

      4) Жалға беруші ____________________________________________________________

      5) Жалға берудің аяқталу мерзімі ______________________________________________

      6) Үй-жайдың (ғимараттың) мекенжайы ________________________________________

      7) Жалға алынатын шаршы көлемі _____________________________________________

      2. Нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелеріне сәйкес дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, интернет желісіне қосылған компьютер техникасы, инвентарьдың, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін қажет болған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш және басқа да жабдықтары бар автомобиль көлігі:

      Жабдықтардың, аппаратураның, аспаптардың, интернет желісіне қосылған компьютер техникасы жиһаздың, инвентарьдың, көлік және басқа да құралдардың тізімі

Медициналық және (немесе) арнайы жабдықтың, аппаратурамен құрал-сайманның, аспаптардың, жиһаздың, мүкәммалдың, көлік және басқа құралдардың атауы (паспорт бойынша)

Өндіруші ел

Өлшем бірлігі

Шыққан жылы

Жағдайы (жұмысқа жарамды/жарамсыз)

      3. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары туралы мәліметтер:

      Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының тізімі

ТАӘ

Атқаратын лауазымы

Білімі, мамандығы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

Соңғы 5 жылда біліктілігін арттыру туралы құжат

      4. Фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі және мамандығы бойынша еңбек өтілі:

      Фармацевтикалық білімі туралы мәліметтер

      1) Мамандығы және біліктілігі ________________________________________________

      2) Фармацевтикалық қызметтің кіші түріне сәйкес жоғарғы немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның нөмірі ____________________________________

      3) Фармацевтикалық қызметтің кіші түріне сәйкес жоғарғы немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның берілген күні ______________________________

      4) Оқу орнының атауы ______________________________________________________

      5) Жұмыс орны ____________________________________________________________

      6) Лауазымы _______________________________________________________________

      7) Еңбек өтілі ______________________________________________________________

      8) Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісінің нөмірі мен күні ____________

      9) Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні ____________________________________

      5. Фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылдағы мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілікті арттырудың басқа түрлері:

      Біліктілікті арттыру туралы мәліметтер

      1) Қайта даярлаудан өткен мамандығы _________________________________________

      2) Оқытушы ұйымның атауы _________________________________________________

      3) Куәліктің нөмірі _________________________________________________________

      4) Кім берді _______________________________________________________________

      5) Циклдің атауы ___________________________________________________________

      6) Сағат саны ______________________________________________________________

  "Фармацевтикалық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету
Қағидаларына 5-қосымша
  1-5 формасы

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін)

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      Басшы ______________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__"_________________

  "Фармацевтикалық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету
Қағидаларына 6-қосымша
  1-6 формасы

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға __________ __________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________

  "Фармацевтикалық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету
Қағидаларына 7-қосымша



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атққарушы 2020 жылғы
15 маусымы № ҚР ДСМ-65/2020
бұйрығына 2- қосымша

"Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия бер" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Мемлекеттік қызмет туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы мен 10-бабының 1) тармақшасына және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 29-8-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      4) біліктілік талаптары – өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметті алушы денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия алу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны бойынша өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде – 10 (он) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

      Өтініш беруші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Электрондық сұрау салуды жіберу порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" бөлімінде жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі. Портал арқылы-көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші порталда құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Жауапты орындаушы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың сәйкестігін/сәйкес еместігін тексеруді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - жауапты орындаушы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10293 тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігін қарайды. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағы он бір бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес рұқсат беру бақылауы көзделген (бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеру, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылданады). Оң қорытынды болған жағдайда лицензияны ресімдейді және береді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруден дәлелді бас тартуды жібереді.

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – жауапты орындаушы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын тексереді және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдемеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері дәлелді бас тартуды дайындайды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) құжаттарды тиісінше ресімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – жауапты орындаушы өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін көрсетілетін қызметті алушының деректерін порталға енгізеді.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" бөліміне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ауыстырған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      1) Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.

  "Денсаулық сақтау саласында
есiрткi құралдарының,
психотроптық заттар мен
прекурсорлардың айналымына
байланысты қызметтерге
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидаларына
1-қосымша
  Нысаны

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін)

      ________________________________________________________________________________

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы,

      ________________________________________________________________________________

      ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      ________________________________________________________________________________

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ________ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы___________________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            (қолы)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__"__________

  "Денсаулық сақтау саласында
есiрткi құралдарының,
психотроптық заттар мен
прекурсорлардың айналымына
байланысты қызметтерге
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігіні Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

веб-портал арқылы "электрондық үкімет" (бұдан әрі – портал): www. egov. kz, www. eli cens e. kz.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес оның орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді:
1) фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензия беру кезінде 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-дан артық емес;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18-00-ге дейін.
Порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

лицензия алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі);
3) белгілері бар қызметкерлер тізімінің электрондық көшірмесі:
ішкі істер органдарының қызметкерлерін тиісті тексеру туралы;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің қызметкерлері арасында нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы алкоголизммен ауыратын адамдардың жоқтығы туралы анықтама (наркологиялық және/немесе психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрғаны/жағдайы туралы мәліметтер) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.");
4) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайды күзету шартының электрондық көшірмесі.
Лицензияға қосымша алу үшін:
1) заявление по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам в виде электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя;
2) белгілері бар қызметкерлер тізімінің электрондық көшірмесі:
ішкі істер органдарының қызметкерлерін тиісті тексеру туралы;
наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің қызметкерлер арасында нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы алкоголизммен ауыратын адамдардың жоқтығы туралы;
3) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайды күзету шартының электрондық көшірмесі.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін және (немесе) лицензияға қосымшаның:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Бұрын қағаз жеткізгіште берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ұсына отырып, лицензияның телнұсқасын электрондық нысанда алады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
лицензиялық алым енгізілмеген;
көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы жауап алды;
көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салады;
өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса, лицензия беруден бас тартылады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www. mz. gov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен статус туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8-800-080-77778. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Денсаулық сақтау саласында
есiрткi құралдарының,
психотроптық заттар мен
прекурсорлардың айналымына
байланысты қызметтерге
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидаларына
3-қосымша



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атққарушы 2020 жылғы
15 маусымы № ҚР ДСМ-65/2020
бұйрығына 3- қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11338 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 342 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13823 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 шілдеде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 533 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15692 тіркелген, 2017 жылдың 28 қыркүйегінде ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде жарияланды);

      4. "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-68 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18646 тіркелген, ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 20 мамырында жарияланды );

      5. "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 62 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13372 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 173 (29154) жарияланды);

      6. "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 416 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11484 тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланды);

      7. "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 416 бұйрығына бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 835 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14402 тіркелген, 2016 жылғы 28 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланды);

      8. "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 416 бұйрығына бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 5 желтоқсандағы 2018 жылғы № ҚР ДСМ-34 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17868 тіркелген, ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 11 желтоқсанында жарияланды);

      9. "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 416 бұйрығына бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 20 мамырдағы 2019 жылғы № ҚР ДСМ-83 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18707 тіркелген, ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 24 мамырында жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады