"Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 416 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 835 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 8 қарашада № 14402 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 маусымдағы № ҚР ДСМ-65/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.06.2020 № ҚР ДСМ-65/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 416 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11484 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. Мына мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру";

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Биологиялық белсенді заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулердi жүргізуге рұқсат беру";

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Фармакологиялық және дәрiлік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеуді және (немесе) сынауды жүргізуге рұқсат беру";

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және дәрілік заттардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу";

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру";

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру".

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмелерін баспа және электронды түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 3 қазанда
№ 835 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 416 бұйрығына
6-қосымша

"Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11338 болып тіркелген) "Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті қабылдау "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – тиісті біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген "Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасымен бекітілген нысанына сәйкес.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрау салуы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтініш түскен күні құжаттарды қабылдауды, оларды порталға тіркеуді жүзеге асырады;

      көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) басшы өтініш түскен күні орындаушыны айқындайды;

      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді;

      4) тестілеу нәтижесі бойынша басшы куәлік беру не куәлік беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шешім бұйрық түрінде ресімделеді. Орындаушы шешім негізінде бұйрық жобасын дайындайды. Басшы бұйрыққа қол қояды және орындау үшін жауапты адамға береді – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні;

      5) басшы куәлікке қол қояды.

      Мемлекеттің қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

      1) кіріс нөмірін бере отырып өтінішті тіркеу;

      2) жауапты орындаушыны айқындау;

      3) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін айқындау;

      4) бұйрыққа қол қою;

      5) тестілеудің, сұхбаттасудың және бағалаудың нәтижесін порталға енгізу;

      6) электронды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат (куәлік) беру.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесі кезіндегі өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      3) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы:

      1) мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш түскен күні тіркеу;

      2) орындаушыны айқындау;

      3) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексеру;

      4) бұйрыққа қол қою және орындауға жіберу – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні;

      5) куәлікке қол қою.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы

      9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды өңдеу ұзақтығы:

      1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдерінің (іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен Е-лицензиялау мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) ақпараттық жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) автоматты түрде ұсынылады және сақталады ("Е-лицензиялау" МДҚ-да тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін тіркеу, көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ға парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);

      3) 1-шарт – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркелген көрсетілген қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль арқылы тексеру;

      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және қызметті алушының құрылымы мен форматтың талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ деректері туралы "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы сұрау салуы;

      6) 2-шарт – ЖТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушының деректерін тексеру;

      7) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты сұрау салынып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

      9) 3-шарт – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      11) 7-процесс – қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);

      12) 8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;

      13) 4-шарт – өтініш бойынша деректерді тексеру;

      14) 9-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-дағы өтініште көрсетілген қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптасқан қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанында біліктілік санатын беру туралы куәлік) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын қолдану арқылы қалыптастырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің рәсімдерінің (іс-қимылдары) толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрініс табады.

  "Фармацевтикалық білімі бар мамандарға
біліктілік санатын беру туралы куәлік беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру"





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады