ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 14.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда:
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Ақша-кредит саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 77 қаулысына 1-қосымша |
|
Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға 1-қосымша |
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шоттың нөмірі | Баланстық шоттың аты |
2012 | Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары |
2013 | Басқа банктердің корреспонденттік шоттары |
2014 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары |
2022 | Шетелдік орталық банктердің талап ету бойынша салымдары |
2023 | Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары |
2024 | Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2034 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қысқа мерзімді заемдар |
2038 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек |
2044 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2048 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек |
2054 | Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2058 | Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек |
2064 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2068 | Заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек |
2112 | Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт қарыздары |
2113 | Басқа банктерден алынған овернайт қарыздары |
2122 | Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары |
2123 | Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары |
2124 | Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары |
2125 | Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар |
2130 | Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым |
2131 | Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты |
2132 | Басқа банктердің жинақ салымдары (бір айдан аспайтын) |
2133 | Басқа банктердің шартты салымдары |
2134 | Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын) |
2135 | Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2138 | Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2143 | Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2201 | Мемлекеттік бюджеттің ақшасы |
2202 | Кастодиан банктердің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттарындағы инвестицияланбаған қалдықтары |
2203 | Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары |
2204 | Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары |
2205 | Жеке тұлғалардың талап ету бойынша салымдары |
2206 | Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары |
2208 | Жеке тұлғалардың шартты салымдары |
2210 | Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері |
2211 | Заңды тұлғалардың талап ету бойынша салымдары |
2213 | Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым |
2214 | Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын) |
2215 | Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары |
2219 | Заңды тұлғалардың шартты салымдары |
2220 | Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын) |
2222 | Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары |
2223 | Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым |
2224 | Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2225 | Клиенттермен өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешек |
2226 | Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2228 | Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар |
2231 | Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2232 | Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2237 | Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты |
2240 | Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты |
2243 | Клинеттердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2245 | Инвестициялық депозиттер |
2551 | Басқа банктермен есеп айырысулар |
2552 | Клиенттермен есеп айырысулар |
2701 | Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар |
2702 | Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2703 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар |
2704 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар |
2705 | Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар |
2706 | Заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар |
2707 | Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар |
2709 | Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2711 | Басқа банктердің овернайт қарыздары бойынша есептелген шығыстар |
2712 | Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2713 | Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар |
2714 | Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2718 | Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар |
2719 | Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2720 | Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2721 | Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2722 | Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2723 | Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар |
2724 | Клиенттердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2727 | Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар |
2730 | Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар |
2731 | Басқа операциялар бойынша есептелген шығыстар |
2741 | Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2742 | Талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2743 | Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2744 | Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2746 | Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2747 | Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2748 | Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2749 | Басқа да мерзімі өткен сыйақы |
2755 | Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыстар |
2855 | Құжаттамамен есеп айырысулар бойынша кредиторлар |
2865 | Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер |
2891 | Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер |
2892 | Форвард операциялары бойынша міндеттемелер |
2893 | Опцион операциялары бойынша міндеттемелер |
2894 | Спот операциялары бойынша міндеттемелер |
2895 | Своп операциялары бойынша міндеттемелер |
2899 | Басқа туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер |
Ескертпе: 2013, 2023, 2024, 2054, 2058, 2113, 2123, 2124, 2125, 2130, 2131, 2132, 2133, 2134, 2135, 2138, 2143, 2203, 2210, 2222, 2225, 2237, 2240, 2551, 2701, 2702, 2705, 2707, 2709, 2712, 2713, 2714, 2722, 2727, 2730, 2731, 2741, 2742, 2743, 2744, 2746, 2747, 2749, 2755, 2855, 2865, 2891, 2892, 2893, 2894, 2895 және 2899 баланстық шоттарында көрсетілген міндеттемелер құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 77 қаулысына 2-қосымша |
|
Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға 3-қосымша |
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шоттың нөмірі | Баланстық шоттың аты |
2036 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді қарыздар |
2046 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар |
2056 | Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар |
2057 | Басқа банктерден алынған қаржы лизингi |
2066 | Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар |
2067 | Алынған қаржы лизингі |
2127 | Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары |
2141 | Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан астам) |
2207 | Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары |
2217 | Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары |
2218 | Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам) |
2227 | Жалдау бойынша міндеттемелер |
2229 | Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам) |
2230 | Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек |
2301 | Айналысқа шығарылған облигациялар |
2303 | Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар |
2306 | Сатып алынған облигациялар |
2745 | Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар |
Ескертпе: 2056, 2057, 2127, 2141, 2227, 2301, 2303, 2306 және 2745 баланстық шоттарда көрсетілген міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.