"Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 шiлдеде № 20924 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған") мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын:

      4 – тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) түзеу жұмыстарын қоғамдық жұмыстарға тартумен, қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы;

      қоғамдық жұмыстардан қасақана жалтарған жағдайда қоғамдық жұмыстарға тартуды қамауға алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы;

      бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы;

      еңбекке қабілеттігін толық жоғалтқан кезде түзеу жұмыстарының қалған бөлігін орындаудан босату туралы;

      қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталып, бақылаудан жасырынып жүрген және жазасын өтеуден жалтарған адамдарға қатысты iздестiру жариялау, оны тоқтату және бұлтартпау шарасын таңдау туралы;

      бас бостандығын шектеуге және түзеу жұмыстарына сотталғандарды жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату туралы;

      шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе пробациялық бақылау мерзімін ұзарту туралы;

      бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшiн бұрын белгiленген мiндеттердiң күшiн толық немесе iшiнара жою туралы;

      қамауда ұсталған мерзiмді есепке алу туралы;

      жазаны орындауды кейінге қалдырудыжою туралы;

      керi күшi бар не жасалған іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын қылмыстық заңның шығуы, сондай-ақ рақымшылық жасау актiсiнiң шығуы салдарынан жазадан босату немесе жазаны жеңiлдету туралы;

      ауруына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып немесе қолданбай жазадан босату туралы;

      түзеу жұмыстарына сотталған адамның жалақысынан ұсталатын мөлшерін Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес төмендету туралы мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің сәйкес сотқа ұсыным енгізеді.";

      12- параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын

      "12-Параграф. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ұсыну не ауруына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып немесе қолданбай жазадан босату туралы тәртібі";

      113- тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сотталғанның жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішіне оның жеке басын, мінез-құлқын сипаттайтын деректерді қоса ұсынады.";

      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Сот бас тартқан жағдайда қайта өтінішхат бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 114-1-тармақпен толықтырылсын:

      "114-1. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінен арнайы медициналық комиссияның оң қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Пробация қызметі сотқа осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғанды ауруына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып немесе қолданбай жазасын өтеуден босату туралы ұсынымды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9762 тіркелген) Жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидаларына сәйкес жасалған және берілген арнайы медициналық комиссияның қорытындысын және сотталғанның жеке ісін жолдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады