"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 3 шiлдедегi № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 шiлдеде № 20933 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 27.01.2023 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына және "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12000 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.Академияның магистранттары мен докторанттарының контингентін қалыптастыру:

      1) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;

      2) қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқыту үшін, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бекітетін қабылдау жоспары арқылы жүзеге асырылады.";

      7, 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.Академияның ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша магистратурасына жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.

      Академияның бейіндік бағыты бойынша магистратурасына жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.

      Қашықтықтан білім беру технологиялары қолданылатын магистратураға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл басшы лауазымдарда жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.

      8. Академияның PhD докторантурасына құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар, ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураны бітірген немесе педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларын қосымша игерген жағдайда бейіндік бағыттағы магистратураны бітірген құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.

      Академияның бейіндік докторантурасына құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар және "магистр" дәрежесі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қабылдау комиссиясы:

      1) осы Қағидалардың 14, 15-тармақтарында көрсетілген оқуға үміткерлер ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асырады және үміткерлердің қабылдау шарттарына сәйкестігін анықтайды.

      Нұқсан келтіретін мәліметтер (әкімшілік құқық бұзушылықтар немесе тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін өтелмеген жазалар; құқық қорғау қызметінің беделін түсіретін теріс қылықтар жасау, сондай-ақ жүргізіліп жатқан қызметтік тергеулер туралы мәліметтер) болған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсуге үміткерге құжаттарды одан әрі қараусыз қайтарады;

      2) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен арыздарды қарастырады;

      3) оқуға түсуге үміткерлердің тізімін қалыптастырады;

      4) емтихандық комиссия жұмысының нәтижелерін ескере отырып, Академияның магистранттары мен докторанттарының санына қабылдау туралы мәселені қарастырады;

      5) оқуға үміткерлерді қабылдау нәтижелеріне талдау жүргізеді және жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.";

      14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Академияның магистратурасына оқуға түсу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Академия ректорының атына баянат;

      2) кадрларды тіркеу бойынша жеке парақ;

      3) соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестаттау парағының көшірмесі;

      4) тікелей басшысы қол қойған соңғы қызмет орнынан мінездеме;

      5) кадр қызметі берген құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы анықтама;

      6) соңғы арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбын беру туралы бұйрықтардан үзінді;

      7) ішкі (өзіндік) қауіпсіздік қызметінің нұқсан келтіретін мәліметтердің (әкімшілік құқық бұзушылықтар немесе тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін өтелмеген жазалар; құқық қорғау қызметінің беделін түсіретін теріс қылықтар жасау, сондай-ақ жүргізіліп жатқан қызметтік тергеулер туралы мәліметтер) болмауы туралы қорытындысы;

      8) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      9) жоғары білімі туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      10) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болған жағдайда);

      11) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар болған жағдайда);

      12) ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар немесе дипломдар (олар болған жағдайда);

      13) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес 086-У нысанындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама;

      14) 3х4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

      15) шет тілі бойынша тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртектің түпнұсқасы.

      15. Академияның докторантурасына оқуға түсу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына:

      1) осы Қағидалардың 14-тармағының 1)-15) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;

      2) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      3) негізгі дипломға педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларды игергені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін (бейінді бағыттағы магистратураны бітірген үміткерлер үшін) ұсынады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қағидалардың 14-15-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы үміткерлерден құжаттарды қабылдамайды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Емтихан комиссиясы магистратураның, докторантураның кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша емтихан өткізу үшін құрылады және комиссия төрағасынан, хатшыдан және комиссияның кемінде үш мүшесінен тұрады, олардың екеуі ғылым кандидаттары немесе докторлары немесе философия докторлары (PhD) санынан тағайындалады.

      Емтихан комиссиясының құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.";

      21-тармақ алынып тасталсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзіреттеріне (стандарттарына) сәйкес шетел тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың біреуіне ие үміткерлер магистратураға және докторантураға шетел тілі бойынша түсу емтиханынан мынадай тілдер бойынша босатылады:

      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm - Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – магистратураға шекті балл - кемінде 163 балл; докторантураға - кемінде 138 балл;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл магистратураға - кемінде 46 балл; докторантураға - кемінде 32 балл;

      Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) магистратураға шекті балл - кемінде 453 балл; докторантураға - кемінде 400;

      Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – магистратураға шекті балл - кемінде 65 балл; докторантураға - кемінде 47 балл;

      International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), магистратураға шекті балл - кемінде 5,5 балл; докторантураға – кемінде 4.5;

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган): магистратураға (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/С1 деңгейі); докторантураға (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

      француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) магистратураға және докторантураға – кемінде 400 балл.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Магистратураға, докторантураға түсушілер үшін білім беру бағдарламалары бойынша емтихан білім берудің алдыңғы деңгейлеріндегі білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі.

      Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсу емтиханын өткізу бағдарламасын және кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, өткізу орны) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және түсу емтиханы басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын үміткерлердің назарына жеткізіледі.

      Магистратураға, докторантураға түсу емтихандарының бағдарламасын Академия өздігінше қалыптастырады және ол Академия Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Магистратураға, докторантураға оқуға білім беру бағдарламалары бойынша түсу емтихандарының нәтижесі бойынша осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес 100 балдық бағалау жүйесі шкаласына сәйкес шекті балл жинаған үміткерлер конкурстық негіз бойынша қабылданады.

      Шекті балл жыл сайын Академия Ғылыми кеңесінің шешімімен белгіленеді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      33. Академияға қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін магистратураға, докторантураға қабылданған қызметкерлермен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Білім беру қызметтерін көрсетуге келісімшарт (магистратура/докторантура) жасасады.

      Келісімшартқа Академия ректоры, магистратураға немесе докторантураға оқуға қабылданған қызметкер қол қояды.";

      1, 3, 4, 5-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;

      1-1, 2-қосымшалар алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а.
Е. Кененбаев

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а.
2020 жылғы 3 шілдесі
№ 83 бұйрығына
1-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдарының
академиясына оқуға қабылдау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясының ректоры
____________________________
  (ректордың Т.А.Ә.
(ол бар болған жағдайда)
____________________________
(оқуға түсуге үміткердің Т.А.Ә.
(ол бар болған жағдайда),
сыныптық шені/біліктілік
сыныбы/арнайы атағы,
лауазымы, телефоны)

Баянат

      Сізден Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау

      органдары академиясының

      ____________________________________________ білім беру бағдарламасы бойынша

      __________________________________________ кадрларды даярлау бағыты бойынша

      ___________________________________________________________________

      (білім беру бағдарламасының, кадрларды даярлау бағытының коды және атауы)

      _____________________________________________________ оқыту мерзімі

      ____________________________________________________________________

      (күндізгі оқыту нысаны бойынша/қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана

      отырып, күндізгі оқыту

      ___________________________________________________________ нысаны бойынша

      нысаны бойынша)

      магистратурасына/ PhD докторантурасына (керегінің астын сызу керек) оқуға түсу

      үшін маған түсу емтихандарын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Шет тілі бойынша емтихан тапсыру тілі _______________________________________

      (емтихан тапсыру тілін көрсету керек)

      _____________________________

      (оқуға үміткердің қолы, күні)

      Келісілді

      ______________________________

      (оқуға үміткердің тікелей басшысының Т.А.Ә,

      (бар болған жағдайда), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а.
2020 жылғы 3 шілдесі
№ 83 бұйрығына
2-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдарының
академиясына оқуға қабылдау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдарының академиясына оқуға қабылдау қағидаларының 14, 15-тармақтарына сәйкес ____________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

      жеке басты куәландыратын құжат № __________________________________________

      келесі құжаттар қабылданды:

      1. _______________________________________ - ___ парақ саны.

      2. _______________________________________ - ___ парақ саны.

      3. _______________________________________- ___ парақ саны.

      4. _______________________________________ - ___ парақ саны.

      5. _______________________________________ - ___ парақ саны.

      Құжаттарды қабылдады:

      Қабылдау комиссиясының хатшысы __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), қолы)

      20__ жылғы ___ ___________

      Қолхатты алдым __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты ( ол бар болған жағдайда), құжат тапсырушының қолы)

      Ескертпе: қолхат 2 данада жасалады, 1- данасы құжат тапсырған адамға қол қою

      негізінде тапсырылады, 2- данасы оқуға түсуге үміткердің оқу ісіне тіркеледі.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а.
2020 жылғы 3 шілдесі
№ 83 бұйрығына
3-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдарының
академиясына оқуға қабылдау
қағидаларына
4-қосымша

100-балдық бағалау жүйесiнің шкаласы

100-балдық бағалау жүйесі бойынша балдар

4-балдық бағалау жүйесі бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

30-49

Қанағаттанарлықсыз (2)

0-29

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а.
2020 жылғы 3 шілдесі
№ 83 бұйрығына
4-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясына оқуға қабылдау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Білім беру қызметтерін көрсетуге келісімшарт (магистратура/докторантура)

      20__ жылғы "__" __________

      Осы Білім беру қызметтерін көрсетуге келісімшарт (магистратура/докторантура) (бұдан әрі – Келісімшарт) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) білім беру қызметтерін көрсетуге (магистратура/докторантура (қажеттісінің астын сызу) бір тараптан Жарғы негізінде әрекет ететін, Академия ректоры _________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (лауазымы, сыныптық шені / арнаулы атағы / біліктілік сыныбы, тегі,

      _______________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      атынан, __________________________ мекен-жайында орналасқан (мемлекеттік тіркеу

      туралы _________________ № __________ анықтама, Қазақстан Республикасы Білім

      және ғылым министрлігі берген _________________ № ____________ лицензия)

      бұдан әрі "Академия" деп аталатын Академия және екінші тараптан бұдан әрі

      "магистрант/ докторант" деп аталатын, құқық қорғау органының қызметкері

      ________________________________________________________________________

      (лауазымы, сыныптық шені/арнаулы атағы / біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)) ______________________________________________________

      арасында төмендегілер туралы жасалды:

1. Келісімшарттың мәні

      1. Академия күндізгі оқыту нысаны /ларыларыларықтықтан білім беру технологиялары қолданылатын күндізгі оқыту нысаны бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес келетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша магистрантты/докторантты оқытуды ұйымдастыру бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдайды.

      Білім беру бағдарламасының (кадрларды даярлау бағыты) коды мен атауы: ________________________________________________________________________________

      Мерзімі ___________________________________________________________________

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. Академия:

      1) конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына сай/Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгілейтін қабылдау жоспарына сәйкес магистрантты/докторантты қабылдауға;

      2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес магистрантты/докторантты оқытуды қамтамасыз етуге;

      3) күндізгі оқыту нысаны бойынша оқитын (қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқитын білім алушылардан басқа) магистрантқа/докторантқа оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы (уақытша атқарылмайтын) штаттық лауазымы бойынша лауазымдық жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық жалақы, сондай-ақ арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшiн қосымша ақы төлеуге міндетті.

      3. Академия:

      1) магистранттан/докторанттан осы Келісімшартқа, Ішкі тәртіп қағидаларына және Академия Жарғысына сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды талап етуге;

      2) магистранттардың/докторанттардың оқу жетістіктерін тексеру мақсатында ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысанын анықтауға;

      3) магистрантты/докторантты академиялық үлгермегені, академиялық адалдық қағидаттарын, Ішкі тәртіп қағидаларын, Академия Жарғысын және осы Келісімшарттың шарттарын бұзғаны үшін оқудан шығаруға құқылы.

      4. Магистрант / докторант:

      1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары көлемінде білімді, іскерлікті және практикалық дағдыларды меңгеруге;

      2) Академиялық адалдық принциптерін сақтауға және Академия ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, Жарғы мен Ішкі тәртіп қағидаларын және осы Келісімшарттың шарттарын орындауға;

      3) магистратурада/докторантурада оқу кезеңінде:

      ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімі мен нысаны);

      практика, тағылымдама (бағдарлама, база, есептілік мерзімі мен нысаны);

      негіздемесі мен құрылымы бар диссертация (жоба) тақырыбы;

      диссертацияны (жобаны) орындау жоспары;

      ғылыми жарияланымдардың жоспары, ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық) конференцияларға қатысу және басқа.

      белгіленген мерзімде МЖЖЖ/ДЖЖЖ орындалуы туралы белгі;

      диссертацияны (жобаны) дайындау;

      диссертацияның (жобаның) нәтижелерін практикалық, педагогикалық және ғылыми қызметке енгізу;

      ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудан өту: кешенді емтихан тапсыру, диссертацияны (жобаны) қорғау бөлімдерін және басқаны қамтитын жеке жұмыс жоспарын орындауға;

      4) отбасы жағдайы, тұрғылықты жері, телефоны өзгерген кезде жоғарыда көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы хабарлауға;

      5) оқуды аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл жұмыс істеуге (қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқитын білім алушылардан басқа) міндетті.

      5. Магистрант / докторант:

      1) магистратураның/докторантураның білім беру бағдарламасында көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында Академияның материалдық-техникалық жарақтандырылуын пайдалануға;

      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне қатысуға, өз жұмыстарын жариялауға, оның ішінде Академия басылымдарына ұсынуға;

      3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Осы Келісімшартта көзделмеген жағдайларда, тараптардың өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін олар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Академия Жарғысына сәйкес жауапты болады.

      7. Магистрант/докторант мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша/Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгілеген қабылдау жоспарына сәйкес оқу құқығынан ол оқудан шығарылған немесе ауыстырылған жағдайда айырылады.

      8. Осы Келісімшарттың 4-тармағының 5) тармақшасын орындамағаны үшін магистрант/докторант Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқуға жұмсалған бюджет қаражатын және оны оқытуға байланысты өзге де шығындарды мемлекетке өтейді.

      9. Магистратурадан/докторантурадан академиялық үлгермегені, Академияның Ішкі тәртіп қағидаларын және Жарғысын бұзғаны үшін шығарылған жағдайда магистрант/докторант (қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқитын білім алушылардан басқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқуға жұмсалған бюджет қаражатын және оны оқытуға байланысты өзге де шығындарды мемлекетке өтейді.

      Ұстауға жататын сома Академияда болған әрбір толық айға барабар есептеледі.

      10. Одан әрі құқық қорғау органдарынан шығарыла отырып, магистратурадан/докторантурадан өз еркімен шығарылған жағдайларда магистрант/докторант (қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқитын білім алушылардан басқа);

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқуға жұмсалған бюджет қаражатын және оны оқытуға байланысты өзге де шығындарды өтейді.

4. Дауларды шешу тәртібі

      11. Осы Келісімшартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдер әзірлеу мақсатында тараптар тікелей қарайды.

      12. Тараптардың келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер әзірлеу жолымен шешілмеген мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес немесе сот тәртібімен шешіледі.

5. Форс-мажор

      13. Су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және Келісімшартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды.

      14. Билік пен басқару органдарының Тараптардың тым болмаса біреуінің осы Келісімшарттың міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін актілерді қабылдауы да Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде танылады.

      15. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.

6. Келісімшарттың қолданылу мерзімі, шарттарды өзгерту тәртібі және оны бұзу

      16. Осы Келісімшарт тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және оқу аяқталғаннан кейін құқық қорғау органдарында үш жыл қызмет атқару уақыты өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.

      17. Осы Келісімшарттың шарттары тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

      18. Осы Келісімшарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік/орыс тілдерінде 3 данада жасалады. Бір данасы Академияда қалады, екінші данасы магистранттың/докторанттың жеке ісіне тіркеу үшін тиісті құқық қорғау органына жолданады, үшінші данасы магистранттқа/докторанттқа беріледі.

Магистрант/докторант

Академия

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Академия ректоры ________________

жеке басын куәландыратын құжаттың
№_____________________________________
_________________________берілген
_______________________________________
Қолданыс мерзімі ______________________
_______________________________________

_________________________________
(Академияның заңды мекенжайы)

ЖСН ____________________________

БСК __________________________

Тұрғылықты жері _______________
_______________________________

БСН___________________________

Телефоны _________________________

Қолы __________________________

Электрондық пошта


Қолы __________________________






      Академияның Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиямен, Ішкі

      тәртіп қағидаларымен, осы Келісімшартпен таныстым ________________________________

                                                      (магистранттың/докторанттың қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады