"Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №104/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 3 шiлдедегi № 47/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 шiлдеде № 20934 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17973 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Рұқсат беру органы рұқсатты немесе рұқсат беруден дәлелді түрде бас тартуды өтініш тіркелген сәттен бастап сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық құжат түрінде береді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары туралы есеп рұқсат беру органына есеп беретін жылдан кейінгі жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Есептің түпнұсқасы екінші санаттағы рұқсат иесінің тіркеуіне қойылады.";

      аталған бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Масимов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы "___" ________

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2020 жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 3 шілдедегі
№ 47/қе бұйрығына
қосымша
  Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге
асыру қағидаларын және
Ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарын өткізуге
(оның ішінде өзгеше беруге)
рұқсатты беру бойынша рұқсат
беру талаптарын және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
2-қосымша
  Нысан

20____ жылғы "___" ______ бастап 20_____ жылғы "___" _____ дейінгі кезеңде өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары туралы ЕСЕП

Р/с №

Өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының атауы, техникалық зерттеу бойынша қорытындының нөмірі және күні

Өткізу үшін негіз (келісімшарттың (шарттың) нөмірі, жасалу және орындау мерзімі, өткізуге шарт жасалған ұйымның заңды және нақты мекен жайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (болса), байланыс телефондары)

Өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының саны

1

2

3

4





      _____________________________ ____________ ________________________________

      басшының лауазымы             қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      М.О. (ол болған жағдайда)

      ______________________

      қойылған күні

Ескертпе::

өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары туралы есеп DOC форматтағы 2-санатты рұқсаты бар уәкілетті тұлғаның электронды-сандық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде рұқсат беру органына есеп беретін жылдан кейінгі жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Есептің түпнұсқасы екінші санаттағы рұқсат иесінің тіркеуіне қойылады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады