Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 327 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 шiлдеде № 20988 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15928 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларында:

      29-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке куәлікті көрсетеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігін қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі құрылымдық бөлімшелерге және лауазымды адамдарға жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитеті

      ______________________

      2020 жылғы "____" ________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      ______________________

      2020 жылғы "____" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады