БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16960 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шикі мұнай және газ конденсаты айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – Субъектілер) аудит өткізіп, интеграциялауға дайындығын бағалау үшін Жүйе операторына өздерінде бар Кодекстің 144-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес тұтынушыға беруге дайындалған айналымдағы шикi мұнайдың және газ конденсатының саны туралы деректерді есепке алу жүйелеріне (бұдан әрі – Субъектілердің жүйелері) қолжетімділік береді.
Жүйе операторын Кодекстің 144-бабының 2-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайды.
Жүйені қалыптастыру кезінде Субъектілермен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде алынған "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесінің деректері пайдаланылады.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. |
М. Журебеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі