"Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 17 шiлдедегi № 48/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 шiлдеде № 21001 болып тіркелді

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына, "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі (Қоңқашев Ш.Р.):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында оны орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Масимов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 17 шілдедегі
№ 48/қе бұйрығына
1 қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына
1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

Р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге

ҚҚС ескерілген бағасы, теңге

1

2

3

4

5

1.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық - экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу:


"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныстың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

152 622

170 936


"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған бюджеттік инвестициялардың қаржылық - экономикалық негіздемесінің ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

178 059

199 426


"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

178 059

199 426

2.

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру

1 қызмет*

887 095 812

993 547 309

3.

Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыру

1 қызмет*

324 845 031

363 826 435

4.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу

1 инцидент

2 214 719

2 480 485

5.

Ақпараттық - коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісу

1 қызмет

366 847

410 869

6.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу:


Бастапқы кодтарды талдау

1 Мбайт

8 620

9 654


Жүктемелік сынау

1 пайдалану нұсқасы

471 760

528 371


Желілік инфрақұрылымды зерттеп - қарау

1 кіші желі

825 361

924 405


Ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау

1 жүйе/
кіші жүйе

750 228

840 255


Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау

1 жүйе/
кіші жүйе

755 227

845 855

7.

Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асыру

1 қызмет*

115 664 238

129 543 947

8.

Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі

1 қызмет*

352 626 334

394 941 494

9.

Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу:


Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерін орнату

1 оқиғалар көзі*

1 825 177

2 044 198


Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерін техникалық қолдап отыру

1 оқиғалар көзі *

7 300 709

8 176 794


Ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мониторингі объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын бақылау

1 IP-мекенжайы*

87 162

97 622

10.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асыру

1 қызмет*

679 150 177

760 648 199

11.

Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық жүйесін техникалық қолдап отыруды жүзеге асыру

1 қызмет*

137 425 104

153 916 117

      Ескертпе:

      * қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі;

      ** қызметтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 17 шілдедегі
№ 48/қе бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына
2-қосымша

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

Р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге

ҚҚС ескерілген бағасы, теңге

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін техникалық қолдап отыру

1 қызмет*

1 418 895 047

1 589 162 452

2.

Ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығын ұйымдастыру және техникалық қолдап отыру

1 қызмет*

77 444 663

86 738 023

      Ескертпе:

      * қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады