"Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 236 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 шiлдедегi № 691 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 шiлдеде № 21027 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16483 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Электрондық нысандағы жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу (оның электрондық нұсқасын енгізгенге дейін экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қоспағанда) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған тіркеу нөмірін осындай декларацияға беру жолымен жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация қағаз тасымалдағышында берілген жағдайда уәкілетті лауазымды адам оны осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және (немесе) электрондық түрдегі экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу журналында көрсетілген декларацияның жоғарғы сол жақ бұрышына тіркеу нөмірін қоя отырып тіркейді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 28 шілдедегі
№ 691 бұйрығына
қосымша
  Жолаушыларға арналған
кедендік декларацияны тіркеу
немесе тіркеуден бас тарту
қағидаларына
қосымша
  нысан

Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу журналы

Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу күні (күні, айы, жылдың соңғы екі цифры)

Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды

Тіркеу нөмірі

Декларант (кедендік тасымалдау шы)

Тауардың саны, дана

Жалпы салмағы (брутто), килограмм

Жалпы құны, теңге

Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеген уәкілетті лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады