"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 711 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 тамызда № 21062 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:

      9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      253 "Облыстың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      2 "Әлеуметтiк көмек" функционалдық кіші тобында:

      333 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 006 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "006 Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      266 "Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      006 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      483 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" және 487 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 және 034 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 088 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "088 Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне кредит беру

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      321 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың тұрғын үй және тұрғын саясаты басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      008 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      483 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      010 "Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";

      055 "Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 028 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен";

      809 "Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" және 810 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономиканың нақты секторы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мындай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 070 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын :

      "070 Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеу

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      3 "Елді-мекендерді көркейту" функционалдық кіші тобында:

      813 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      035 "Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      253 "Облыстың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005, 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 065 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      005 Ішкі қарыздар есебінен

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      266 "Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      065 "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      754 "Облыстың қоғамдық денсаулық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 065 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады