ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе)
"Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 14-1/549 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7230 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 346-347 (26737-26738) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимінде:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Су пайдаланушы ағынды реттеу үшін арнайы су пайдалануға арналған рұқсатнама алғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясына (бұдан әрі - Бассейндік инспекция) осы Пайдалану режимінің қосымшасына сәйкес нысанда су қоймасын пайдалану режимін келісуге ұсынады.
5. Бассейндік инспекция ұсынылған Пайдалану режимін он бес күнтізбелік күні ішінде қарастырып, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне (бұдан әрі - Комитет) бекітуге ұсынады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті жылға арналған ресми деректерінің негізінде Бассейндік инспекция ұсынылған Пайдалану режиміне түзетулер енгізеді.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Пайдалану режимі бекітілген соң Комитет үш жұмыс күн ішінде Бассейндік инспекцияға бекітілген Пайдалану режимінің көшірмесін жолдайды.
8. Бассейндік инспекция бекітілген Пайдалану режимінің көшірмесін екі жұмыс күн ішінде су пайдаланушыға жазбаша түрде жолдайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде су пайдаланушы Пайдалану режимін жедел реттеу жөнінде шаралар қабылдайды және бұл туралы Бассейндік инспекцияны бір күнтізбелік күн ішінде жазбаша түрде хабардар етеді.".
"Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19-1/441 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11811 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң келісілген нормативтерін су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлетті орган ведомствосы бекiтедi.".
3. "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал сел қаупі бар аудандарда - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келiсiлiп, бекiтiлген жобалау құжаттамасы негiзiнде белгiлейдi.".
4. "Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/718 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12109 болып тіркелген, 2015 жылдың 6 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - уәкілетті орган ведомствасы) мемлекеттік органдардан алынған мемлекеттiк мониторингінің бастапқы материалдарын жинауды, қорытуды, талдау мен бағалауды қамтамасыз етедi.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібі су объектілерін пайдалану, мемлекеттік мониторингі";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Уәкілетті органның ведомствосы суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, жер үстi су объектiлерінің мемлекеттiк мониторингi бөлiгінде:
1) мемлекеттiк органдардың суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, су объектiлерінің мемлекеттiк мониторингiн жүргiзумен байланысты жұмысын үйлестiредi;
2) ведомстволық бағыныстағы су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарда су мониторингi мен оны есепке алуды жүзеге асырады;
3) бастапқы су пайдаланушыларды тiркеудi жүзеге асырады;
4) су пайдаланушылардың суды бастапқы есепке алуды дұрыс жүргiзуiн бақылайды, сондай-ақ су пайдаланушылардың есептiлiгi негiзiнде су пайдалануды есепке алуды жүзеге асырады;
5) қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органдарға жер үстi суларын пайдалануды есепке алу жөнiндегi қорытылған деректердi тегін бередi;
6) ұлттық гидрометереологиялық қызметіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган ведомствосының өңірлік органдарының ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының өңірлік органдарының ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне, дағдарыс жағдайларында басқару орталығына және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынатын жедел гидрологиялық ақпараттардың тізбесінде көрсетілген ақпаратты дағдарыс жағдайларында басқару орталығына тегін береді;
7) су объектілерiнiң жай-күйi мен су ресурстарының пайдаланылуы туралы деректердi жыл сайын қорытады, ақпаратты өңдеудi, жинақтауды, сақтауды, таратуды жүргізедi";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Су пайдаланушылар:
1) "Жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті ұсыну нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 254 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10833 болып тіркелген) және "Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11131 болып тіркелген) сәйкес тәртіпте бастапқы есеп жүргiзедi;
2) су жинау және су ағызу құрылыстарын су шығысы мен деңгейiн өлшеу құралдарымен жабдықтайды, сондай-ақ өздiгінен ағып жатқан ұңғымаларда реттеушi құрылғылар орнатады және стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттiк органдарында оларды тексеруді және аттестаттауды қамтамасыз етедi;
3) өз зертханаларында немесе мемлекеттiк аттестатталған басқа кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің зертханаларында ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етедi;
4) ластаушы заттардың авариялық ағызылуы туралы, сондай-ақ су объектілерiнен су алу және оларға су ағызудың белгiленген режимiнiң бұзылуы туралы шұғыл ақпаратты уәкілетті органның ведомствосына, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі (жер асты сулары бойынша), қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган водомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне бередi.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Мемлекеттік су кадастрын жүргізу тәртібі";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. МСК-ны жүргiзудi уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау (жер үстi сулары бойынша) саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен (жep асты сулары бойынша) бiрлесiп жүзеге асырады.
МСК деректерi өзендер, теңiздер, мұздақтар мен көлдep, су шаруашылығы бассейндерi мен учаскелерi бойынша, облыстар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша, ал жер асты сулары бөлiмi бойынша қосымша - гидрогеологиялық өңiрлер мен бассейндер бойынша жүйелендіріледі және басып шығарылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. МСК жүргiзу жүйесiнің бiртұтастығын (тиiстi бөлiмдер бойынша) қамтамасыз ету және жалпы мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру үшiн уәкілеттi орган үйлестiру-сарапшылық кеңесiн құрады, оның құрамына тепе-тең бастамада уәкілеттi орган ведомствосының, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның өкiлдерi енеді.".
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. МСК басылымдарын баспасөзге шығаруға және жариялауға дайындауды уәкiлеттi органның ведомствосы жүзеге асырады және Экологиялық кодекстің 151-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесiне орналастыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.";
көрсетілген қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы тізбеге 1, 2, 4 және 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-1/1051 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12626 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысаны осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Уәкілетті орган ведомствосының өңірлік органдарының ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне, дағдарыс жағдайларында басқару орталығына және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынатын жедел гидрологиялық ақпараттардың тізбесі
Р/с № | Су қоймасының атауы | Ақпарат түрі | Кезеңділігі |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ақмола облысы | |||
1. | Астана | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер |
жыл бойы немесе он күндікте 1 рет; |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
2. | Сілеті | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | су тасуы кезеңінде |
3. | Шағылы | су қойманың деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | су тасуы кезеңінде |
Ақтөбе облысы | |||
4. | Ақтөбе | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | су тасуы кезеңінде күн сайын |
5. | Қарғалы | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | су тасуы кезеңінде күн сайын |
Алматы облысы | |||
6. | Бартоғай | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | жыл бойы немесе он күндікте 1 рет |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
7. | Күрті | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | жыл бойы немесе он күндікте 1 рет |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
Жамбыл облысы | |||
8. | Тасөткел | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | жыл бойы немесе он күндікте 1 рет |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
9. | Теріс-Ащыбұлақ | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | жыл бойы немесе он күндікте 1 рет |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
Қарағанды облысы | |||
10. | Жезді | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | су тасуы кезеңінде күн сайын |
11. | Кеңгір | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | су тасуы кезеңінде күн сайын |
12. | Самарқанд | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | жыл бойы немесе он күндікте 1 рет |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
13. | Топар | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | жыл бойы немесе он күндікте 1 рет |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
Қостанай облысы | |||
14. | Желқуар | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | су тасуы кезеңінде күн сайын |
15. | Жоғарғы Тобыл | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | су тасуы кезеңінде күн сайын |
16. | Қаратомар | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | су тасуы кезеңінде күн сайын |
Түркістан облысы | |||
17. | Бадам | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | жыл бойы немесе он күндікте 1 рет |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
18. | Бөген | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | жыл бойы немесе он күндікте 1 рет |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
Солтүстік Қазақстан облысы | |||
19. | Сергеев | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер |
жыл бойы немесе он күндікте 1 рет; |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын |
1. Сырдария өзеніндегі су алу туралы күн сайынғы мәліметтері - суару кезеңінде;
2. Арыс каналына су алудың онкүндік шамасы - жыл бойы.
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің уәкілетті органның ведомствосына және оның өңірлік органдарына, дағдарыс жағдайларында басқару орталығына және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынатын болжамдық және гидрологиялық ақпараттардың тізбесі
Р/с | Ақпарат түрі | Кезеңділігі | Ақпаратты беретін ұйым | Ақпаратты алатын ұйым |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстанның бассейндеріндегі 1 ақпандағы деректер бойынша су қорының жиналуы және су тасуы және суару кезеңінде күтілетін өзен сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (алдын ала болжам) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі | уәкілетті органның ведомствосы және оның бассейндік инспекциялар, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
2 | Қазақстанның бассейндеріндегі 1 наурыздағы деректер бойынша су қорының жиналуы және су тасуы және суару кезеңінде күтілетін өзен сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі | уәкілетті органның ведомствосы және оның бассейндік инспекциялар, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
3 | Ашу мерзімінің болжамы (Ертіс, Сырдария) | Жылына бір рет (қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның филиалдары | уәкілетті органның ведомствосы және оның бассейндік инспекциялар, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
4 | Жүзбе мұздың пайда болуының және мұзқұрсаудың анықталуының болжамы (Ертіс, Сырдария, Іле) | Жылына бір рет (қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның филиалдары | уәкілетті органның ведомствосы және оның бассейндік инспекциялар, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
5 | Түркістан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінің бассейндеріндегі 1 сәуірдегі деректер бойынша ылғал қорының жиналуы туралы консультациялық анықтама және суару кезеңіндегі сулылыққа болжам | Жылына бір рет (1 сәуірге берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның филиалдары | уәкілетті органның ведомствосы және оның бассейндік инспекциялар, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
6 | Қазақстан Республикасы бойынша күн сайынғы гидрологиялық бюллетені | Күн сайын (демалыс және мерекелік күндерін қоспағанда) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның филиалдары | уәкілетті органның ведомствосы және оның бассейндік инспекциялар, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
7 | Сырдария өзенінде мұзқұрсау кезеңіндегі су-мұз жағдайы туралы анықтама | 1 желтоқсаннан бастап тұрған мұздың бұзылу күніне дейін күн сайын (демалыс және мерекелік күндерін қоспағанда) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның филиалдары | уәкілетті органның ведомствосы және оның бассейндік инспекциялар, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
Ақмола облысы | ||||
8 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Ақмола филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі |
9 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
10 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасуы кезеңінде күн сайын | ||
Ақтөбе облысы | ||||
11 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Ақтөбе филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе учаскесі, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі |
12 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
13 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасуы кезеңінде күн сайын | ||
Алматы облысы | ||||
14 | Өзендер мен су қоймаларындағы су балансы: | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Алматы филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы | |
Балқаш көлі бойынша | Жылына бір рет | |||
Қапшағай су қоймасы бойынша | Айына бір рет | |||
15 | Ай сайынғы және 2 және 4-тоқсандардағы Қапшағай су қоймасына ағып келген судың болжамы | Ай сайын, 1 наурыздағы және 1 сәуірдегі деректер бойынша жылына бір рет | ||
16 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Күн сайын | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі | |
17 | 1 наурыздағы деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам) | ||
18 | 1 сәуірдегі деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 сәуірге берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
Атырау облысы | ||||
19 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Атырау филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі |
20 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
21 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасуы кезеңінде күн сайын | ||
Батыс Қазақстан облысы | ||||
22 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Батыс Қазақстан филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Батыс Қазақстан учаскесі, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі |
23 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
24 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасуы кезеңінде күн сайын | ||
Жамбыл облысы | ||||
25 | 1 наурыздағы деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Жамбыл филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшес |
26 | 1 сәуірдегі деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 сәуірге берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
27 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Күн сайын | ||
Қарағанды облысы | ||||
28 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Қарағанды филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі |
29 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
30 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасуы кезеңінде күн сайын | ||
Қостанай облысы | ||||
31 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Қостанай филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі |
32 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
33 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасуы кезеңінде күн сайын | ||
Қызылорда облысы | ||||
34 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Күн сайын | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Қызылорда филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы |
1 желтоқсаннан 1 сәуір кезеңінде | дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі | |||
Маңғыстау облысы | ||||
35 | Каспий теңізінің деңгейі туралы гидрологиялық деректер | Ай сайын | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Маңғыстау филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Маңғыстау учаскесі, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі |
Түркістан облысы | ||||
36 | 1 наурыздағы деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Оңтүстік Қазақстан филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының Оңтүстік Қазақстан учаскесі, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі |
37 | 1 сәуірдегі деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 сәуірге берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
38 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Күн сайын | ||
Павлодар облысы | ||||
39 | 1 наурыздағы деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Павлодар филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының Павлодар учаскесі, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі |
40 | 1 сәуірдегі деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 сәуірге берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
41 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасуы кезеңінде күн сайын | ||
Солтүстік Қазақстан облысы | ||||
42 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Солтүстік Қазақстан филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясының Солтүстік Қазақстан учаскесі, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі |
43 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
44 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасуы кезеңінде күн сайын | ||
Шығыс Қазақстан облысы | ||||
45 | Бұқтырма су қоймасына ағып келген судың айлардағы және тиісті тоқсандағы болжамы | Ай сайын, тоқсанына бір рет | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның Шығыс Қазақстан филиалы | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы, дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі |
46 | Шүлбі су қоймасына ағып келген судың айлардағы және тиісті тоқсандағы болжамы | Ай сайын, тоқсанына бір рет | ||
47 | Оба және Үлбі өзендерінің жалпы ағынының болжамы | Табиғатты қорғау су тастаулар жүргізу кезеңінде күн сайын | ||
48 | Табиғатқорғау су тастаулар жүргізу кезеңіндегі Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына ағып келген судың нақты деректері | Табиғатты қорғау су тастаулар жүргізу кезеңінде күн сайын | ||
49 | 1 наурыздағы деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам) | ||
50 | 1 сәуірдегі деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 сәуірге берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
51 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Күн сайын | уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы | |
Су тасуы кезеңінде күн сайын | дағдарыс жағдайларында басқару орталығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі |
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің уәкілетті органның ведомствосына және оның өңірлік органдарына ұсынатын режимді-анықтамалық ақпараттардың тізбесі
Келесі гидрологиялық бекеттер бойынша өткен жылғы орташа айлық және орташа жылдық су жұмсау: | |
1 | 2 |
Ақмола облысы | |
1 | Есіл өзені-Вологодоновка ауылы |
2 | Есіл өзені-Тургеновка ауылы |
3 | Жабай өзені-Атбасар қаласы |
4 | Жабай өзені-Балкашино ауылы |
5 | Қалқұтан өзені-Қалқұтан ауылы |
6 | Мойылды-Николаевка ауылы |
7 | Нұра өзені-Қошқарбаев ауылы |
8 | Сілеті өзені-Изобильное ауылы |
9 | Сілеті өзені-Приречное ауылы |
10 | Шағалалы өзені-Павловка ауылы |
Ақтөбе облысы | |
11 | Қарғалы өзені-Қарағалы ауылы |
12 | Қарахобда-Алпасай кенті |
13 | Қосістек өзені-Қосістек уылы |
14 | Ор өзені-Бөгетсай кенті |
15 | Темір өзені-Ленинский кенті |
16 | Темір өзені-Сағашилі ауылы |
17 | Уіл өзені-Уіл кенті |
18 | Үлкен Хобда өзені-Қобда ауылы |
19 | Ырғыз өзені-Шеңбертал кенті |
20 | Ілек өзені-Ақтөбе қаласы |
Алматы облысы | |
21 | Ақсу өзені-Матай темір жол станциясы |
22 | Басқан өзені-Екі аша ауылы |
23 | Бұтақ өзені-Бұтақ ауылы |
24 | Быжы өзені-Красногоровка ауылы |
25 | Есік өзені-Есік қаласы |
26 | Көксу өзені-Көксу ауылы |
27 | Көктал өзені-Аралтөбе ауылы |
28 | Күрті өзені-Ленин көпірі |
29 | Кіші Алматы-Алматы қаласы |
30 | Кіші Алматы-Мыңжылқы |
31 | Кіші Алматы-Сарысай өзені құйылмасынан төмен |
32 | Қараой өзені-Текелі қаласы |
33 | Қаратал өзені-Ақжар ауылы |
34 | Қарқара өзені-Таудан шыға бере |
35 | Қаскелең өзені-Қаскелең қаласы |
36 | Қорғас өзені-Басқұншы ауылынан 8 километр жоғары |
37 | Лепсі өзені-Лепсі қаласы |
38 | Лепсі өзені-Төлебаев ауылы |
39 | Проходная өзені-саға |
40 | Сарықан өзені-Сарқанд қаласы |
41 | Текелі өзені-Текелі қаласы |
42 | Текес өзені-Текес ауылы |
43 | Тентек өзені-Төңкеріс шатқалы |
44 | Теріс бұтақ бұлағы-саға |
45 | Түрген өзені-Таутүрген ауылы |
46 | Үлкен Алматы-Үлкен Алматы өзенінен 2 километр жоғары |
47 | Шарын өзені-Сарытоғай шатқалы |
48 | Шыжың өзені-Текелі қаласы |
49 | Шілік өзені-Малыбай ауылы |
50 | Іле өзені-Добын айлағы |
51 | Іле өзені-Қапшағай СЭС 164 километр жоғары |
52 | Іле өзені-Қапшағай шатқалы (СЭС 37 километр төмен) |
Атырау облысы | |
53 | Жайық өзені-Махамбет кенті |
Батыс Қазақстан облысы | |
54 | Жайық өзені-Күшім ауылы |
55 | Күперанқаты өзені-Алғабас ауылы |
56 | Күшім каналы-Күшім ауылы |
57 | Шаған өзені-Чувашинское кенті |
58 | Ілек өзені-Шілік ауылы |
Жамбыл облысы | |
59 | Аса өзені-Маймақ теміржол станциясы |
60 | Құрағаты өзені-Аспара теміржол станциясы |
61 | Мерке өзені (каналы)-Ұлбұтой қыстағы |
62 | Талас өзені-Жасөркен ауылы |
63 | Теріс өзені-Нұрлыкент ауылы |
64 | Шу өзені-Қайнар ауылы |
65 | Шу өзені-Тасөткел ауылы |
66 | Шу өзені (Кіші Арна)-Ұланбел ауылы |
67 | Шу өзені (Үлкен Арна)-Ұланбел ауылы |
Қарағанды облысы | |
68 | Мойынты өзені-Киік темір жол станциясы |
69 | Нұра өзені-Ақмешіт ауылы |
70 | Нұра өзені-Балықты темір жол станциясы |
71 | Нұра өзені-Бесоба ауылы |
72 | Нұра өзені-Шешенқара ауылы |
73 | Сарысу өзені-189 километр разездъі |
74 | Талды өзені-Новостройка ауылы |
75 | Тоқырауын өзені-Ақтоғай ауылы |
76 | Шерубайнұра өзені-Қарамұрын разездъі |
Қостанай облысы | |
77 | Аят өзені-Варвинка ауылы |
78 | Дәмді өзені-Дәмді ауылы |
79 | Желқуар өзені-Чайковское ауылы |
80 | Қамысты - Әйет өзені-Свердловка кенті |
81 | Қараторғай өзені-Үрпек кенті |
82 | Обаған өзені-Ақсуат |
83 | Сарыторғай өзені-Екідің кенті |
84 | Тобыл өзені-Аққарға ауылы |
85 | Тобыл өзені-Гришенко ауылы |
86 | Тобыл өзені-Қостанай қаласы |
87 | Тобыл өзені-Милютинка ауылы |
88 | Тоғызақ өзені-Тоғызақ санциясы |
89 | Торғай өзені-Түсім құмы |
90 | Үй өзені-Үй ауылы |
Қызылорда облысы | |
91 | Сырдария өзені-Қала типті Жосалы кентінің Қараөзек тармағы |
92 | Сырдария өзені-Керікелмес разездъі |
93 | Сырдария өзені-Қазалы қаласы |
94 | Сырдария өзені-Қаратерең ауылы |
95 | Сырдария өзені-Тасбөгет кенті |
96 | Сырдария өзені-Төмен арық темір жол станциясы |
Түркістан облысы | |
97 | Ақсу өзені-Сарқырама ауылы |
98 | Арыстанды өзені-Алғабас ауылы |
99 | Ашылған өзені-Майдантал ауылы |
100 | Бадам өзені-Қараспан ауылы |
101 | Болдырбек өзені-Мемлекеттік қорық кордоны |
102 | Боролдай өзені-Боролдай ауылы |
103 | Бөген өзені-Екпінді ауылы |
104 | Жабағылысу өзені-Жабағылы ауылы |
105 | Келес өзені-саға |
106 | Қарашірік өзені-Хан тағы ауылы |
107 | Қаттабүтін өзені-Жарықбас ауылы |
108 | Көкбұлақ өзені-Пістелі ауылы |
109 | Сайрам өзені-Тасарық ауылы |
110 | Сырдария өзені-Келес өзені сағасынан жоғары |
111 | Сырдария өзені-Шардара су қоймасның төменгі бьефі |
Павлодар облысы | |
112 | Ертіс өзені-Прииртышское |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
113 | Аққанбұрлық өзені-Ковыльное ауылы |
114 | Аққанбұрлық өзені-Привольное ауылы |
115 | Есіл өзені-Долматова ауылы |
116 | Есіл өзені-Западное ауылы |
117 | Есіл өзені-Петропавловск қаласы |
118 | Иманбұрлық өзені-Соколовка ауылы |
119 | Шағалалы өзені-Северное ауылы |
Шығыс Қазақстан облысы | |
120 | Аякөз өзені-Аякөз кенті |
121 | Аякөз өзені-Тарбағатай ауылы (Қазанның 40 жылдығы атындағы колхоз) |
122 | Бестеректі өзені-Мойылды ауылы |
123 | Бұқтырма өзені-Орманды айлағы ауылы |
124 | Бұқтырма өзені-Печи ауылы |
125 | Еміл өзені-Қызылту кенті |
126 | Ертіс өзені-Семиярка ауылы |
127 | Күршім өзені-Вознесенка ауылы |
128 | Қалжыр өзені-Қалжыр ауылы |
129 | Қара Ертіс-Боран кенті |
130 | Левая Березовка өзені-Средигорное ауылы |
131 | Нарын өзені-Үлкен Нарын ауылы |
132 | Оба өзені-Шемонайха ауылы |
133 | Үлбі өзені-Үлбі Перевалочная ауылы |
134 | Үлкен Бөкен-Жұмба ауылы |
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің уәкілетті органның ведомствосына және оның өңірлік органдарына, ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне ұсынатын гидрологиялық ақпараттардың тізбесі
№ р/с | Су қойманың атауы | Облыс | Ақпарат түрі | Кезеңділігі | Ақпаратты алатын ұйым |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Қазақстан Республикасындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат | Барлық облыстар бойынша | Су тасуы туралы ақпарат | Су тасуы кезеңінде күн сайын | уәкілетті органның ведомствосы және оның бассейндік инспекциялар |
Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш
Кімге:____________________________________________________________________ |
Кімнен:___________________________________________________________________ |
Өтініш иесінің мекенжайы __________________________________________________ |
Өтініш иесінің деректемелері_______________________________________________ |
__________________________________________________________________________ |
Мыналарға (тиісті ұяшықты белгілеңіз):
пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын, өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған, сарқынды және басқа да суларды жерүстi су объектiлеріне, жер қойнауына, су шаруашылығы құрылысжайларына немесе жер бедеріне ағызуға;
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылысжайларды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалануға;
Кодекстің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құралдарды пайдалана отырып, жерүсті суларын тартуға және (немесе) пайдалануға рұқсат беруді сұраймын.
1. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:
1) су пайдалануға жауапты адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, байланыс телефоны _________________________________________;
2) олардың көмегiмен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын жылжымайтын объектінің кадастрлық нөмірі, техникалық құрылғының түгендеу нөмірі немесе ұңғыманың нөмірі ______________________________.
2. Координаталары көрсетілген жерүсті суларының, ағызылатын сарқынды сулардың, жерасты су көзін алу және (немесе) пайдалану орындары көрсетілген ахуалдық схема қоса тіркеледі және осы өтінішке 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады.
3. Су пайдалану мақсаты______________________________________
4. Арнайы су пайдалану кезінде пайдаланылатын су объектісі туралы ақпарат осы өтінішке 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылады.
5. Жерүсті суларын, ағызылатын сарқынды суларды, жерасты су көзінен суды алудың және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі осы өтінішке 3-қосымшаға сәйкес (гидроэнергетика және ағысты реттеу мақсатында су объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда су пайдаланудың әр түріне жеке көрсетіледі) нысанда ұсынылады.
6. Су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептемелерді ұсынатын ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн олардан су ресурстарын алып қоймай пайдалануды, ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын ағызуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, өнімнің бір бірлігіне су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары және оларды су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен келісу туралы деректер
_____________________________________
(нормалары, келісу күні мен мерзімі)
7. Су пайдалануды бастаудың және аяқтаудың болжамды мерзімі:
Су пайдаланудың басталған күні "___" _________ 20 ___ жыл
Су пайдаланудың аяқталған күні "___" _________ 20 ___ жыл
8. Су пайдаланушының өндірістік қызметінің сипаттамасы (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелердің алаңдары) _________________________
9. Осы өтінішке 4-қосымшаға сәйкес нысанда қайталама су пайдаланушылар тізбесі (арнайы су пайдалануға рұқсат алуға арналған құжаттарға сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдер қоса беріледі) ұсынылады.
10. Арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер бұлар өтініш берушіде бар болса)
________________________________________________________________________________
11. Су пайдалануды есепке алуға, режимдік байқаулар мен зертханалық талдаулар жүргізуге арналған жабдықтың сипаттамасы (түрі, маркасы, техникалық сипаттамалары, саны, тексеру мерзімі, зертханаларды аккредиттеу саласы) ____________________________________________________________________.
12. Жылу алмасу (нормативтік-таза) суларын бұруды қоспағанда, тазартылған өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды ағызған кезде - қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат
беру туралы деректер _____________________________________________.
(нөмірі, рұқсаттың қолдану мерзімі)
13. Шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін жерүсті және (немесе) жерасты суларын жинаған кезде - эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды деректері
_______________________________________________
(нөмірі, берілген күні)
14. Су ресурстарын тиімді пайдалану және су шығынын қысқартуды қамтамасыз ету бөлігінде өтініш иесінің ниеті (Кодекстің 72-бабына сәйкес) (атап өту) ___________________________________________________________.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш иесі
________________________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
20 жылғы "___" _________
Өтініш қарауға 20 жылғы "___" _________ қабылданды.
________________________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтінішке 1-қосымша |
|
Нысан |
Жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалану, сарқынды суларды төгу орындарының, жерасты су көздерінің АХУАЛДЫҚ СХЕМАСЫ Масштабы __________________ (көрсету)
Су жинау (су бұру) орнының (немесе су объектісінің) атауы | Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелермен көрсетілген жер учаскесінің алаңы | Нүктелер №№ | Географиялық координаталар | |||||
бойлығы | ендігі | |||||||
градус | минут | секунд | градус | минут | секунд | |||
_______ гектар | 1 | |||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
… | ||||||||
_______ гектар | 1 | |||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
… | ||||||||
_______ гектар | 1 | |||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
… |
Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелері көрсетілген жер учаскесінің алаңы ___________ гектарды (шаршы шақырым) құрайды.
Ситуациялық карта-схема арнайы су пайдалануға рұқсат алу құжаттарына қоса беріледі.
Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтінішке 2-қосымша |
|
Нысан |
Арнайы су пайдалану кезінде қолданылатын су объектісі туралы ақпарат
№ | Су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалар (су шаруашылығы құрылғыларына немесе жергілікті рельефке өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды ағызу кезінде осы суларды ағызуға және қабылдауға арналған құрылғылардың сипаттамалары көрсетіледі) | Су көзінің (қабылдағыштың) коды* | Арнайы су пайдалану түрі | Пайдалану түрі (коды)** |
1 | ||||
2 | ||||
… |
Ескертпе:
* теңіз - 10, өзен - 20, кеуіп бара жатқан өзен - 21, көл - 30, тоған су қоймасы - 40, құймалы су қоймасы - 40, магистральды арна - 50, магистральды құбыржол - 55, жерасты суы бар қабат - 60, шахта, кеніш, карьер - 61, тік дренаж ұңғымалары - 62, коллекторлық-дренаждық желі - 70, өзен желісімен байланысы жоқ коллекторлар - 71, жерүсті су объектілеріне жететін коллекторлар - 72, суармалы диқаншылық алаңдары - 80, жинағыштар - 81, жергілікті рельеф - 82, фильтрациялау алаңы - 83, су құбыры желілері - 90, кәріз желілері - 91.
** ША - шаруашылық-ауызсу, Ө - өндірістік, АШ - ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, ТС - турақты суару, ЛС - лиманды суару, ЖС - жайылымдарды суландыру, ШС - шабындықты суару, ТБШ - тоғанды балық шаруашылығы, ГҚ - арналардағы қабаттарды қолдау, ПҚ - пласттағы қысымды қолдау, ҚСТ - құймалы су қоймаларын толтыру, СТ - суды тасымалдау, ПТ - пайдаланбай тапсыру, ӨБ - өзге бассейнге берілді, ӨМ - өзге мемлекетке берілді, АШ - арналарды шаю, СӨ - санитариялық өткізгіштер, ГЭ - гидроэнергетика, ТБ - тағы басқалары.
Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтінішке 3-қосымша |
|
Нысан |
Жерүсті суларын, ағызылатын сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі
Арнайы су пайдалану түрі_____________________________
№ | Айлар | Текше метр/тәулігіне | Текше метр/айына |
1 | 2 | 3 | 4 |
11 | Қаңтар | ||
22 | Ақпан | ||
33 | Наурыз | ||
44 | Сәуір | ||
55 | Мамыр | ||
66 | Маусым | ||
77 | Шілде | ||
88 | Тамыз | ||
99 | Қыркүйек | ||
110 | Қазан | ||
111 | Қараша | ||
112 | Желтоқсан | ||
Жылына жиыны, текше метр/жылына |
Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтінішке 4-қосымша |
|
Нысан |
Қайталама су пайдаланушылардың тізбесі
№ | Су пайдаланушылардың атауы | Су пайдаланушының суды пайдалану мемлекеттік есебі (СПМЕ) коды (бар болған жағдайда) | Есептік көлемі (текше метр/жылына) | Су пайдалану мақсаты | Шарттың нөмірі және күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
4 | |||||
… | |||||
Жылына жиыны, текше метр/жылына |