Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы объектілерінің экспортын лицензиялау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 тамызда № 21082 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. "Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы объектілерінің экспортын лицензиялау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 440 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17984 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқа ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мирзагалиев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
кология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 12 тамыздағы
№ 187 бұйрығына
1-қосымша

"Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 05.05.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тірі жабайы жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия алу үшін "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

      1) лицензия алу үшін:

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (біржолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

      егер мұндай қызмет түрі Қазақстан Республикасының аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымымен байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның немесе лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;

      2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда жазылған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Өтініш беру кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындап, оны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      5. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жабайы тірі жануарларды, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктерді және жабайы өсетін дәрілік шикізатты экспорттауға лицензия дайындайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын, олардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензияны қайта ресімдейді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сонда сақталады.

      6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген;

      2) жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

      3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру;

      4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжайы көрсетілген жағдайда);

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін нақты орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;

      6) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады,

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, егер жеке кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендердің атауларын, көшелердің атауларын өзгертумен байланысты болса, Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылмайды.

      Лицензияларға қосымшаларда көрсетілген лицензиаттар мен объектілердің мекенжайларының осындай өзгерулері мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығына және "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктердің және жабайы
өсетін дәрілік шикізаттың
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия алу үшін өтініш

1.Өтініш №

2. Қолданылу мерзімі күні, айы, жылы - бастап күні, айы, жылы - дейін

3. Лицензия түрі
ЭКСПОРТ

4. № келісімшарт

5. Қызметті алушы:

6. Сатып алушы:

7. Межелі ел:

8. Сатып алушының елі:

9. Келісімшарт валютасы:

10. Бағасы:

11.Статистикалық құны:

12. Шығарылған елі:

13. Саны:

14. Өлшем бірлігі:

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы:

16. Қосымша ақпарат:

17. Лицензия беру үшін негіздеме:

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
18. Көрсетілетін қызметті алушы: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Лауазымы
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні
Телефон

  Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктер мен жабайы өсетін
дәрілік шикізаттың экспортына
лицензия алуға арналған
өтініш нысанына
қосымша

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия алуға арналған өтінішке қосымша

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

№ лицензияға қосымша

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Лауазымы
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні
Телефон

  "Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктердің және жабайы
өсетін дәрілік шикізаттың
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  1-нысан

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктерді және жабайы өсетін дәрілік шикізатты экспорттауға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші

      _____________________________________________________________________

      (лицензиаттың толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – заңды тұлғаның

      (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) нөмірі, шетелдік заңды тұлға филиалының

      немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________________ жүзеге асыруға

      20 ___ жылғы "___" ___________ берілген № _______ лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны (ларды) (керегінің астын сызу) қайта ресімдеуді сұраймын

      ______________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (қосымшасының) нөмірі,

      берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиаттың атауы)

      ____________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы)

      (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):

      1) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті санда көрсетіңіз) ұяшық Х):

      бірігу____

      түрлендіру____

      қосу____

      бөлу____

      ажырату____

      2) заңды тұлға-лицензиаттың атауын өзгерту _____________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерін өзгерту_____________

      4) лицензиаттың "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны объектімен бірге иеліктен шығаруы; лицензияны иеліктен шығару Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда үшінші тұлғалардың пайдасына ________________

      5) объектілерді көрсете отырып, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін нақты орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту ___________________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы

      _________________________________________________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ______________________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________________________

      заңды тұлғаның мекен-жайы _________________________________

      шетелдік заңды тұлға үшін – ел, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (тұрақты үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________

      Телефондар _______________________________________________

      Факс _____________________________________________________

      Банктік шот _______________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)

      __________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Қоса беріледі _______ парақ.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін екені расталады;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін.

      Басшы_______ ________________________________________________

      (Электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)

      Толтыру күні: "__" _________ 20__ жыл

  2-нысан

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші

      _________________________________________________________________

      (лицензиаттың толық атауы)

      _________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________ жүзеге асыруға

      20___жылғы "___" _________ берілген №_____лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны (ларды) (керегінің астын сызу) қайта ресімдеуді сұраймын

      _________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (қосымшасының)

      нөмірі, берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      берген лицензиаттың атауы)

      _________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы)

      (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) өзгерген;

      _______________________________________________________________

      2) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауын өзгерту

      _______________________________________________________________

      3) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның заңды мекенжайын өзгерту

      _______________________________________________________________

      4) егер лицензияны иеліктен шығару "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген болса, лицензиаттың "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны объектімен бірге үшінші бір тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруы;

      5) объектілерді көрсете отырып, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін нақты орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту

      _______________________________________________________________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы ________________________________________________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________________________

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі))

      Электрондық пошта ___________________________________________

      Телефондар _________________________________________________

      Факс ________________________________________________________

      Банктік шот ___________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы) __________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (тұрақты үй-жай) нөмірі)

      Қоса беріледі ______ парақ.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін екені;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретінім расталады.

      Жеке тұлға ___________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса))

      Толтыру күні: "_" _____ 20_ жыл

  "Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктердің және жабайы
өсетін дәрілік шикізаттың
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

"Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. Лицензия алу
2. Лицензияны қайта ресімдеу

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) лицензия беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия немесе дәлелді бас тарту хаты.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес кестенің 1.8 және 3.1-жолдары:
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде - 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі -АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - 1 АЕК.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі

1) лицензия алу үшін:
сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың (біржолғы лицензия үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның немесе лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректер (мәліметтер) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалар белгілеген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Жабайы тірі жануарлардың
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктердің және жабайы
өсетін дәрілік шикізаттың
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктерді және жабайы өсетін дәрілік шикізатты экспорттауға арналған лицензия

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы-мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

1. Лицензия №

2. Қолданылу мерзімі күні, айы, жылы - бастап күні, айы, жылы - дейін

3. Лицензия түрі: ЭКСПОРТ

4. № келісімшарт

5. Қызметті алушы:

6. Сатып алушы:

7. Межелі ел:

8. Сатып алушының елі:

9. Келісімшарт валютасы:

10. Бағасы:

11.Статистикалық құны:

12. Шығарылған елі:

13. Саны:

14. Өлшем бірлігі:

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы:

16. Қосымша ақпарат:

17. Лицензия беру үшін негіздеме:

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса)
Лауазымы
Қолы және мөрі
Күні

  Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктерді және жабайы өсетін
дәрілік шикізатты экспорттауға
арналған лицензияға
қосымша

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктерді және жабайы өсетін дәрілік шикізатты экспорттауға арналған лицензияға қосымша

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы-мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

№ лицензияға қосымша

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ
Парақ №

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Лауазымы
Мөрі және қолы
Күні

  "Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктердің және жабайы
өсетін дәрілік шикізаттың
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5-қосымша

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар

Біліктілік талаптары

Оларға сәйкес келетінін растайтын құжаттар*

Ескертпе

1

2

3

4

1

Балық және басқа су жануарларын иеленудің, аулаудың заңдылығын растау

балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама;

өндірумен айналысатын адамдар экспорттаған жағдайда

балық және басқа да су жануарларын сатып алуды растайтын шарт, шарт жасасу кезінде қолданылатын, балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама

басқа жеке және заңды тұлғалар экспорттаған жағдайда

аумағында жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, дайындау, жинау, аулау немесе аулау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің органдарына қорытындылар беруге уәкілетті берілген қорытынды (рұқсат беру құжаты)

аумағында дайындау және жинау жүзеге асырылған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан экспортталған жағдайда

2

Өсімдіктер дүниесі объектілерін дайындаудың, жинаудың немесе алудың заңдылығын растау

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме

Мемлекеттік орман қоры аумағынан тыс жерде дайындалған немесе жиналған жағдайда

Орман және (немесе) ағаш кесу билеті

Мемлекеттік орман қоры аумағында дайындалған немесе жиналған жағдайда

Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік өсімдіктерді дайындау (жинау) көлемі мен кезеңі туралы

Меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы бар учаскелерде өсірілген дәрілік өсімдіктер әкетілген жағдайда

Аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің уәкілетті органы қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге берген қорытынды (рұқсат беру құжаты

Аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау және жинау жүзеге асырылған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан жабайы өсетін өсімдіктерді әкеткен жағдайда

Жабайы өсімдіктерді айналысқа шығару жүзеге асырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі немесе осы жабайы өсімдіктердің заңдылығын растайтын мүше мемлекеттің сот шешімі

Мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан жабайы өсімдіктерді әкеткен жағдайда

      *Ескертпе:

      құжаттарды "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы берген кезде құжаттар көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады;

      көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда, құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

  "Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктердің және жабайы
өсетін дәрілік шикізаттың
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
6-қосымша

Дәрілік өсімдіктерді дайындау (жинау) көлемі мен кезеңі туралы мәліметтер

№ р/с

Өсімдіктердің атауы

Учаскенің кадастрлық нөмірі

Учаскенің ауданы

Өнімділік
кг/га

Жалпы алым, кг

Барлығы

Оның ішінде егістік






















      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер, ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі (бар болса), қолы, мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 12 тамыздағы
№ 187 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 05.05.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш береді. (бұдан әрі – портал).

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) лицензия алу үшін:

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (біржолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі);

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;

      2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда жазылған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      5. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тірі жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия дайындайды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын, олардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензияны қайта ресімдейді не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сонда сақталады.

      6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) өзгерген;

      2) жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

      3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру;

      4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжайы көрсетілген жағдайда);

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін физикалық орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;

      6) Қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады,

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, егер жеке кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып лицензияға қосымшалар үшін объектінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендердің атауларын, көшелердің атауларын өзгерутумен байланысты болса, Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылмайды.

      Лицензияларға қосымшаларда көрсетілген лицензиаттар мен объектілердің мекенжайларының мұндай өзгерулері мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығына және "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген сирек
кездесетін және құрып кету
қаупі төнген жабайы тірі
жануарлар мен жабайы өсетін
өсімдіктер түрлерінің
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерін экспорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу мерзімі күні, айы, жылы - бастап күні, айы, жылы - дейін

3. Лицензия түрі ЭКСПОРТ

4. № келісімшарт

5. Қызметті алушы:

6. Сатып алушы:

7. Межелі ел:

8. Сатып алушының елі:

9. Келісімшарт валютасы:

10. Бағасы:

11.Статистикалық құны:

12. Шығарылған елі:

13. Саны:

14. Өлшем бірлігі:

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы:

16. Қосымша ақпарат:

17. Лицензия беру үшін негіздеме:

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
18. Көрсетілетін қызметті алушы: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Лауазымы
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні
Телефон

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген сирек
кездесетін және құрып кету
қаупі төнген жабайы тірі
жануарлар мен жабайы өсетін
өсімдіктер түрлерін
экспорттауға лицензия және
(немесе) лицензияға қосымша
алу үшін өтініш нысанына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тірі жабайы жануарлармен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерін экспорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін өтінішке қосымша

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

№ лицензияға қосымша

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Лауазымы
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні
Телефон

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген сирек
кездесетін және құрып кету
қаупі төнген жабайы тірі
жануарлар мен жабайы өсетін
өсімдіктер түрлерінің
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  1-нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші

      ____________________________________________________________________

      (лицензиаттың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – заңды тұлғаның

      (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) нөмірі, шетелдік заңды тұлға

      филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________________ жүзеге асыруға

      20___жылғы "___" _________ берілген №_____лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны (ларды) (керегінің астын сызу) қайта ресімдеуді

      сұраймын ________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (қосымшасының) нөмірі,

      берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген

      лицензиаттың атауы) _________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы)

      (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):

      1) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке

      сәйкес (тиісті санда көрсетіңіз) ұяшық Х):

      бірігу____

      түрлендіру____

      қосу____

      бөлу____

      ажырату____

      2) заңды тұлға-лицензиаттың атауын өзгерту _________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерін өзгерту______________

      4) лицензиаттың "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны объектімен бірге иеліктен шығаруы; лицензияны иеліктен шығару Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда үшінші тұлғалардың пайдасына ___________________

      5) объектілерді көрсете отырып, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін нақты орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту ______________________________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы __________________________________________________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ______________________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _______________________

      заңды тұлғаның мекен-жайы_________________________________

      шетелдік заңды тұлға үшін – ел, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (тұрақты үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта _________________________________________

      Телефондар ________________________________________________

      Факс ______________________________________________________

      Банктік шот ________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)___________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Қоса беріледі _______ парақ.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін екені расталады;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін.

      Басшы_______ ________________________________________________

      (Электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)

      Толтыру күні: "__" _________ 20__ жыл

  2-нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші

      _________________________________________________________________

      (лицензиаттың толық атауы)

      _________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________ жүзеге асыруға

      20___жылғы "___" _________ берілген №_____лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны (ларды) (керегінің астын сызу) қайта ресімдеуді сұраймын

      _________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (қосымшасының) нөмірі,

      берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген

      лицензиаттың атауы)

      _________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы)

      (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) өзгерген; __________

      2) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауын өзгерту ________________

      3) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның заңды мекенжайын өзгерту _____

      4) егер лицензияны иеліктен шығару "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген болса, лицензиаттың "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны объектімен бірге үшінші бір тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруы;

      5) объектілерді көрсете отырып, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін нақты орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту

      __________________________________________________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы

      ________________________________________________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________________________

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы_________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат нөмірі))

      Электрондық пошта ___________________________________________

      Телефондар _________________________________________________

      Факс ________________________________________________________

      Банктік шот _________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)

      ___________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (тұрақты үй-жай) нөмірі)

      Қоса беріледі ______ парақ.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін екені;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретінім расталады.

      Жеке тұлға _________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса))

      Толтыру күні: "_" _____ 20_ жыл

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
"Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген сирек
кездесетін және құрып кету
қаупі төнген жабайы тірі
жануарлар мен жабайы өсетін
өсімдіктер түрлерінің
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. Лицензия алу
2. Лицензияны қайта ресімдеу

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) лицензия беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні; 2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тірі жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия, тірі жабайы жануарлар, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер және жабайы өсетін дәрілік шикізат экспортына қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не дәлелді бас тарту хаты.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Қазақстан Рес-публикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес кестенің 1.8 және 3.1-жолдары:
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде - 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі -АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - 1 АЕК.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі

1) лицензия алу үшін: сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың (біржолғы лицензия үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректер (мәліметтер) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалар белгілеген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген сирек
кездесетін және құрып кету
қаупі төнген жабайы тірі
жануарлар мен жабайы өсетін
өсімдіктер түрлерінің
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы-мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

1. Лицензия №

2. Қолданылу мерзімі күні, айы, жылы - бастап күні, айы, жылы - дейін

3. Лицензия түрі: ЭКСПОРТ

4. № келісімшарт

5. Қызметті алушы:

6. Сатып алушы:

7. Межелі ел:

8. Сатып алушының елі:

9. Келісімшарт валютасы:

10. Бағасы:

11. Статистикалық құны:

12. Шығарылған елі:

13. Саны:

14. Өлшем бірлігі:

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы:

16. Қосымша ақпарат:

17. Лицензия беру үшін негіздеме:

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса)
Лауазымы
Қолы және мөрі
Күні

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген сирек
кездесетін және құрып кету
қаупі төнген жабайы тірі
жануарлар мен жабайы өсетін
өсімдіктер түрлерінің
экспортына лицензияға
Қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 аулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензияға қосымша

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы-мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

№ лицензияға қосымша

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

Өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ
Парақ №

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Лауазымы
Мөрі және қолы
Күні

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген сирек
кездесетін және құрып кету
қаупі төнген жабайы тірі
жануарлар мен жабайы өсетін
өсімдіктер түрлерінің
экспортына лицензия беру
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, оларға сәйкес келетінін растайтын құжаттар


Біліктілік талаптары

Оларға сәйкес келетінін растайтын құжаттар*

Ескертпе

1

2

3

4

1

Балық және басқа су жануарларын иеленудің, аулаудың заңдылығын растау

балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама;

өндірумен айналысатын адамдар экспорттаған жағдайда

балық және басқа да су жануарларын сатып алуды растайтын шарт, шарт жасасу кезінде қолданылатын, балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама

басқа жеке және заңды тұлғалар экспорттаған жағдайда

аумағында жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, дайындау, жинау, аулау немесе аулау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің органдарына қорытындылар беруге уәкілетті берілген қорытынды (рұқсат беру құжаты)

аумағында дайындау және жинау жүзеге асырылған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан экспортталған жағдайда

2

Өсімдіктер дүниесі объектілерін дайындаудың, жинаудың немесе алудың заңдылығын растау

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме

Мемлекеттік орман қоры аумағынан тыс жерде дайындалған немесе жиналған жағдайда

Орман және (немесе) ағаш кесу билеті

Мемлекеттік орман қоры аумағында дайындалған немесе жиналған жағдайда

Осы қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік өсімдіктерді дайындау (жинау) көлемі мен кезеңі туралы

Меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы бар учаскелерде өсірілген дәрілік өсімдіктер әкетілген жағдайда

Аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің уәкілетті органы қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге берген қорытынды (рұқсат беру құжаты

Аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау және жинау жүзеге асырылған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан жабайы өсетін өсімдіктерді әкеткен жағдайда

Жабайы өсімдіктерді айналысқа шығару жүзеге асырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі немесе осы жабайы өсімдіктердің заңдылығын растайтын мүше мемлекеттің сот шешімі

Мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан жабайы өсімдіктерді әкеткен жағдайда

      *Ескертпе:

      құжаттарды "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы берген кезде құжаттар көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады;

      көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда, құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген сирек
кездесетін және құрып кету
қаупі төнген жабайы тірі
жануарлар мен жабайы өсетін
өсімдіктер түрлерінің
экспортына лицензия беру
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5-қосымша

Дәрілік өсімдіктерді дайындау (жинау) көлемі мен кезеңі туралы мәліметтер

№ р/с

Өсімдіктердің атауы

Учаскенің кадастрлық нөмірі

Учаскенің ауданы

Өнімділік
кг/га

Жалпы алым, кг

Барлығы

Оның ішінде егістік






















      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер, ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі (бар болса), қолы, мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады