"Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 426 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 тамызда № 21098 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 желтоқсанда № 178 (2168)) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесінде:

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 6 тамызы
№ 426 бұйрығына
қосымша
  Тұрақты маршруттар бойынша
жолаушылар мен багажды тасымалдау
жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер
есептеу әдістемесіне
1-қосымша

Жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерiн қалыптастыруды экономикалық-математикалық моделі

1-тарау. Есептік тарифтерді белгілеу тәртібі

      1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерiн қалыптастыруды экономикалық-математикалық моделі (бұдан әрі - Модель) тұрақты маршруттардың барлық түрлерінің автобустарында (шағын автобустарында) жол жүру тарифтерін негіздеу бойынша есептеу технологиясының әдістемелік біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады, бұл есептеулер біріздендірілген мынадай түрдегі экономикалық-математикалық модельдерді пайдалану арқылы орындалады:



      формула (1)

      мұнда: Те – осы маршрут үшін есептік тариф;

      Зi – осы Модельдің 2-тарауында белгіленген тәртіппен есептелінетін шығыстардың барлық і -баптары бойынша (Отын, электр энергиясы, Жанармай материалдары, Автобустарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету, Автошиналарды ауыстыру және жөндеу, Автобустардың амортизациясы, Жүргізушілер мен кондукторлардың еңбек ақысы, Істеме шығыстар) осы маршрутқа қызмет көрсетуге арналған тасымалдаушының нормативтік (есептік) шығындарының жалпы жылдық немесе жылдың соңына дейін сомасы;

      Q r нақты – осы Модельдің 3-тарауында белгіленген алдынғы жыл үшін тасымалданған жолаушылардың нақты саны;

      Q r есеп - осы Модельдің 3-тарауында белгіленген алдыңғы үш ай және 12 айға көбейтілетін бір айдағы орташа саны шығарылады, тасымалданған жолаушылардың нақты санына сүйене отырып, болжамдалған жолаушыларды тасымалдау саны;

      Ке – 1,15 тең осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша тасымалдаушы шығындарына есептік рентабелділігі коэффициенті (15% ретінде қолданылады);

      Кққс – 1,12 тең қосылған күн салығының коэффициенті (12% ретінде қолданылады).

2-тарау. Пайдалану шығыстарының баптары бойынша тасымалдаушының шығындарын ірілендірген есептеу тәртібі

      2. Тұрақты автобус маршрутына қызмет көрсетуге шығындардың баптары бойынша нормативтік пайдалану шығыстарының ірілендірілген есептеулері мынадай тәртіпте орындалады:

      1) осы маршрутқа қызмет көрсетуге пайдаланылатын автобустардың жалпы жүрісіне есептелген автомобиль отынына/электр энергиясына жұмсалатын шығыстар есептік тарифтерді жүзеге асыру күніне белгіленген қолданыстағы барлық әдістемелерді және 1 литр бензиннің (дизельді отынның, газдың)/1 киловатт электр энергиясының бөлшек құнын ескере отырып, 100 км-ге жұмсалатын отынның электр энергиясының базалық нормасына сүйене отырып белгілейді:

      Зт=0,01 х Lжалпы х (НТ х ЦТ + НЭ х ЦЭ) х КН,

      формула (2)

      мұнда: Зо – автомобиль отыны/ электр энергиясы шығындары;

      0,01 – 100 км-ден 1 км-ге отын шығындарын есептеу;

      Lжалпы – формула бойынша есептелінетін маршрутқа қызмет көртесу кезіндегі автобустардың жалпы жылдық жүрісі;

      НТ – автобустың 100 км жүрісіне литрлердегі/киловатт отынды жұмсаудың базалық нормасы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Отын шығынының нормасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы қаулысына сәйкес анықталады;

      Электробустардың 100 шақырым жүрісіне литрлік жанармай шығыс нормалары дайындаушы зауыттың деректеріне сәйкес (пайдалану өңіріндегі климаттық нормаларға сәйкес қысқы кезеңдегі қоршаған ортаның орташа температурасына байланысты), қысқы және жазғы шығысты ескере отырып, орташа жылдық норма ретінде анықталады. Ол мына формула бойынша есептеледі:



      формула (3)

      мұнда: Мқыс., Мжаз - Клк (климаттық коэффициент) мәнін анықтайтын отын шығыны нормасының 10-кесте бойынша кезеңдер шегінде өңірлер бойынша анықталған бір жылдағы қысқы және жазғы айлар саны.

      ОН осы есептеу тек электробустардың шығыстарын есептеу үшін ғана қолданылады;

      КН – маршрутта автобустардың нақты жұмыс жағдайы үшін базалық нормаға үстемелердің жиынтық коэффициенті Отын шығысының нормасына сәйкес анықталады;

      Электроібустар үшін маршруттағы автобустардың нақты жұмыс жағдайлары үшін базалық нормаға үстеме ақының жиынтық коэффициенті дайындаушы өндірушінің деректеріне сәйкес анықталады;

      ЭН – Зауыт өндірушісінің мәліметіне сәйкес сағатына 100 километр жорыққа электрқуаты шығысының нормасы.

      ЦЭ – тарифтік есептеу күніне электрқуатының тарифіне сәйкес 1 кВт электрқуаты.

      НЭ мен ЦЭ - электробустардың шығындарын есептегенде ғана ескеріледі, қалған барлық көлік құралдарының шығындарын есептегенде НЭ мен ЦЭ мәні 0-ге тең болады.

      Цо – тариф есептеу күніне жазғы және қысқы отын түрлерін пайдалануды ескере отырып, 1 литр отынның орташа жылдық бөлшек құны.

      Lжалпы = Др х Ам (n х lра + lо),

      формула (4)

      мұнда: Lжалпы – автобустардың жалпы жылдық жүрісі;

      Др – бір жылда маршрутқа қызмет көрсету күндерінің саны (тәулік сайын жұмыс режимі кезінде Др = 365);

      n – маршруттағы күн сайынғы рейс айналымының саны;

      lра – маршруттағы рейстер айналымының арақашықтығы, км;

      lо – күн сайынғы нөлдік жүріс, км.

      Егер маршрут сипаттамасының көрсеткіштері жұмыс және демалыс күндері бойынша әртүрлі мәндерде болса, онда автобустардың жалпы жылдық жүрісі жұмыс және демалыс күндері бойынша осы шамаларды қосу арқылы жеке анықталады.

      Цо – тариф есептеу күніне жазғы және қысқы отын түрлерін пайдалануды ескере отырып, 1 литр отынның орташа жылдық бөлшек құны мына формула бойынша анықталады:



      формула (5)

      мұнда: Мқыс., Мжаз. - Ккл мәнін анықтайтын (климат коэффициенті) ЖЖМ шығыс нормалары анықтамасының 10-кестесі бойынша кезең ішіндегі өңір бойынша анықталған жылға қыс және жаз айлары саны.

      Цқ.о., Цж.о. – тарифті есептеу күніне бөлшек отын құны (қысқы және жазғы).

      Жазғы кезеңде тарифті есептеу кезінде алдыңғы қысқы кезеңде қалыптасқан 1 литр қысқы отын бағасына негізделеді;

      2) майланатын материалдар шығыстары автомобиль отын шығыстарынан 10%-на тең:

      Зжм = Зо х 0,1

      формула (6)

      мұнда: Зжм – жанар-жағармай материалдарының шығындары;

      Электробустар үшін майлау материалдарының құны өндірушінің мәліметтеріне сәйкес анықталады;

      3) жөндеу жүргізуге және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар осы маршрутқа қызмет көрсетуге бекітілген автобустар құнынан10% (пайдалану мерзімі 3 жылға дейін автобустар үшін), 15% (пайдалану мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейін автобустар үшін) және 20% (пайдалану мерзімі 7 жылдан астам автобустар үшін) ретінде қолданады.

      Бұдан:

      Зжт = Крт х Ам х Кр х Ц,

      формула (7)

      мұнда: Зжт – жөндеу жұмыстарына және техникалық қызмет көрсетуге шығындар;

      Крт – автобустарға жөндеу жүргізуге және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар;

      Ам – кесте бойынша маршрутқа бір күнге автобустар саны;

      Кр – автобустар резервінің коэффициенті, (1,2 ретінде тең шығындарды есептеу үшін алынатын кесте бойынша автобустар маршруттарына бекітілгендердің жалпы санының маршрутқа жеткізуге жататын автобустардың санына қатынасы);

      Ц – маршрутта бекітілген 1 автобустың құны, теңгемен.

      Өндіруші зауыттан немесе ресми делдалдардан сатып алынған жаңа автобустар үшін алынған уақыттан бастап үш жылға дейін сатып алу құны болады.

      Екінші нарықтардан сатып алынған автобустар үшін, сондай-ақ жалға алынған автобустар үшін – бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен анықталған орташа нарық құны. Автобустарды қайтадан бағалау оны өндіруші зауытпен шығарған кезеңнен бастап әр үш жыл сайын жүзеге асырылады;

      Электробустар үшін жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығыстары өндірушінің мәліметіне сәйкес анықталады;

      4) маршруттағы автобустардың жылдық жүрісіне есептелген автошиналарды пайдалану шығыстарын мынадай формула бойынша анықтауға болады:



      формула (8)

      мұнда: Зш – автошинаға шығындар;

      Цш – бір шина жиынтығының орташа сатып алу бағасы (шина, камера, жиек таспасы), есептеу кезінде теңгемен;

      m – автобустағы доңғалақ саны (қосалқы доңғалақсыз);

      Lжалпы – маршрутқа қызмет көрсету кезіндегі автобустардың жалпы жылдық жүрісі;

      ш – автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасы Отын шығысының нормасына сәйкес анықталады, км;

      Кш – автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасын түзету коэффициенті Отын шығысының нормасына сәйкес анықталады;

      Электробустар автошиналарының жүрісі үшін жұмыс нормаларын түзету коэффициенті өндіруші Зауыттың деректеріне сәйкес анықталады;

      5) маршрутта бекітілген автобустар бойынша амортизациялық аударымның жылдық сомасы олардың жалпы жүрісіне есептегенде мынаған тең:

      За = 0,15 х Ам х КР х Ц,

      формула (9)

      мұнда: За – амортизация шығындары;

      0,15 – автокөлік бойынша амортизация нормасы 15% мөлшерде;

      Кр – автобустар резервінің коэффициенті.

      6) маршрутқа қызмет көрсету бойынша жүргізушілер мен кондукторлардың (автобус экипаждары) жалақысының жалпы жылдық сомасы мынадай формула бойынша анықталуы мүмкін:

      Зжа = (Мр Х (ZВ х Nв + ZК х Nк) х Ам х К)х1,2

      формула (10)

      Мұнда: Зжа – жалақы шығындары;

      Мр – бір жылда маршрутқа қызмет көрсетілетін айлардың саны (жұмыстың тәулік ішінде режимі кезінде Мр = 12);

      ZВ және ZК – автобус жүргізушісінің орташа айлық жалақысы өтінім бергеннің алдындағы тоқсан негізінде статистика деректері бойынша қалыптасқан тасымалдаушы тіркелген аумақтағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы деңгейінде белгіленеді. Кондуктордың орташа айлық жалақысы жүргізушінің жалақысының 70% деңгейінде белгіленеді;

      Nв (Nк) – маршрутта әр автобусқа бекітілген жүргізушілердің (кондукторлардың) нормативтік саны;

      К – тасымалдаушының есептік деректерімен расталған сомада еңбек жалақысы мен қызметкерлерді сақтандыруға әлеуметтік есептеуін есепке алатын коэффициент.

      1,2 – аурулық, еңбек, бала күтімі демалыстарындағы, оқудағы жұмысшылардың есептеулерін ескеретін түзету коэффиценті;

      7) үстеме шығыстардың нормативті сомасы осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша шығындардың тікелей баптарының жиынтық сомасынан

      20% құрайды және мына формула бойынша анықталады:

      Зү = 0,2 (Зт + Зжм + Зжт + Зш + За + Зжа)

      формула (11)

      Мұнда: Зү – үстеме шығыстар шығындары.

      Үстеме шығыстарды есептеу сомасы өндіріс шығындарына жататын салықтар және алымдардың барлық түрлерін (қосалқы құн салығы мен кірістің корпоративтік салығынан басқа) қамтиды.

      3. Маршрутқа қызмет көрсету шығындарының жалпы сомасы (Зi) шығыстар баптары бойынша есептеулердің нәтижелерін қосу арқылы анықталады:

      Зi = Зт + Зжм + Зжт + Зш + За + Зжа + Зү + Засп,

      формула (12)

      Мұнда: Засп – автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін есепке алатын шығындар;

      Қалалық маршруттар үшін Засп = 0, өйткені қалалық маршруттардың тасымалдаушылары автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін пайдаланбайды;

      Алынған нәтиже жолаушының тұрақты маршруты автобусындағы жол жүру тарифін есептеу формуласына (1) ұсынылады.

3-тарау. Жолаушыларды тасымалдау санын жалпы жылдық және жылдың соңына дейінгі бекітілген (болжанатын) есептер тәртібі

      4. Айлар бойынша есептеуден шығатын жолаушыларды тасымалдау санын жалпы жылдық бекітілген (болжанатын) есебі мынадай тәртіпте орындалады:

      1) қайтадан ашылған жолаушылар тасымалының болжамды көлемі (саны) бір ай ішінде маршрутта жолаушылар тасымалының күнделікті нақты зерттеулер нәтижелері бойынша және мына формула бойынша анықталады:

      Q r.есеп = (Q 3ай/3) х 12;

      формула (13)

      мұнда: Q r.есеп – маршруттағы жолаушылар тасымалының жалпы болжамды жылдық көлемі;

      Q3ай – нақты тексерілген 3 айда тасымалданған жолаушылар саны;

      12 – жылдағы айлар саны;

      2) қолданыстағы маршруттағы бір жылда тасымалданған жолаушылардың болжамды көлемі (саны) аталған маршрут бойынша өткен жылдың тасымалданған жолаушылар көлеміне сүйене отырып анықталады және Q r.нақты ретінде пайдаланылады.

      Алынған нәтиже тұрақты маршрут автобусында жолаушылар жүрісіне тарифті есептеу формуласына (1) ұсынылады.

4-тарау. Есептік тарифті анықтау кезінде пайдаланылатын материалдар және ақпарат

      5. Маршрут бойынша бастапқы деректер:

      1) жүрудің бастапқы және соңғы пункті бойынша маршруттың нөмірі мен атауы;

      2) маршруттардағы тікелей (алымындағы) және кері (бөліміндегі) бағыттардағы маршрутаралық пункттердің саны;

      3) маршруттың тікелей және кері бағыттардағы ұзақтығы;

      4) маршруттағы тікелей және кері бағыттардағы қозғалыстың орташа пайдалану жылдамдығы;

      5) жұмыс және демалыс күндеріндегі рейстер айналымының саны;

      6) рейстер айналымын орындауға арналған кесте бойынша уақыт;

      7) жолаушылар ағыны (есептеу, болжам бойынша);

      8) маршруттағы жұмыстың басталуын және аяқталуын көрсетумен жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша жұмыс істеу уақыты;

      9) маршруттағы жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша автобустардың саны;

      10) маршруттағы жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша автобустар қозғалысының аралығы;

      11) маршруттағы жолаушылардың отыруы үшін және жалпы орны бойынша автобустардың паспорттық сыйымдылығы (жинақтаушы алаңның сыйымдылығын ескере отырып);

      12) автобустар маркасы (маршруттар тізіліміне сәйкес).

      6. Тасымалдаушы маршрут бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы растаушы құжаттарды пайдаланады:

      1) билеттерді өткізу бойынша есеп;

      2) жолаушыларды тасымалдаудан түсетін қаржылық қаражаттар туралы есеп.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады