Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы "Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" № 38 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 тамызда № 21120 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 2 ақпандағы № 79 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 02.02.2022 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы "Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12952 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) № 38 бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлердің тізілімі және Қазақстан Республикасынан тыс шығуы уақытша шектелген тұлғалардың тізімі

Тұрақты

Ашық деректердің интернет-порталымен ықпалдастыруды іске асырғаннан кейін

Мемлекеттік органның API жүйесі арқылы (АІЖО ААЖ))

Сот актілерін орындау департаменті

  ";

      4-тармақ алынып тасталсын;

      20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20

ҚР ӘМ басшыларының жеке тұлғаларды және заңды тулғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

Тоқсан сайын

Келесі айдың 5-не

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Ішкі әкімшілендіру департаменті

21

ҚР ӘМ көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізілімі туралы ақпарат

Жарты жылда 1 рет

Есептік мерзімнен кейінгі айдың 15-не

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Ішкі әкімшілендіру департаменті

22

ҚР ӘМқұрылымдық бөлімшебасшыларының жеке тұлғаларды және заңды тулғалардың өкілдерін қабылдау үшін ашық есіктер күндері туралы ақпарат

Ай сайын

Келесі айдың 1-не

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Ішкі әкімшілендіру департаменті

  ";

      41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

41

Заңнаманы жетілдіру бойынша әзірленген тұжырымдамалардың тізімі

Жыл сайын

Есептік кезеңнен кейінгі жылдың 31 қаңтарына дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты"

42

Құқықтық мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша ақпарат

Жыл сайын

Есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты"

  ";

      53, 54, 55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

53

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген нормативтік құқықтық актілердің саны

Апта сайын

Әр жұма сайын

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты"

54

"Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесіне электрондық түрде енгізілген нормативтік құқықтық актілердің саны

Апта сайын

Әр жұма сайын

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты"

55

Интернет желісінде "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесіне кіру саны (Google Analitics деректеріне сәйкес)

Ай сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты"

56

Халықаралық ынтымақтастық (жобалардың атауы, елдер, бюджет)

Жыл сайын

Тоқсан аяқталғаннан кейiн 10 күн

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті

  ";

      59-тармақ алынып тасталсын;

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

60

Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Жарты жылда 1 рет

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 20-не дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Нормативтік құқықтық актілері тіркеу департаменті

  ";

      мынадай мазмұндағы 64, 65, 66 және 67-тармақтармен толықтырылсын:

      "

64

Бос лауазымдар туралы хабарландыру

қажеттілігі бойынша

Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурсында жарияланған сәттен бастап

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Кадр қызметі департаменті

65

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілік талаптары

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуіне қарай

Ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Кадр қызметі департаменті

66

Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау нәтижелері

Апелляциялық кеңестің өткізілуіне қарай

Келесі айдың 10-күніне қарай

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Зияткерлік меншік құқығы департаменті

67

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын аккредиттелген ұйымдардың тізімі

Тізімнің өзгеруіне қарай

 
Тізім өзгергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Зияткерлік меншік құқығы департаменті

  ".

      2. Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады