"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) оған қол қойылған күннен бастап бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" РМК-ға жіберуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет Министрдің м.а. |
А. Әмірғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 20__ жылғы "____" ________ |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 20__ жылғы "____" ________ |
Қазақстан Республикасы Әділет Министрдің м.а. 2022 жылғы 2 ақпандағы № 79 бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 38 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12952 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
2. "Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 38 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1108 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 14651 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
3. "Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 38 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 22 мамырдағы № 774 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 28 мамырда № 16941 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
4. "Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 38 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 24 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 18 қаңтарда № 18206 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
5. "Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 38 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 18 тамыздағы № 272 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21120 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.