"Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 203-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 тамызда № 21132 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілуі тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновацияларжәне

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Экология, геология және
  табиғи ресурстар министрінің
  2020 жылғы 26 тамызы
  № 203-ө
  Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  міндетін атқарушының
  2014 жылғы 19 желтоқсандағы
  № 18-04/675 бұйрығымен
  бекітілген

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – ведомство);

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, ол мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтиды.

      3. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар (бұдан әрі – рұқсаттар) жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мына түрлеріне беріледі:

      1) аң аулау;

      2) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);

      3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалану;

      4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану.

      4. Аң аулауға, кәсіпшілік аулауға, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға рұқсаттар:

      1) бұдан бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды;

      2) қырылуға қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулауды қоспағанда, бекітілген лимиттерге сәйкес және белгіленген алып қою квоталары шегінде беріледі.

      5. Аң аулауға, кәсіпшілік аулауға, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға рұқсаттар осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      6. Мемлекеттік қызметті:

      екі және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар жануарларды алудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде;

      екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсатты ведомство (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      7. Бір балықшы бір барғанда бес килограммға дейін балық аулай отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады.

      8. Ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсат алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім:

      1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеу үшін аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) рұқсаттар беру кезінде;

      2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) рұқсаттар беру кезінде жасалады.

      Пайдалану түріне байланысты қосымша:

      1) аң аулауға (алғаш рет жүгінген кезде):

      жануарлар дүниесі объектілерін алып қою шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі;

      2) ғылыми-зерттеу үшін аулауға:

      бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;

      жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың болжамды көлемін негіздейтін есептердің электрондық көшірмесі;

      бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар жағдайында);

      3) өсімін молайту мақсатында аулауға:

      балық ресурстарын молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында аулау жағдайларын қоспағанда, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;

      4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға;:

      індет мониторингінен басқа, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан үзіндінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;

      індетті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасында жануарлар аурулары індетінің мониторингі үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;

      жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);

      5) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:

      жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме) беріледі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы нәтижені беру күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық-цифрлы қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды өтінімде көрсетілген деректер мен мәліметтердің және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігі тұрғысынан қарайды және өтінім келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 8-қосымшада жазылған.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы деректердің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      13. Балық шаруашылығын жүргізу шартының талаптары бойынша балық аулау бірнеше балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, сондай-ақ бірнеше кемемен, бригадалармен немесе звенолармен жүзеге асырылған жағдайда өтініш беруші "жеке кабинеті" арқылы кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға арналған рұқсатты әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе звеноға жеке-жеке басып шығарады.

      Әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға және звеноға жеке-жеке басып шығарылған рұқсат уәкілетті органмен және (немесе) жергілікті атқарушы органмен берілген рұқсаттың телнұсқасы болып табылады.

      14. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде өтінім беруші осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес рұқсат берген органға жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды есепке алу бойынша есеп береді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан

____________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) (наименование местного исполнительного органа)

Жануарлар дүниесін пайдалануға РҰҚСАТ №_______________ РАЗРЕШЕНИЕ на пользование животным миром (аң аулауға)
1. Берілді / выдано:___________________________________________________ (заңдытұлғаныңатауыжәне бизнес-сәйкестендірунөмірі, жеке тұлғаның, тегі, аты, әкесініңаты (онын болған кезінде) және жеке сәйкестендіру нөмірі/ наименование организации и бизнес-идентификационный номер юридического лица, фамилия, имя, отчество (при его наличии) и индивидуальный идентификационный номер физического лица) Аңаулау орны (аңшылық шаруашылығы, участке)/место охоты (охотничье хозяйство, участок) _______________________________________________ Аулау мақсаты: (әуесқойлық (спорттық), кәсіпшілік аңаулау, олжалау/ цель изъятия: (любительская (спортивная), промысловая охота, добыча трофея) _________________________________________________________ ________________________________________________________________ Алып қойылатын жануарлар объектілері/добываемые объекты животного мира

Жануар түрі/ Вид животного

Жыныстық-жасқұрамы (қоңыр аю, тұяқты жануарлардың жыныстықжас-құрамы және қажет болған жағдайда құсқа)/половозрастнойсостав (для бурого медведя, копытных животных, и в случае необходимости для дичи)

Саны (дарақ)/ количество (особей)

Аулау мерзімі дейін/ сроки изъятия




___ж. "__" ___ ___ж. "__"____
с "__" ___ ___г по "__" __ ___г

Берілген күні/дата выдачи "____" _____________ ________ж./г. Берген/выдал:_____________________________________________________
Атқарушы органның мөрі /Место печати местного исполнительного органа______________________________________________________________
(Төменгі бөлігін аңшыға рұқсат берген ұйым толтырады/заполняется организацией, получившей разрешение на пользование животным миром)
2. Аңшы/охотник___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болса) / (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Аңшы куәлігі (сериясы, нөмірі, берілген күні)/удостоверение охотника (серия, номер, дата выдачи)________________________________________________

  Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

_______________________________ (ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы

Нөмірі: __________ Берілген күні: __________________________
Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат (кәсіпшілік аулау, әуесқойлық (спорттық) аулау, ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)
Берілді:_________________________________________________________
Пайдалану түрі:__________________________________________________
Aлу мақсаты: ____________________________________________________
Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы: _________________
_________________________________________________________________
Aлу тәсілдері: ____________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін
жауапты адамдар: ________________________________________________
Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны:

р/с №

Объектілерінің атауы

Саны (килограмм, тонна)

1.

бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)


2.

майшабақтар, тікендi балық, түйетабан, шабақ


3.

албырт балықтар


4.

ақсақа балықтар


5.

ірi балықтар


6.

ұсақ балықтар


7.

су жануарлары


Aлу мерзімі ___________________ бастап _____________________ дейін
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы ____________
Aлу құралдары:

Aлу құралдарының атауы

Саны дана





Жүзу құралдары:

Кеме атауы

Саны дана





Уәкілетті тұлға:____________________________________________________

  Жануарлар дүниесін
  пайдалануға рұқсаттар
  беру қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)

      Нөмірі:_______ Берілген күні:_________

Жануарлар дүниесін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға арналған рұқсат

      Берілді: ______________________________________________________________

      Пайдалану түрі ________________________________________________________

      Алу мақсаты __________________________________________________________

      Алу тәсілдері _________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар:______________________________

      Алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:

Жануар түрі

Саны (дарақтар)

Aудан (аумақ) және учаске шекаралары







      Төлемнің жиынтық сомасы ___________________________________________

      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): ________________________

      Aлу мерзімі: ________________ бастап _______________________ дейін

      Aлу тәсілі:_________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілетін мерзімі: ___________________

      Бақылау:_______________________________________________ жүктеледі.

      Уәкілетті тұлға:____________________________________________________

  Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

_______________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)

Нөмірі: __________ Берілген күні: ________
Жануарлар дүниесін өсімін молайту мақсаттарында пайдалануға РҰҚСAТ
Жануарларды пайдалану мақсаты: ____________________________________
Берілді: ___________________________________________________________
Aлу тәсілі: _________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _____________________________
Aлу үшін жоспарланған объектілердің тізбесі мен саны:

Жануарлардың түрлері

Саны (дарақтар)

Aудан (аумақ) және учаске шекаралары







Төлемнің жиынтық сомасы __________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):________________________
Aлу мерзімі: ________________ бастап, _______________________ дейін.
Aлу тәсілі:_________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілу мерзімі:
Бақылау: ________________________________________________ жүктеледі.
Уәкілетті адам: ____________________________________________________

  Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына
  5 қосымша

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкалары Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулауды жүргізу кезіндегі төлемақы ставкалары

Р/с № Жабайы жануарлардың түрлері Төлемақы мөлшерлемесі, бір дара нұсқасы үшін (айлық есептік көрсеткіш)
Кәсіпшілік аң аулау Әуесқой-лық және спорттық аң аулау
1 2 3 4

1.

Сүтқоректілер:



1.1.

бұлан (еркегі)

-

16

1.2.

бұлан (ұрғашысы)

-

11

1.3.

бұлан (бір жасар төлі) 

-

6

1.4.

марал (еркегі) 

-

13

1.5.

марал (ұрғашысы)

-

7

1.6.

марал (бір жасар төлі) 

-

4

1.7.

аскания бұғысы (еркегі)

-

9

1.8.

аскания бұғысы (ұрғашысы) 

-

5

1.9.

аскания бұғысы (бір жасар төлі)

-

3,5

1.10.

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

4

1.11.

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі)

-

3

1.12.

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі) 

-

3

1.13.

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі) 

-

2

1.14.

сiбiр тау ешкiсi (еркегі) 

-

4

1.15.

сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар төлі) 

-

3,5

1.16.

құдыр 

-

2

1.17.

қабан (еркегі) 

-

4

1.18.

қабан (ұрғашысы, бір жасар төлі) 

-

3

1.19.

киiк (еркегі) 

4

5

1.20.

киiк (ұрғашысы, бір жасар төлі) 

3

4

1.21.

қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқа) 

-

14

1.22.

өзен құндызы, кәмшат (ортаазиялықтан басқа)

1

2

1.23.

бұлғын

2

4

1.24.

суырлар (Мензбир суырынан басқа) 

0,060

0,12

1.25.

ондатр 

0,045

0,9

1.26.

борсық, түлкi 

0,10

0,20

1.27.

қарсақ

0,045

0,10

1.28.

америкалық су күзенi

0,12

0,25

1.29.

сiлеусiн (Түркiстан сілеусінінен басқа)

-

0,45

1.30.

қояндар (құмқоян, орқоян, ақ қоян)

0,010

0,045

1.31.

жанат тектес ит, шайқағыш жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн

0,020

0,35

1.32.

саршұнақ (құм саршұнағы)

0,015

0,025

1.33.

қасқыр

0

0

1.34.

шибөрі

0

0

2.

Құстар 



2.1.

маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы)

0,015

0,030

2.2.

саңырау құр

-

0,15

2.3.

құр

-

0,055

2.4.

Гималай ұлары 

-

0,20

2.5.

қырғауыл 

0,020

0,060

2.6.

қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз 

0,020

0,045

2.7.

үйректер* (сарыалақаз, италақаз, барылдауық, қырылдақ шүрегей, ысылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, бізқұйрық сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, мамыққаз, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық) 

0,010

0,020

2.8.

қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi, үлкен түркептер), шалшықшылар (күржікей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азиялық тауқұдiрет, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ)

0,005

0,010

2.9.

бөдене 

0,005

0,010

      Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерінен басқа.

      Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с № Су жануарларының түрлері Төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
бір дарақ үшін бір килог-рамы үшін
1 2 3 4

1.

Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда: 



1.1.

бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай) 


0,064

1.2.

майшабақтар (қарынсау, бражников шабағы, қаражон), тікендi балық, камбала, шабақ 


0

1.3.

албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус) 


0,017

1.4.

ақсақа балықтар (көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян 


0,012

1.5.

қаракөз


0,004

1.6.

итбалық 

1,93


1.7.

ірi балықтар: 



1.7.1.

ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке 


0,013

1.8.

ұсақ балықтар:



1.8.1.

табан, торта, тұрпа балық, майбалық, көкбас, қызылкөз, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарғақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктыран, қылыш балық, буффало, шармай


0,004

2.

Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде:



2.1.

алып қоя отырып:



2.1.1.

ірі балықтар 


0,017

2.1.2.

қортпа


6,5

2.1.3.

бекіре тұқымдас балықтар 


5,5

2.1.4.

ақсақа, албырт балықтар 


0,042

2.1.5.

ұсақ балықтар


0,008

2.1.6.

шаян

0,008


2.2.

"ұстап алу-қоя беру" қағидаты негізiнде: 



2.2.1.

ірі балықтар


0,1

2.2.2.

бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай)

4,97


2.2.3.

ақсақа және албырт балықтар


0,27

2.2.4.

ұсақ балықтар


0,068

      Өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулаудан және балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлеріндың пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с № Жануарлардың түрлері Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
бір дара нұсқа-сы үшін бір килог-рамы үшін
1 2 3 4

1.

Сүтқоректілер: 



1.1.

шұбар мысық немесе дала мысығы 

0,030

-

1.2.

қарақас

0,015

-

2.

Құстар:



2.1.

кiшкене, қарамойын, қызылмойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және қошқыл құтан 

0,010

-

2.2.

үлкен аққұтан 

0,015

-

2.3.

маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшарлаған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, сауысқан, бұлыңғыр, бөрте балшықшы, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжағал қалытқы, ақтамақ қалытқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылтөс құмдауық, қаратөс құмдауық, бізқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шабындық және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайызторғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, нәзіктұмсықты, сұр, сор, дала бозторғайы, қостеңбілді, аққанат, қара, құлақты, орман бозторғайы, шабындық бозторғайы, үнді бозторғайы), қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық 

0,005


2.4.

қаршыға

0,010


2.5.

қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары 

0,045


3.

Бауырымен жорғалаушылар: 



3.1.

Орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы

0,020

-

3.2.

ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз 

0,010

-

3.3.

бозша жылан 

0,045

-

3.4.

өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы

0,035

-

3.5.

көлбақа 

0,005

-

4.

Омыртқасыз су жануарлары: 



4.1.

артемия (цисталар) 

-

0,045

4.2.

гаммарус, шашақ мұрт шаяндар

-

0,010

4.3.

сүлiктер

-

0,030

4.4.

басқа да су омыртқасыздары мен цисталар 

-

0,005

  Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына
  6-қосымша
  Нысан
  (кімге)_____________________
  (заңды тұлғаның толық атауы, көрсетілетін қызметті
  берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
  (кімнен)____________________
  (көрсетілетін қызмет алушының толық атауы)
  мекенжайы_________________
  (индексі, облыс, қала, аудан, көше, үй №, пәтер № (бар болса), телефон)
  көрсетілетін қызмет алушының деректемелері
  __________________________
  (бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
  жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат" беруді сұраймын (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)

      Пайдалану түрі: ________________________________________________

      Су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы_____________________

      Алу мақсаты: __________________________________________________

      Алу тәсілдері:__________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар:________________________

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдардың тізімі:__________________

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      20___жылғы "__"__________ №_____

      Балық шаруашылығын жүргізу шарты Субъектіні аккредиттеу туралы анықтаманың нөмірі, күні және сериясы (ғылыми-зерттеу үшін аулау жағдайында)____________________

      Мекендеу ортасынан алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:

Объектілердің атауы

Саны (тонна)



      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): ______________________

      Aлу мерзімі: ________________ бастап_______________________ дейін

      Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы_______________

      _________________________________________________________________

      Алу құралы:

Алу құралының атауы

Саны



      Жүзу құралдары:

Кеменің түрі

Саны, дана



      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "_" _______________

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)

  Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына
  7-қосымша
  (кімге)__________________________________________
  (заңды тұлғаның толық атауы, көрсетілетін қызметті
  берушінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда))
(кімнен)____________________
(көрсетілетін қызмет алушының толық атауы)
мекенжайы_________________
(индексі, облыс, қала, аудан, көше, үй №, пәтер № (бар болса), телефон)
көрсетілетін қызмет алушының деректемелері
  _________________________
  (бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат" беруді сұраймын (аң аулауға, өсімін молайту мақсатына, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға)

      __________________________________________________________________

      Пайдалану түрі: ____________________________________________________

      Алу мақсаты: ______________________________________________________

      Алу тәсілдері:______________________________________________________

      Аңшылық шаруашылығын жүргізу шартының нөмірі мен күні:____________

      __________________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар:____________________________

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдардың тізімі:___________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мекендеу ортасынан алу үшін жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:

Жануарлардың түрлері Саны (дарақтар) Aудан (аумақ) және учаске шекарасы









      Жалпы құны (теңге)__________________________________________________

      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):_________________________

      Aлу мерзімі: ________________ бастап _______________________ дейін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "_" ________________

      _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)

  Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына
  8-қосымша

"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - Портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне беріледі:
1) аң аулау;
2) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);
3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болдырмау мақсатында пайдалану;
4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз негізде көрсетіледі.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес алынады.
Төлем қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.
Төлем:
1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға шығара отырып, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда оларды таңбалау, сақиналау, қоныс аудару, жерсіндіру, жасанды жолмен өсіру және будандастыру мақсатында табиғи ортадан алу кезінде;
2) жеке және заңды тұлғалардың жасанды жолмен өсірілген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын меншігі болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану кезінде;
3) балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме мақсатында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асыруы кезінде;
4) халықтың денсаулығын қорғау, ауылшаруашылық және басқа да үй жануарларын аурулардан сақтау, қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алу, ауылшаруашылық қызметіне елеулі залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қою кезінде алынбайды.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Кодекске сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеу үшін аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) рұқсаттар беру кезінде;
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болдырмау мақсатында, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) рұқсаттар беру кезінде.
Пайдалану түріне байланысты қосымша:
1) аң аулауға (алғаш рет жүгінген кезде):
жануарлар дүниесі объектілерін алып қою шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі;
2) ғылыми-зерттеу үшін аулауға:
бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың болжамды көлемін негіздейтін есептердің электрондық көшірмесі;
бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар жағдайында);
3) өсімін молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарын молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында аулау жағдайларын қоспағанда, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға;
індет мониторингінен басқа, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан үзіндінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;
індетті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасында жануарлар аурулары індетінің мониторингі үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
5) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме) беріледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден ЭҮПШ шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

1) ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсат алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына
  9-қосымша
  Нысан
  _________________________
  (заңды тұлғаның толық атауы, өтінім берушінің
  тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
  Мекенжайы_________________
___________________________


  (индексі, қала, аудан, облыс, көше,
  үй №, телефон)
  Өтінім берушінің деректемелері
  _______________________________________________
  (бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
  жеке сәйкестендіру нөмірі)

Жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды есепке алу бойынша есептілік

р/с № Жануарлар түрі Алынған рұқсат бланкілері Пайдаланылған рұқсат бланкілері Бүлінген рұқсат бланкілері Пайдаланылмаған және қайтарылған рұқсат бланкілері (дана)
Саны (дана) Саны (дана) Саны (дана) Саны (дана)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

1. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін





















2. Шетелдік азаматтар үшін











      _______________________________________Берілген күні:____________жыл (Өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады