"Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 404 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 тамызда № 21144 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18664 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Метеорологиялық қамтамасыз ету авиацияны тиімді қолдану және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін метеорологиялық жағдайларды анағұрлым толық пайдалануға бағытталған Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің ұшуын жауынгерлік қамтамасыз ету түрлерінің бірі болып табылады. Оны метеорологиялық бөлімше (бұдан әрі – метеобөлімше) жүзеге асырады.";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) авиациялық бөлім (оқшауланған құрылымдық бөлімше) – Қазақстан Республикасының жойғыш, бомбалаушы, шабуылдаушы, көлік, армиялық және оқу-жаттығу мемлекеттік авиациясы ӘК ұшуын жүргізуді, оларды пайдалануды, жөндеуді және сақтауды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме, авиациялық комендатуралар, авиациялық мүлік қоймалары, ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдаланатын бөлімшелер, сондай-ақ авиациялық персоналды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталықтары, ұшқышсыз ұшатын аппараттарды жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталықтары кіретін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің құрылымдық бөлімшелері;";

      16) тармақша алып тасталсын;

      48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) кезекші метеомаман – арнайы дайындығы бар және әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етумен, метеорологиялық бөлімшенің техникалық құралдарын пайдаланумен, қызмет көрсетумен және регламенттік жұмыстарды жүргізумен байланысты лауазымды атқаратын және метеобөлімшеде кезекшілікті жүзеге асыратын лауазымды адам, ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету маманы (авиациялық персонал);";

      74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "74) метеобөлімшенің кезекші инженер-синоптигі – тиісті білімі бар, ортақ және арнайы пайдаланудағы жерүсті қамтамасыз ету құралдарын (метеорологиялық бөлімшенің техникалық құралдарын) қолдана отырып, метеорологиялық тұрғыдан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, бөлім командирінің бұйрығымен тиісті метеорологиялық жағдайларда ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуге жіберілген маман;";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Нақты әуеайлақта мемлекеттік авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын метеобөлімше бөлімнің штаб бастығы (осы бағытқа жетекшілік ететін адам) бекіткен кезекші есептоптың әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі үлгі нұсқаулығына сәйкес әзірленген лауазымдық нұсқаулықтарды басшылыққа алады.

      10. Әуеайлақта мемлекеттік авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуді бөлімнің штаб бастығы (осы бағытқа жетекшілік ететін адам) ұйымдастырады. Метеобөлімшенің жұмысын әскери бөлімдер шешетін міндеттерді ескере отырып, тиісті метеобөлімшелердің бастықтары жүзеге асырады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуге тікелей қатысатын метеобөлімшелерге:

      1) метеоорталық;

      2) метеорологиялық бөлім;

      3) метеорологиялық қызмет;

      4) метеорологиялық бөлімше;

      5) метеорологиялық топ жатады.";

      25-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      26-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік авиацияның метеобөлімшелері:";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Оқу-жаттықтыру ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуді әскери бөлім штабының бастығы (осы бағытқа жетекшілік ететін адам) ұйымдастырады.";

      49-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бөлім штабының бастығы (осы бағытқа жетекшілік ететін адам):";

      103-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлім штабының бастығы (осы бағытқа жетекшілік ететін адам) бекітетін әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі үлгі нұсқаулық;";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Әскери бөлімнің шегінен тыс шықпайтын метеорологиялық құжаттарда осы әскери бөлімнің күн тәртібі белгіленген жергілікті уақыт көрсетіледі. Әскери бөлімнің шегінен тыс шығатын құжаттар мен хабарламаларда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты, ал ҚР шегінен тыс жерде – дүниежүзі бойынша үйлестірілген уақыт (UTC) көрсетіледі.";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Көлденең көріну қашықтығы 50 м кем, 50-100 м, 100-200 м, 200-400 м, 400-800 м, 600-1000 м, 1000-1500 м, 1500-2000 м, 2-3 км, 3-4 км, 4-6 км, 6-10 км және 10 км астам градациямен болжанады және көрсетіледі.";

      144-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Градацияны таңдауды көлденең көрінудің анағұрлым ықтимал болжамды мәні осы градацияның ішінде болатындай етіп жүргізу қажет. Мысалы, болжамды есептеу әдістері бойынша 900 м көлденең көріну қашықтығын аламыз, пайдаланылатын градация 600-1000 м болады, көлденең көрінуді 1200 м болжау кезінде 1000-1500 м градацияны қолдану керек.";

      216-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауа райы болжамдары күн сайын метеоорталықта Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 16.00-ге қарай, ал әскери бөлімдерде сағат 17.00-ге қарай ағымдағы күнгі 18.00-ден бастап келесі күнгі 18.00-ге дейінгі кезеңге, түнге бөлек (сағат 18.00-ден 6.00-ге дейін) және күндізге (сағат 6.00-ден 18.00-ге дейін) әзірленеді.

      Келесі күнге сағат 6.00-ден 18.00-ге дейінгі кезеңге арналған ауа райы болжамдары Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 5.30-ға қарай метеоорталықта нақтыланады.";

      250-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) АҚҚ-ның басталу (күшею, бәсеңдеу, аяқталу) уақыты Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша төрт цифрмен көрсетіледі: алғашқы екі цифр сағатты, ал соңғы екеуі – минутты білдіреді;";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      Осы қағидаларға 28-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 26 тамыздағы
№ 404 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуын метеорологиялық
қамтамасыз ету қағидаларына
1-1-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
00000 әскери бөлімінің штаб
бастығы
____________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты,
әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
20 __жылғы "____" __________

Әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі үлгі нұсқаулық

      1. Метеобөлімшелерде кезекшілік тәулік бойы (екі ауысымда), ал ӘК экипаждарының жауынгерлік кезекшілігі ұйымдастырылған әуеайлақтарда – тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік ұйымдастырылады.

      2. Метеобөлімшенің кезекші есептобы метеорологиялық қатынаста ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша ұшу жетекшісіне (ҰҚЖК) бағынады. Кезекші есептоп кезекші инженер-синоптиктен, кезекші метеомаманнан (метеобақылаушыдан) тұрады.

      3. Авиацияның жұмыс жоспарына сәйкес ұшу және ұшып өту кезеңінде ЖДП-да ұшуды қамтамасыз ету тобының құрамына кезекші инженер-синоптик тағайындалады.

      4. Метеорологиялық бөлімшенің кезекші инженер-синоптигі метеожағдай бөлімшесі кезекші есебінің жеке құрамына арналған бастық болып табылады. Ол әскери бөлім метеорологиялық қызметінің (бөлімшесінің) бастығына бағынады.

      5. Кезекшілікті ауыстыру метеорологиялық қызмет бастығының басшылығымен жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-де жүргізіледі.

      6. Кезекшілікті тапсырушы кезекші инженер-синоптик (кезекші метеомаман) баяндайды, ал қабылдаушы мыналарды нақтылайды:

      1) орналасу аумағы (ауданы) бойынша және ұшу (ұшып өту) ауданы (маршруттары) бойынша атмосфералық процестердің дамуын және нақты ауа райын;

      2) орналасу аумағы, әуеайлақ және ұшу (ұшып өту) ауданы бойынша алдағы күнге (түнге) ауа райы болжамын (дауылды ескертулер);

      3) ұшуға метеорологиялық жағдайлардың әсері (ұшуды тоқтату жағдайлары, олардың себептері, авиациялық оқиғалар, өткен ауысымда ұшу нұсқаларының өзгеруі қысқаша қаралады);

      4) ұшу және ұшып өту жоспары, ұшу ауданы (маршруттары), олардың ұзақтығы мен бейіні, нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайдың жоспарланған ұшуларды орындау үшін қажетті жағдайларға сәйкестігі;

      5) алдағы ауысымға ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер, қосымша жұмыс көлемін орындау қажеттілігі;

      6) метеоқызмет техникалық құралдарының жай-күйі;

      7) басқа метеожағдайлармен, КП, БПРМ және ДПРМ, метеорологиялық радиолокатордың есептерімен өзара әрекеттесудің кемшіліктері мен оң тұстары;

      8) байланыс құралдары жұмысының тұрақтылығы.

      7. Кезекші инженер-синоптикке ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету сапасын және олардың қауіпсіздігін, метеобөлімшеден шығатын барлық метеорологиялық ақпараттың уақтылығын сақтау, нақты жағдайларда берілген (қосымша) тапсырма кезінде белгіленген жұмыс көлемінің нақты орындалуы және күтілетін метеожағдайлардың сәйкестігін сапалы болжай білу, кезекші есептоптың белгіленген тәртіпті қатаң сақтауы жүктеледі.

      8. Кезекші инженер-синоптик:

      1) командирді, штабты, командалық пункт пен әуе қозғалысын басқару орталықтарының есептоптарын, ұшу басшысын және ұшқыш құрамын әуеайлақ ауданы (оқу-жаттығу полигоны, қону алаңдары), қосалқы әуеайлақтар бойынша метеорологиялық жағдайдың нақты және күтілетін жай-күйі туралы ақпаратпен, сондай-ақ авиация үшін қауіпті ауа райы құбылыстары туралы дауылды ескертулермен және хабарландырулармен қамтамасыз етеді;

      2) ұшу ауысымына жоспарланған: ұшу (ұшып өту) ауданын (маршруттарын), уақытын, биіктігін және бейінін; полигондар мен қосалқы әуеайлақтарды; ұшақтарды қайтару шептерін; экипаждың ауа райы минимумдарын және ұшу тапсырмаларын орындау үшін қажетті метеорологиялық жағдайларды зерделейді;

      3) кезекші есептоптың жұмысын ауысымға жоспарланған барлық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететіндей ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда метеорологиялық бөлімше үшін белгіленген жұмыс көлемін ұлғайтады;

      4) метеорологиялық ақпаратты жинауды, өңдеуді, ауа райы карталарына түсіруді, метеоақпараттың барлық негізгі және қосымша көздері мен алу жолдарын ұйымдастырады және оларды жедел пайдалана білуге тиіс;

      5) метеорологиялық жағдайды үздіксіз талдайды және олардың әуеайлақ және ұшу ауданы бойынша өзгеруін болжайды;

      6) ұшу кезінде КДП-дағы бөлімнің метеоқызмет бастығымен (кезекші инженер-синоптикпен) тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оған барлық қажетті метеорологиялық ақпаратты береді;

      7) күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшу кезінде метеорологиялық бақылауларды (өлшеулерді) жиі ұйымдастырады;

      8) әуеайлаққа қонатын немесе одан ұшып шығатын басқа ведомстволардың авиация ұшақтарының экипаждарын метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      9) авиация үшін қауіпті ауа райы құбылыстарының пайда болу қаупі (кенеттен пайда болу) кезінде, сондай-ақ метеоэлементтердің шекті мәндеріне және ұшу ауданында, өзінің және қосалқы әуеайлақтарда, полигондарда (қону алаңдарында) ауа райының қауіпті құбылыстары бар аймақтарға дейін шекті қашықтықтарға жеткен кезде дауылды хабарлау және ескерту жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес лауазымды адамдарға дауылды ескертуді береді (баяндайды);

      10) ауа райын радиолокациялық барлау жүргізуге және ауа райын әуеден барлауға арналған тапсырманы әзірлеуге қатысады;

      11) мемлекеттік авиациясы бар басқа ведомстволардың метеорологиялық бөлімшелерімен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      12) метеоорталыққа: ауа райын әуеде барлау және ұшу кезеңінде әзірленген дауылды ескертулерді, ауа райы болжамдарын және оларға енгізілген барлық нақтылауларды; ауа райын радиолокациялық және әуе барлауының деректерін; нақты және күтілетін метеожағдайлардың жоспарланған ұшу тапсырмалары мен ауа райының минимумдарына сәйкестігі туралы; метеоқызмет техникалық құралдарының көмегімен өлшенген бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің және көрінудің мәндеріндегі және ұшу экипаждары белгілеген басқа да мәселелерді;

      13) басқа ведомстволардың метеорологиялық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша нақты ауа райы туралы деректерді және өзінің әуеайлағы бойынша ауа райы болжамын жібереді;

      14) бақылауларды жүргізу мерзімдерінің сақталуын, метеорологиялық элементтерді өлшеу дәлдігін және жеделхаттардың белгіленген мекенжайларға және сұрау салулар бойынша уақтылы жіберілуін бақылайды;

      15) кезекші есептоптың басшылық құжаттардың талаптарын орындауын қамтамасыз етеді.

      9. Кезекші метеомаман (метеобақылаушы):

      1) тұрақты және инженер-синоптик көрсеткен мерзімдерде метеорологиялық және бақылауларды жүргізеді, оларды өңдейді, бақылау нәтижелері бар жеделхаттарды жасайды және оларды белгіленген мерзімде және мекенжайларды, сондай-ақ сұрау салулар бойынша жібереді;

      2) кезекші инженер-синоптикке метеожағдайға түскен дауылды хабарландыруларды дереу баяндайды, ұшу және ұшып өту болмаған күндері (демалыс және мереке күндері) метеорологиялық орталықтың аға офицері (ауысым бастығы – аға инженер – синоптик) келісім бойынша дауылды ескерту жазады;

      3) ауа райы күнделігін, кіріс және шығыс жеделхаттарының журналдарын және метеорологиялық бөлімшенің басқа да құжаттарын жүргізеді;

      4) белгіленген жұмыс көлеміне және қосымша нұсқауларға сәйкес жедел-болжамдық ақпаратты қабылдауды жүзеге асырады;

      5) белгіленген жұмыс көлеміне және кезекші инженер-синоптиктің қосымша нұсқауларына сәйкес метеорологиялық ақпаратты (ауа райы карталарын, дауылды ескертулерді, ауа райы болжамдарын, жедел-болжамдық ақпаратты қабылдау) метеоорталықтан жалпы пайдаланылатын желінің абоненттік пунктінен қабылдайды;

      6) ауа райы карталарына метеорологиялық және аэрологиялық деректерді енгізеді;

      7) метеорологиялық аспаптардың құрылымын, оларды пайдалану және күтіп ұстау қағидаларын зерделейді, қарапайым ақауларды табуды және жоюды білуге тиіс;

      8) метеобөлімшенің үй-жайларын, метеорологиялық алаңдарды үлгілі жағдайда ұстайды;

      9) келіп түсетін метеоақпараттың сапасы мен толықтығын бақылайды және кезекші инженер-синоптикке кемшіліктер туралы хабарлайды;

      10) метеорологиялық аспаптарды жарамды күйде ұстайды, оларға профилактикалық тексеру және ағымдағы жөндеу жүргізе білуге тиіс.

      10. Жылжымалы метеорологиялық станция бастығы:

      1) станциядағы метеорологиялық аспаптардың құрылысын, оларды пайдалану және күтіп ұстау қағидаларын зерделейді, қарапайым ақауларды жояды, станцияда регламенттік жұмыстарды уақтылы жүргізеді;

      2) техникалық құжаттаманы уақтылы және дұрыс толтырады;

      3) станцияда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы шаралары қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) метеобөлімше бастығының нұсқауы бойынша жеке құраммен станцияны өрістету бойынша жаттықтырулар жүргізеді;

      5) белгіленген жұмыс көлеміне және инженер-синоптиктің қосымша нұсқауларына сәйкес аппаратураның үздіксіз жұмысын; жедел-ауа райы ақпаратын қабылдауды қамтамасыз етеді;

      6) өзара ауыстыру тәртібімен механик-жүргізушінің функцияларын орындайды.

      11. Аға метеобақылаушы-жүргізуші (аға маман):

      1) белгіленген мерзімдерде, оларды журналдарға жазумен сағат сайын метеорологиялық және орнитологиялық бақылауды уақтылы жүргізеді;

      2) оған бекітілген автомобиль техникасын мұқият пайдаланады, оны қойылған міндеттерді орындауға жарамды күйде ұстайды;

      3) ауарайы карталарына метеорологиялық деректердіе нгізеді;

      4) кезекші синоптикке метеорологиялық жағдайдың өзгерістерін баяндайды;

      5) әуеайлақта (көруалаңында) қауіптіжәне аса қауіпті құбылыстар туындаған кезде дереу (жеке өзі немесе телефон арқылы) инженер-синоптикке бақылау нәтижелерін баяндайды;

      6) инженер-синоптиктің нұсқауы бойынша белгіленген мекенжайларға және сұрау салулар бойынша дауылды хабарлауды береді;

      7) қауіпті және аса қауіпті құбылыстардың одан әрі дамуын бақылайды, олардың күшеюі, әлсіреуі, аяқталуы туралы инженер-синоптикке баяндайды және оның нұсқауы бойынша осы құбылыстардың күшеюі, әлсіреуіжәне аяқталуы туралы хабарламаны жасайды, журналға жазады және белгіленген мекенжайларға және сұрау салулар бойынша береді;

      8) басқа метеобөлімшелерден дауылды хабарлауды алған кезде хабарламаның мазмұнын кіріс жеделхаттары журналына (АВ-2) жазады.

      9) белгіленген жұмыс көлеміне және қосымша нұсқауларға сәйкес жедел болжамдық ақпаратты қабылдауды жүргізеді;

      10) метеорологиялық аспаптардың құрылымын, оларды пайдалану және күтіп ұстау қағидаларын зерделейді, қарапайым ақауларды табуды және жоюды білуге тиіс;

      11) метеобөлімшенің үй-жайларын, метеорологиялық алаңдарды үлгілі жағдайда ұстайды;

      12) жол жүру қағидаларын зерделейді;

      13) техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды орындайды;

      14) автомобильді арнайы өңдеуді жүргізеді;

      15) өзіне бекітілген автомобильде қолданылатын жанар-жағармай материалдарының сұрыптары мен нормаларын зерделейді;

      16) жанар жағармай материалдарын артық жұмсауға жол бермейді және оларды үнемдеуге қол жеткізуге тиіс;

      17) негізгі пайдалану ақауларының себептерін зерделейді, оларды табуды және жоюды білуге тиіс;

      18) автомобиль техникасын үлгілі күйде ұстайды және олардың сынуына жол бермейді;

      19) өзара ауыстыру тәртібі мен жылжымалы метеорологиялық станция бастығының міндеттерін орындайды.

      Ескертпе: нұсқаулық ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүзеге асыру ерекшеліктерін және әскери бөлім шешетін басқа да міндеттерді ескере отырып анықталуға және нақтылануға тиіс.

00000 әскери бөлімі метеорологиялық
қызметінің (топтың) бастығы
___________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 26 тамыздағы
№ 404 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуын метеорологиялық
қамтамасыз ету қағидаларына
28-қосымша
  Үлгі
  Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері Әуе қорғанысы
күштерінің бас қолбасшысы
____________________________
(әскери атағы, қолы, тегі,
әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
20___ жылғы " ____" _________

ҚР ҚК ӘҚК әуеайлақтарындағы метеорологиялық элементтердің шекті мәндері және АҚҚ-ға дейінгі шекті арақашықтық

  1-кесте

Әртүрлі ауаның температурасы кезінде (°С) ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (%)

әуеайлақтар

7 балдан аз бұлттылық кезінде

7-10 балл бұлттылық кезінде

<-15

-15<-5

-5<+5

>+5

<-15

-15<-5

-5<+5

>+5

Нұр-Сұлтан

86

93

94

95

87

91

94

96

Қарағанды

86

93

94

95

88

93

94

96

Шымкент

87

92

94

95

90

94

96

96

Первомайск

85

90

92

95

88

94

94

96

Жетіген

88

90

93

95

88

94

94

96

Талдықорған

86

90

93

93

87

91

94

95

Балқаш

84

90

94

96

87

91

96

97

Үшарал

87

91

93

95

90

92

95

97

Хлебодаровка

88

91

92

94

89

91

94

96

Ақтөбе

89

91

93

95

90

92

95

97

Семей

88

92

94

95

90

94

95

96

Тараз

86

90

92

94

90

93

95

97

Луговая

86

87

92

94

87

91

94

95

Сарышаған

83

90

93

96

87

90

96

96

Ақтау

83

89

93

95

86

90

95

96

Аягөз

88

92

94

95

90

94

95

96

Әуе кемелерінің ұшу және қону үшін жел жылдамдығының шектік мәні

  2-кесте

ЖЕЛ

Миг-23
УБ
МиГ-27

МиГ-31
Су-27
Су-30

МиГ- 29

Су-25

Ан-26
С-295

Ил-76

Ту-134

Ан-12
Ан-72

Вoеing757

Бүйірлік

10

15

15

10

12

20

20

15

17

Қарсы

20

25

25

20

30

25

20

20

20

Бағыттас

5

5

6

5

5

5

5

5

5

      Кестенің жалғасы

ЖЕЛ

Ту-154

Ми-35
Ми-26

Л-39
Ми-171,
Ми-17
Ми-8

ЕС145

UH-2

Ан-2

ТЛ 2000
ТЛ 3000

Zlin42

ҰҰА

Бүйірлік

17

10

10

10

10

6

8

10

6

Қарсы

20

25

20

25

15

18

15

18

7

Бағыттас

10

10

7

8

5

3

3

3

6

      ЕСКЕРТПЕЛЕР:

      1. Шекті мәннен 3%-ке аз болған кезде маршруттық ұшу ТОҚТАТЫЛАДЫ.

      2. 100Х1000 белгіленген минимум кезінде ұшуда (ҰБМ), 100Х1000 және одан төмен экипаж командирінің минимумы кезінде ӘК ұшуы кезінде шекті ылғалдылық мәні есептелмейді.

      3. Әуеайлақтан 50 км арақашықтықта ашық жарық түсірілген кезде маршруттық ұшу ТОҚТАТЫЛАДЫ.

      4. Әуеайлақ бағытына немесе қону бағытына жылжитын жарық түстер болған кезде ұшу 30 км қашықтықта ТОҚТАТЫЛАДЫ.

      5. Әуеайлақтан арақашықтығы 20 км қауіпті ауа райы құбылысы болған кезде олардың қозғалу жылдамдығына және бағытына қарамастан ұшу ТОҚТАТЫЛАДЫ.

      6. Ауа температурасы +35 градус және жоғары болған кезде жауынгерлік авиацияның, +38 градус және жоғары болған кезде әскери-көлік, армиялық авиацияның ұшуы мен ұшып өтуіне ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ, ауа температурасы төмен болған кезде осы әуеайлақтың салқын-жел эквиваленті кестесі (ТТС-ға сәйкес Boeing-747 және С-295 әуе кемелерін қоспағанда) басшылыққа алынады.

      7. Оның тұрақты төмендеуі жағдайы кезінде әуеде ауа райын барлау +37 градус температура кезінде жүргізуге рұқсат етіледі.

      8. Қосалқы әуеайлақ ретінде ондағы ауа температурасы +40 градустан аспайтын әуеайлақты пайдалану.

      9. Егер ұшу кезеңінде ауа температурасы +30 градусқа жетсе және оның жоғарылау үрдісі болса, ұшу ауысымының ұзақтығы іс жүзінде ұшу басталған уақыттан 5 сағатпен ШЕКТЕЛЕДІ.

      10. Егер ұшу басталғанда, оның кезеңінде ауа температурасы +30 градусқа жетсе, бірақ бір сағат ішінде ұшу температурасы +30 градустан төмен түсетін үдеріс болса, ұшу ауысымының ұзақтығы ШЕКТЕЛМЕЙДІ.

      11. Дымқыл ҰҚЖ-ға ұшуды және қонуды желдің бүйірлік жылдамдығының жол берілген шекті мәнінен бүйірлік жел кезінде 2 м/саз жүргізу.

      12. Мынадай ілініс коэффиценті кезінде ұшуды жүргізуге РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ: 0.45% және одан жоғары – әуеайлақ шектеусіз ұшуға және қонуға жарамды; 0.39 – 0.41% К/Э ұшу және қону, 0.35% және жоғары – кезекші экипаждардың қосалқы әуеайлаққа қонуы және өз әуеайлағынан ұшуы; 0.32% және жоғары кезінде әуеайлақтан ӘКА-ның ұшуы және қонуы үшін жарамды, 0.28% және жоғары ӘКА-ның ұшуы үшін әуеайлақ жарамды.

      Салқын-жел эквиваленті температурасының кестесі

      Температура (°С)



  желдің жылдамдығы (м/с)

      Кестедегі қауіпті аймаққа сәйкес келетін жағдайларда орындау кезінде кезекті ұшуға авиациялық техниканы старттық дайындау уақытын 10 минутқа арттыру. Қауіпті аймақтан тыс салқын жел эквиваленті артқан кезде ҰШУЛАР ТОҚТАТЫЛСЫН!

      Мысалы: Т = - 15°С, желдің жылдамдығы = 8 м/с.

      Салқын-жел эквиваленті температурасы = - 33°С.

      КЕЛІСІЛДІ:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе
күштерінің қолбасшысы
ӘҚК БҚБ ұшу қауіпсіздігін қадағалау басқармасының бастығы
__________________________________ 20___ жылғы "___" _________ __________________________________ 20___ жылғы "___" _________
Дәрігерлік-ұшу комиссиясының төрағасы – ӘҚК БҚБ МТҚББ медициналық бөлімінің бастығы 29990 әскери бөлімі метеорологиялық бастығы орталығының
__________________________________ 20___ жылғы "___" _________ __________________________________ 20___ жылғы "___" _________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады