Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.07.2021 № 454-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларда:
"
90-топ | Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәлме-дәл, медициналық немесе хирургиялық құралдар мен аппараттар; олардың бөліктері мен керек– жарақтары | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс |
"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
9019 20 000 0 | Озонды, оттекті және аэрозольді терапияға, жасанды тыныс алуға арналған аппаратура немесе өзге де терапиялық тыныс алу аппаратурасы |
Дайындау кезінде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны осы тауар түрі дайындала басталған бірінші және екінші жылы түпкілікті өнім бағасының 90%-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындаған жағдайда: |
". |
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі