БҰЙЫРАМЫН:
1. "Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-6/701 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11991 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен айқындалған биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | С. Омаров |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Индустия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері
Атауы | жылдар бойынша | ||||
2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | |
Биоотын, миллион литр | 2 454 | 2 283 | 2 121 | 1 966 | 1 820 |