Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 тамызда "Заң газеті" газетінде № 123 (1546) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуінде:
1-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) өндірістік объектілердің санитариялық сыныптауына сәйкес қауіптіліктің 1-сыныбына жататын жалпы объект бойынша норматив эмиссияларының біреуі асқан жағдайда:
1) ластаушы заттардың шығарындылары – жылына 5000 тоннадан астам, мұнай-газ өнеркәсібі үшін жылына 1000 тоннадан астам;
2) ластаушы заттардың төгінділері – жылына 15000 тоннадан астам;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру – жылына 4000000 тоннадан астам қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің жобалары.
Күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру нормативтерінің, сондай-ақ астананың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың полигондарының қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары.";
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты табиғат пайдаланушыда эмиссияның бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді:
1) ластаушы заттардың шығарындылары – жылына 5000 тонна, мұнай-газ өнеркәсібі үшін – жылына 1000 тонна;
2) ластаушы заттардың төгінділері – жылына 15000 тонна;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру – жылына 4000000 тонна.".
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде берілген тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы |
С. Брекешев |