"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 420 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21301 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;";

      9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтаманы.

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген адамдар осы іс-шаралардың алынып тасталуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтаманы ұсынады;";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. ҰБТ-ға 4 сағат беріледі.

      Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 2 сағат беріледі.";

      29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 15 тамызына дейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады.";

      33-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) тестілеу процесін бейнебақылау жазбаларының сақталуы мен толықтығын, сондай-ақ бейнежазбалардың түсірілуін қамтамасыз етеді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда Министрлік өкілі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге жіберу барысында бөгде тұлғаны анықтау актісін жасайды, түсуші осы тестілеуге кіргізілмейді.";

      49-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге рұқсат етілмейді:

      аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің, рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;

      сөйлесуге;

      орын ауыстыруға;

      тестілеу материалдарымен алмасуға;

      тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға;

      ғимаратқа және аудиторияға оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқалар), шпаргалкаларды алып кіруіне және қолдануына;

      тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждауға, корректор сұйықтығын қолдануға, беттерді жыртуға;

      жауап парағының бояуға қарастырылмаған секторларын бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге;

      қауіпсіздік жүйесін әдейі бүлдіруіне.

      Бұл ретте аудиториядағы калькуляторларды пайдалануға жол беріледі.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Тестілеу өткізу барысында рұқсаттама мен рұқсаттама түбіртегін қайта салыстыру кезінде бөгде тұлға анықталған жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт жасайды.";

      63-15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-15. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге:

      компьютерлік сыныптан дәліз кезекшісінің функциясын атқаратын Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;

      сөйлесуге, орын ауыстыруға;

      тестілеу материалдарымен алмасуға;

      тестілеу материалдарын компьютерлік сыныптан шығаруға;

      ғимаратқа және компьютерлік сыныпқа оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқалар), шпаргалкаларды алып кіруіне және қолдануына рұқсат етілмейді.

      Бұл ретте компьютер сыныбындағы калькуляторларды пайдалануға рұқсат етіледі.";

      Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 28 қыркүйегі
№ 420 бұйрығына
қосымша
  Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
6-қосымша
  нысан

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті/Базалық жоғары оқу орны_________________________
РҰҚСАТТАМА
Тестіленушінің жеке коды:
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Жеке сәйкестендіру нөмірі/Туған күні
Мөр орны
Білім беру бағдарламалары тобының коды:
Тестілеу тапсыру тілі:
Пәндері:
1)
2)
3)
4)
5)
Тестілеу күні:
Басталу уақыты:
Лек:
Өткізу орны:
Мекен-жайы:
Ғимарат: Аудитория:
Білім беру ұйымы басшысы/Желілік жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:: _________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының www. tes tcen ter. kz сайтында жарияланады

Түсушіге жадынама:
Түсушіде өзімен бірге тестілеуге кіру рұқсаттамасы және жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (жеке куәлік немесе паспорт) болуы қажет. Жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ түсуші мектепті ағымдағы жылы бітіргені туралы фотосуреті бар анықтама береді. Құжаттардың біреуі болмаған жағдайда түсуші тестілеуге жіберілмейді.
Түсушіге ғимаратқа төмендегі тыйым салынған заттарды: ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған ұялы байланыстар, оның ішінде пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқаларды алып кіруіне рұқсат етілмейді.
Түсушіге рұқсат берілмейді:
1) аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
2) сөйлесуге, орын ауыстыруға;
3) аудиториядағы немесе компьютер класындағы калькуляторларды есептемегенде, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, түзету сұйықтығын және мобильдік байланыс құралдарын пайдалануға;
4) тестілеу материалдарымен алмасуға;
5) тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға;
6) тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждау арқылы бүлдіруге;
7) корректор сұйықтығын қолдануға, беттерді жыртуға, бояу қарастырылмаған секторларды (жауап парағының нөмірі) бояуға.
Түсуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда, Министрлік өкілі акт жасай отырып түсушіні тестілеуге кіргізбейді және (немесе) аудиториядан шығарады, түсушінің тестілеу нәтижелері жойылады. Түсуші сол тестілеуге және ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.
Мен жадынамамен таныстым және наразылық білдірмеймін.
Рұқсаттамадағы мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Түсушінің қолы
__________________________________

Кесу сызығы

Ұлттықбірыңғайтестілеуөткізупункті/Базалықжоғарыоқуорны _________________________
РҰҚСАТТАМАТҮБІРТЕГІ
Тестіленушініңжекекоды:
Т.А.Ә. (барболғанжағдайда)
Жекесәйкестендірунөмірі/Туғанкүні
Мөрорны
Білім беру бағдарламалары тобының коды:
Тестілеу тапсыру тілі:
Пәндері:
1)
2)
3)
4)
5)
Тестілеу күні:
Басталу уақыты:
Лек:
Өткізу орны:
Мекен-жайы:
Ғимарат: Аудитория:
Білім беру ұйымы басшысы/Желілік жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы: ________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының www. tes tcen ter. kz сайтында жарияланады

Түсушіге жадынама:
Түсушіде өзімен бірге тестілеуге кіру рұқсаттамасы және жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (жеке куәлік немесе паспорт) болуы қажет. Жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ түсуші мектепті ағымдағы жылы бітіргені туралы фотосуреті бар анықтама береді. Құжаттардың біреуі болмаған жағдайда түсуші тестілеуге жіберілмейді.
Түсушіге ғимаратқа төмендегі тыйым салынған заттарды: ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған ұялы байланыстар, оның ішінде пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқаларды алып кіруіне рұқсат етілмейді.
Түсушіге рұқсат берілмейді:
1) аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
2) сөйлесуге, орын ауыстыруға;
3) аудиториядағы немесе компьютер класындағы калькуляторларды есептемегенде, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, түзету сұйықтығын және мобильдік байланыс құралдарын пайдалануға;
4) тестілеу материалдарымен алмасуға;
5) тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға;
6) тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждау арқылы бүлдіруге;
7) корректор сұйықтығын қолдануға, беттерді жыртуға, бояу қарастырылмаған секторларды (жауап парағының нөмірі) бояуға.
Түсуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда, Министрлік өкілі акт жасай отырып түсушіні тестілеуге кіргізбейді және (немесе) аудиториядан шығарады, түсушінің тестілеу нәтижелері жойылады. Түсуші сол тестілеуге және ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.
Мен жадынамамен таныстым және наразылық білдірмеймін.
Рұқсаттамадағы мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Түсушінің қолы
__________________________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады