БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16331 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерін қамтамасыз етуге арналғанға телекоммуникациялар желісіне таралмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, серверлік үй-жайлар (деректерді өңдеу орталықтары), телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүйелері;
4) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;
5) мемлекеттік органның архитектурасы – мемлекеттік органның міндеттерін, функцияларын, ұйымдық құрылымын, электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын және олардың өзара байланысын қоса алғанда, оның ағымдағы және жоспарланатын жай-күйінің сипаттамасы;
6) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
7) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы – сыныптауышқа сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді жүзеге асыруға және ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе болып табылады;
8) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
2-тарау. Операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібі
4. Мемлекеттік орган "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін (бұдан әрі – Объект) Тізбеге енгізу үшін төмендегі құжаттарды ұсынумен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтінішті уәкілетті органға жібереді:
1) ақпараттық жүйені енгізу кезінде:
ақпараттық жүйенің сипаттамасы;
техникалық құжаттаманың көшірмесі;
өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы құжат;
ақпараттық жүйеде тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәлімет;
осы ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесі, не мемлекеттік органдардың осы ақпараттық жүйе арқылы автоматтандырылатын функциялар тізбесі;
ақпараттық жүйені пайдаланылатын мемлекеттік органдар саны және ақпараттық жүйе енгізілген объектілер (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер) саны;
ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі аттестатының көшірмесі (ақпараттық жүйе даму сатысында болған жағдайда мерзімі өтіп кеткен аттестат);
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін таңдау өлшемшарттарына (бұдан әрі – Өлшемшарттар) ақпараттық жүйенің сәйкестігі туралы ақпарат;
2) АБК-ны енгізу кезінде:
АБК суреттемесі;
АБК техникалық сипаттамасы;
АБК тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәлімет;
мемлекеттік органның пайдаланушылары АБК арқылы өзара іс-қимылда болатын ақпараттық жүйелердің тізбесі;
әрбір бөлімше (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер) бойынша АБК пайдаланушыларының түпкілікті санын көрсетумен АБК-ны пайдаланатын мемлекеттік органның, оның ішінде аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің тізімі;
мемлекеттік органда пайдалануға рұқсат берілген бағдарламалық қамтылымның тізімі;
АБК-ның Өлшемшарттарға сәйкестігі туралы ақпарат.
5. Уәкілетті орган мемлекеттік орган ұсынған құжаттарды өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексереді және оларды объектінің мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынысты беру, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналасқан объектілер туралы мәліметті ұсыну үшін сервистік интеграторға жібереді.
6. Сервистік интегратор өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде объектінің мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынысты, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналасқан объектілер туралы мәліметті уәкілетті органға береді.
7. Уәкілетті орган объектіні мынадай негіздер бойынша енгізуден бас тартады:
1) егер объект Өлшемшарттарға сәйкес іріктеу қорытындысы бойынша үш және одан астам балл алмаса. Бұл ретте, әрбір өлшемшартта минимум бір балл алу қажет;
2) объектінің мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкес болмауы. Бұл ретте, мемлекеттік органда архитектураның болмауы объектіні Тізбеге енгізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
8. Уәкілетті орган бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдайды және өз шешімі туралы мемлекеттік органға хабарлайды:
1) объектінің Тізбеге енгізілуі туралы;
2) бас тарту себептерін көрсетумен объектіні Тізбеге енгізуден бас тарту туралы.
9. Объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынумен қабылданған шешім туралы операторға хабарлайды.
10. Уәкілетті орган объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім негізінде тиісті бұйрық әзірлеу мен қабылдау жөніндегі рәсімді жүзеге асырады.
11. Тізбеге енгізілген объектіні пайдалану тоқтатылған жағдайда мемлекеттік орган осы объектіні Тізбеден алып тастау үшін уәкілетті органға хабарлайды.
Операторға бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесіне енгізуге ӨТІНІШ
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектісінің атауы) сұрайды.
____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), қолы, күні)
Мөр орны
Операторға бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін іріктеу өлшемшарттары
р/с | Өлшемшарт атауы | Нұсқалар | |
1. | Ақпараттық жүйенің ауқымы және (немесе) аппарат-бағдарламалық кешен (бұдан әрі - АБК) | ||
1.1. | Бірден астам орталық мемлекеттік органның (бұдан әрі - ОМО) қызметкерлері ақпараттық жүйенің және (немесе) АБК тіркелген пайдаланушылары болып табылады | 1 | 0 |
1.2. | Бір ОМО-ның барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарының және аумақтық бөлімшелерінің (бар болған жағдайда) қызметкерлері ақпараттық жүйенің және (немесе) АБК тіркелген пайдаланушылары болып табылады | 1 | 0 |
1.3. | Бірден астам ОМО ақпараттық жүйесі деректер алу үшін осы ақпараттық жүйемен интеграцияланған және деректерді тұрақты негізде қолданады | 1 | 0 |
1.4. | Бір ОМО–ның ведомстволық бағынысты ұйымдарының және 16 аумақтық бөлімшенің (бар болған жағдайда) ақпараттық жүйесі деректер алу үшін осы ақпараттық жүйемен интеграцияланған және оларды тұрақты негізде қолданады | 1 | 0 |
2. | Ақпараттық жүйенің және (немесе) АБК санаты | ||
2.1. | Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК азаматтар және олардың мүлкі туралы деректердің жекелеген санаттары үшін эталондық сақтау орны не сақтау құралы болып табылады | 1 | 0 |
2.2. | Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК мемлекеттік қызметті алу кезінде азаматтардан талап етілетін басқа да бастапқы деректерді эталондық сақтау орны не сақтау құралы болып табылады | 1 | 0 |
2.3. | Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК үштен астам электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін жұмыс істейді немесе ол үшін жағдай жасайды | 1 | 0 |
2.4. | Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаларының жабық кілттерімен ақпарат тасушыларды пайдаланумен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын және оларды санкциясыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді | 1 | 0 |
2.5. | Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай көлік ортасында жұмыс істейді | 1 | 0 |
3. | Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК пайдаланушыларының саны | ||
3.1. | Ақпараттық жүйеде 1000-нан астам тіркелген белсенді пайдаланушы бар | 1 | 0 |
3.2. | Ақпараттық жүйедегі және (немесе) АБК-дағы бастапқы деректерді 100 000-нан астам адам пайдаланады | 1 | 0 |
3.3. | Ақпараттық жүйеге және (немесе) АБК-ға Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік қызметкерлерінің кемінде 50 %-ы қосылған | 1 | 0 |
3.4. | Мемлекеттік органның барлық пайдаланушысы АБК құрауыш компоненттерін пайдаланады | 1 | 0 |