"Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21311 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13792 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларында:

      1, 2 және 3-бөлімдердің атаулары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. Жекелеген тауар нарықтарында уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу";

      "3-тарау. Нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабына сәйкес әзірленді және жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу тәртібін айқындайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны белгілеу үшін нарық субъектілері белгіленген мерзімде монополияға қарсы органның ведомствосына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің өзіндік құнында ескерілетін шығыстарды негіздейтін құжаттар;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша бухгалтерлік баланс (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15384 болып тіркелген);

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша пайда мен шығындар туралы есеп (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15384 болып тіркелген);

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 17 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша еңбек жөніндегі есеп (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 ақпанда № 20021 болып тіркелген);

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 14 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қаржы-шаруашылық қызмет туралы есеп (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 20008 болып тіркелген);

      6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15384 болып тіркелген);

      7) тұтастай кәсіпорын бойынша және әрбір түр бойынша жеке шығындар баптарын таратып жазып, босату бағаларын есептеу үшін қабылданған кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректер;

      8) шикізат пен материалдар шығысының қолданылатын нормалары туралы мәліметтер;

      9) инвестициялық бағдарламалар (болған жағдайда);

      10) ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын шығындардың жылдық сметасы;

      11) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдерін көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың есептемелері;

      12) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізудің нақты және жоспарланатын көлемін растайтын құжаттар;

      13) бекітілген штат кестесі.

      Бұл ретте, негіздеуші материалдар ретінде құжаттарды беру алдындағы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтізбелік жыл ішіндегі нақты деректер ұсынылады.".

      2. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады