"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 210 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20661 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 20 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 қазаны № 427 Қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 210 бұйрығына 3-қосымша |
2020-2021 оқу жылына PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Даярлау бағытының коды және атауы | Білім беру бағдарламасы тобының коды | Білім беру бағдарламалары тобының атауы | Орын саны |
8D01 Педагогикалық ғылымдар | |||
8D011 Педагогика және психология | D001 | Педагогика және психология | 34 |
8D012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы | D002 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы | 1 |
8D013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау | D003 | Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау | 22 |
8D014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтерін даярлау | D005 | Дене шынықтыру педагогтерін даярлау | 4 |
8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау | D010 | Математика педагогтерін даярлау | 27 |
D011 | Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) | 19 | |
D012 | Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) | 29 | |
D013 | Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) | 14 | |
D014 | Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) | 14 | |
D015 | География педагогтерін даярлау | 14 | |
8D016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтерді даярлау | D016 | Тарих педагогтерін даярлау | 19 |
8D017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау | D017 | Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау | 32 |
D018 | Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау | 30 | |
D019 | Шет тілі педагогтерін даярлау | 22 | |
8D018 Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау | D020 | Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау | 13 |
8D019 Арнайы педагогика | D021 | Арнайы педагогика | 27 |
Барлығы | 321 | ||
8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | |||
8D022 Гуманитарлық ғылымдар | D050 | Философия және әдеп | 21 |
D051 | Дінтану және теология | 11 | |
D053 | Тарих және археология | 38 | |
D054 | Түркітану | 5 | |
D055 | Шығыстану | 12 | |
D052 | Исламтану | 4 | |
8D023 Тілдер және әдебиет | D056 | Аударма ісі, ілеспе аударма | 6 |
D060 | Филология | 48 | |
D059 | Шетел филологиясы | 13 | |
D057 | Лингвистика | 12 | |
D058 | Әдебиет | 33 | |
Барлығы | 203 | ||
8D03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат | |||
8D031 Әлеуметтік ғылымдар | D061 | Әлеуметтану | 30 |
D062 | Мәдениеттану | 13 | |
D063 | Саясаттану және конфликтология | 34 | |
D064 | Халықаралық қатынастар | 11 | |
D065 | Аймақтану | 14 | |
D066 | Психология | 17 | |
8D032 Журналистика және ақпарат | D067 | Журналистика және репортер ісі | 8 |
D069 | Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі | 3 | |
Барлығы | 130 | ||
8D04 Бизнес, басқару және құқық | |||
8D041 Бизнес және басқару | D072 | Менеджмент және басқару | 14 |
D071 | Мемлекеттік және жергілікті басқару | 32 | |
D070 | Экономика | 45 | |
D073 | Аудит және салық салу | 5 | |
D074 | Қаржы, банктік және сақтандыру ісі | 12 | |
D075 | Маркетинг және жарнама | 7 | |
8D042 Құқық | D078 | Құқық | 30 |
Барлығы | 145 | ||
8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика | |||
8D051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар | D080 | Биология | 60 |
D082 | Биотехнология | 38 | |
D081 | Генетика | 4 | |
D083 | Геоботаника | 10 | |
8D052 Қоршаған орта | D084 | География | 10 |
D085 | Гидрология | 11 | |
D086 | Метеорология | 10 | |
D087 | Қоршаған ортаны қорғау технологиясы | 23 | |
8D053 Физикалық және химиялық ғылымдар | D089 | Химия | 58 |
D090 | Физика | 65 | |
8D054 Математика және статистика | D092 | Математика және статистика | 46 |
D093 | Механика | 11 | |
Барлығы | 346 | ||
8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | |||
8D061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | D094 | Ақпараттық технологиялар | 94 |
8D062 Телекоммуникациялар | D096 | Коммуникация және коммуникациялық технологиялар | 17 |
8D063 Ақпараттық қауіпсіздік | D095 | Ақпараттық қауіпсіздік | 25 |
Барлығы | 136 | ||
8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | |||
8D071 Инженерия және инженерлік іс | D097 | Химиялық инженерия және процестер | 45 |
D101 | Материалтану және жаңа материалдар технологиясы | 9 | |
D099 | Энергетика және электр техникасы | 21 | |
D100 | Автоматтандыру және басқару | 21 | |
D103 | Механика және металл өңдеу | 30 | |
D102 | Роботты техника және мехатроника | 28 | |
D105 | Авиациалық техника және технологиялар | 3 | |
D107 | Ғарыштық инженерия | 11 | |
D108 | Наноматериалдар және нанотехнологиялар | 10 | |
D109 | Мұнай және кен геофизикасы | 6 | |
D098 | Жылу энергетикасы | 15 | |
D104 | Көлік, көліктік техника және технология | 10 | |
8D072 Өндірістік және өңдеу салалары | D111 | Азық-түлік өнімдерінің өндірісі | 18 |
D114 | Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары | 7 | |
D119 | Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | 15 | |
D121 | Геология | 25 | |
D117 | Металлургиялық инженерия | 21 | |
D116 | Тау-кен инженериясы | 17 | |
D115 | Мұнай инженериясы | 15 | |
8D073 Сәулет және құрылыс | D122 | Сәулет | 15 |
D123 | Геодезия | 13 | |
D124 | Құрылыс | 13 | |
D125 | Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі | 10 | |
D128 | Жерге орналастыру | 10 | |
8D074 Су шаруашылығы | D129 | Гидротехникалық құрылыс | 3 |
8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) | D130 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) | 7 |
Барлығы | 398 | ||
8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар | |||
8D081 Агрономия | D131 | Өсімдік шаруашылығы | 42 |
8D082 Мал шаруашылығы | D132 | Мал шаруашылығы | 12 |
8D083 Орман шаруашылығы | D133 | Орман шаруашылығы | 6 |
8D084 Балық шаруашылығы | D134 | Балық шаруашылығы | 3 |
8D087 Агроинженерия | D135 | Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету | 5 |
D136 | Автокөлік құралдары | 5 | |
8D086 Су ресурстары және суды пайдалану | D137 | Су ресурстары және суды пайдалану | 15 |
Барлығы | 88 | ||
8D09 Ветеринария | |||
8D091 Ветеринария | D138 | Ветеринария | 25 |
Барлығы | 25 | ||
8D11 Қызмет көрсету | |||
8D111 Қызмет көрсету саласы | D143 | Туризм | 5 |
8D112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау | D146 | Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар | 4 |
8D113 Көлік қызметтері | D147 | Көлік қызметі | 3 |
D148 | Логистика (сала бойынша) | 5 | |
8D114 Әлеуметтік қамсыздандыру | D142 | Әлеуметтік жұмыс | 6 |
Барлығы | 23 | ||
Жиыны | 1815 | ||
"Назарбаев Университеті" ДБҰ | 65 | ||
Жиыны | 1880 |